Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәкаппар

Өскемен қаласы, <<Мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған <<Алтын дән балабақша-мектебі>>КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Баймухаметова Гулнар Ахмедқызы

Сабақтың тақырыбы:Тәкаппар
Мақсаты:1.Білімділік: оқушыларға негізгі ойды,идеяны ұғындыру;
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөз тіркестерді пайдалана отырып,
байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру ;мәнерлеп оқу
дағдыларын жетілдіру; сөздік қорларын арттыру.
3. Тәрбиелік:Оқушыларды жаман қасиеттерден аулақ болуға,
Отанын, туған - жерін сүюге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:АКТ,слайд,видео,бағдаршам.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:топтық,жұптық,әңгімелеу
Қолданылатын модульдер:аквариум әдісі,Т - кестесі, галлереяны шарлау, Венн диаграммасы,ТРИЗ,СТО,семантикалық карта
Жүру барысы:
I.Қызығушылықтарын ояту.
Шаттық шеңбері:
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай аламын,
Ізгі,әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер дереу сонда жан-жағым.
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Е.Ерботиннің <<Даңғой>> мысалын <<аквариум>> әдісі арқылы тексеру.(топпен жұмыс)
-Е. Ерботин <<Даңғой>> мысалы арқылы адам бойындағы қандай қасиеттерді бере білген ? (мақтаншақтық)
- Адам бойында тағы қандай қасиеттер бар?
-Қасиеттерді қандай екі топқа бөлуге болады?(жағымды,жағымсыз)

Т-кестесін толтыру

Жағымды Жағымсыз

Әдепті өтірікші
Мәдениетті мақтаншақ
адамгершілік еріншік
тәртіпті жалқау
еңбекқор

<<Галлереяны>> шарлау (салынған қияр суреттеріне оқушылар өз тілектерін жазады)
III.Мағынаны ашу
-Осы қасиеттерден басқа адам бойында тағы қандай қасиеттер бар екенін, оны мына сөзжұмбақ арқылы анықтаймыз.
т
ә
к
а

п
п
р
а

1.Оспанхан Әубәкіровтың ертегісі не жайлы?( Сүт)
2.Арабтың <<ассалам>> сөзі қандай мағына береді? (Сәлем)
3.Ы.Алтынсариннің <<Салақтық>>әңгімесіндегі кейіпкер жігіттің есімі кім? ( Керім)
4.Е.Ерботиннің мысалы қалай аталады?( Даңғой)
5.Сәлем беру де-....... (Парыз )
Сәлем алу да-.........
6.....елдің баласы (Әдепті)
Алыстан сәлем береді.
7....... болам десеңіз (Адам)
8.Даңғой мысалы не жайлы?( Қияр )

Дәптермен жұмыс
<<Тәкаппар>>-өзімшіл, менсінбеушілік.
-Ендеше бүгін біз Шона Смаханұлының <<Тәкаппар>> мысалымен танысамыз.
Шона Смаханұлы 1924 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында туған.Ұлы Отан соғысына қатысқан. <<Мектеп баспасында>>, <<Қазақстан мұғалімі>> газетінде,ара журналында жұмыс істеді.Шона Смаханұлы-атақты сықақшы.Балаларға арнап көптеген кітаптар жазған. Ол кісі қазақ тілінің жанашыры.(дарынды оқушымен жұмыс)
Мысалмен таныспас бұрын <<Теңіз әлеміне>> саяхат жасайық.(видео көрсету)

-Теңіз әлемінде ,яғни су астын көптеген тіршілік иелері мекен етеді екен.Олар-балықтар.Қане балықтар дегенде ойымызға не келеді?

Суда болады (жұппен жұмыс)
балық
су астындағы шөппен қоректенедіҚана
ты желбезегі

қармақпен аулайды
Сергіту сәті

Көп балықтар жүзеді
Мөлдір таза суларда
Бірде иіледі,бірде жазылады
Демалады жағада.

<<Тәкаппар>> мысалымен танысу.
Ендеше теңіз әлеміндегі балықтардың ішінде бір тәкаппар балық болыпты. Қане,сонымен танысайық. (видео көрсету)

Оқушыларға оқыту.
-қатты дауыстап
-ақырындатып
-баяулатып
-іштей
Толықтай мысалды оқу.
Балықтың 1 сөзі
Балықтың 2 сөзі.

Көзге арналған электронды сергіту сәті.

Шығармашылық жұмыс

1.<<Тәкаппар>>балықты бейнелеу (2оқушы)
2.Мысалдарды салыстыру(4 оқушы) (Венн диаграммасы)

мысал
тәкаппар
даңғой
Ерботин Ш.Смаханұлы
қияр балық

мақтаншақ өзімшіл

3.Монолог <<балық>> болып сөйлеу. (ТРИЗ әдісі, 2 оқушы)
4. <<Тәкаппар балыққа хат>>(4 оқушы)

IV.Ой толғаныс
Мақалмен аяқтау: <<Балық сүйексіз болмас, Адам қателіксіз болмас>>
Яғни, әр адам баласы қателеседі, бірақ сол жіберген қатені дер кезінде біліп, жоюға тырысу керек.
Семантикалық карта толтыру

Авторы

Мысал дың аты

Кейіпкер

Не туралы?

Бағдаршам
Топ басшыларының бағалауы.
Өз-өздерін бағалау.
Мұғалімнің бағалауы

Үйге тапсырма: <<Тәкаппар>> мысалын қара сөзбен әңгімелеу.

Өскемен қаласы әкімдігінің <<Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған
<<Алтын дән>> мектеп-балабақша кешені КММ

Ана тілі <<Тәкаппар>>
2 сынып

Баймухаметова.Г.А

Өскемен қаласы,2014-2015ж

Ұқсас жұмыстар
Шона Смаханұлының Тәкаппар мысалы
Ш.смаханұлы "тәкаппар"
Сабақ барысы. Сабақ барысын талқылау
Дүниені дүбірлеткен дүлділім
Мейірімді болайықшы бауырлар
Арыстан мен қозы
Табиғат пен климаттың ұлттық мінезге әсері бар ма Ұлттық мінез
Сырдария өлеңі
Әдеміліер әлемінде
Адал достық
Пәндер