Білгірлер сайысы

«Білгірлер сайысы»
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын,
таным белсенділігін арттыру ; математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру,
қарым- қатынасты дамыту.
Сайыс шарттары:
1. Таныстыру( төс белгі, ұран, сәлемдесу)
2. Үй тапсырмасы (Сөзжұмбақ шешу. )
3. «Білімділер озады» (Сұрақтарға жауап)
4. Сандарда бар бір қасиет.
5. Көп ойлан, сөз ойла! (Топ басшыларының сайысы)
6. Ойымды жалғастыр, Сыңарын тап. (Мақал- мәтелдер сайысы)
7. Математикалық жұмбақтар.
Барысы:
Армысыздар ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер. Ортаға 6 а сынып оқушыларынан «Ақбота» тобын және 6 ә сынып оқушыларынан «Кенгуру» тобын шақырамыз. Сайыс шарттарымен таныс болсақ сайысымызды бастаймыз.
1 Таныстыру. Ортаға әр топ өздерін таныстырып өтсе.
2 Үй тапсырмасы. Әр топ сөзжұмбақ дайындап келіпті. Олай болса сәттілік тілейміз. Уақыт 5 минут.
3 «Білімділер озады» Бұл бөлімде әр топқа 5 сұрақтан беріледі, әр сұрақ 1 ұпай.
«Ақбота» тобының сұрақтары.
- 0, 2, 4, 6, 8 цифрларын қандай цифрлар дейміз?2. Шеңбердің диаметрі 6 см, радиусы қанша?3. Өлшемі 90 градустан кіші бурыш?4. Қандай сандардың қосындысы да, көбейтіндісіде 6-ға тең?5. Бүтін сандар жиыны.
- «Кенгуру» тобының сұрақтары.
1, 3, 5, 7 цифрларын қандай цифрлар дейміз ?
2. Шеңбердің бойындағы нүктені оның центрімен қосатын кесінді?
3. Өлшемі 90 градустан үлкен бұрыш қалай аталады?
4. Бірдей 3 цифрмен жазылған үштаңбалы сан 3-ке де, 37-ге бөлінеді . Сол санды табыңдар?
5. Рационал сандар жиыны.
4 бөлім. Сандарда бар бір қасиет. Әр топ бір сан таңдап алады, сол санға байланысты қандай қасиетті сөздер білесіңдер. Қай топ көп сөз айтса сол топ жеңіске жетеді.
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қазына: Ер қазынасы - жүрген із, Ел қазынасы - көне сөз, Тіл қазынасы - ескі сөз
Үш мақсат: Саудагер мақсаты - ұту, жол мұраты - жету, дау мұраты - біту
Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті
Үш қадірлі : ырыс, бақ, дәулет
Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар
Үш кемшілік: атың шабан болса - жалғанның азабы,
алғаның жаман болса - дүниенің тозағы,
балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы,
айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ,
жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ
Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты
Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім, Аққу-қазсыз көл жетім, Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса - Бәрінен де сол жетім.
5 бөлім. Көп ойлан, сөз ойла. Топ басшыларын ортаға шақырамыз.
Рнкөе нса
убк сеүл
өейткуб нбітү
твкарда лөмбі
асарла уқсо
лфароума зйтауа
иретпрем днауа
шбеөкл нқыодсы
6 бөлім. Ойымды жалғастыр, сыңарын тап. Мақал-мәтелдер сайысы.
Жеті жұрттың тілін біл, . . .
Білекті бірді жығар, . . .
Екі жақсы қас болмас, . . .
Досыңды үш күн сынама, . . .
Бір елі ауызға- . . .
Жүз теңгең болғанша, . . .
Отыз тістен шыққан сөз, . . .
Білгенің бір тоғыз, . . .
Бір кісі қазған құдықтан, . . .
7 бөлім. Математикалық жұмбақтар.
1. Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар осында.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң теріс сандар осында.
2Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай.
- Айқасқан екі таяқТұрады жоқты сұрап.
- Жиырма төрт батыр, Бірін-бірі жеп жатыр
- 5. Екі аяқты, бір ізді, Үстіне адам мінгізді.
- 6. Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек, Шіңкілдек жүр шіңкілдеп. Сенімен бірге жүрем деп. Әр тоңқылдаққа діңкілдеп, Тоқылдақ жүр күңкілдеп.
- 7. Ол оқушы құралы, Қатеңді түзеп тұрады.
- 8. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді, Дегенменен тұмсығынан өледі
- 9. Күшіне сенген бір мықтыЖығып салды сегізді.
- . Бір түзуге тиісті емес3 нүктеден тұрамын. Оларды тізбектей3 кесіндімен қосамын. Сонда мен қандай фигура боламын.
8. Шығармашылық жұмыс. 9 шырпыны пайдаланып 5 үшбұрыш құрастыру.
Қорытынды. Марапаттау. Сау болыңыздар!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz