Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра Сілтеме

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Архарлы орта мектебі

Мамырбаева Жанар Елгондиновна

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Қысқа мерзімді жоспар

5-9 сынып
Сыныптан тыс сабақ
5-9 сынып: Сабақ тақырыбы
Сыныптан тыс сабақ: Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра
5-9 сынып: Сілтеме
Сыныптан тыс сабақ:

Л. Выготский ЖАДА, Мерсер СТО

Александер (2008) Диалог негізінде оқыту

5-9 сынып: Жалпы мақсаты
Сыныптан тыс сабақ: Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра жайлы түсініктерін ерекшелігін қалыптастыру, өз ойын ашық, нақты айтуға, өзгенің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
5-9 сынып: Оқыту нәтижесі
Сыныптан тыс сабақ: Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра туралы түсінеді, топпен жұмыс жасай алады, диалогқа түсе білуге дағдыланады.
5-9 сынып: Негізгі мақсаты
Сыныптан тыс сабақ:

-Топты ұйымдастыру, тапсырмаларды талдайды.

-Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады.

-АКТ-ны меңгереді, бірін-бірі бағалайды.

-Өз бетімен ізденеді, топпен жұыс жасауға бейімделеді.

5-9 сынып:

Тапсырмалар

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

Сыныптан тыс сабақ:

Мұғалім сөзі: Бүінгі "Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра " атты сыныптан тыс сабағыма қош келдіңіздер!

Ана тілі-біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап бағып -қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз. -деп бүгінгі сабағымда 2топқа 6- тапсырма бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.

Шаттық шеңбері. Топқа бөлу . Түрлі-түсті қағаздар арқылы бөлемін. Топ ережесін құру. Постермен жұмыс. Әр топ өз ережесін құрады.

І-тапсырма Әр топқа 4сұрақтан беріледі, дұрыс жауапқа 10ұпай

І-топқа 1сұрақ. Фонетика нені зерттейді? Тіл дыбыстарын. Дауысты және дауыссыз дыбыстар

2. Қазақтың бас ақыны кім? Абай

3. Омонимдер дегеніміз не? Жазылуы дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі

4. Зеңгібаба қай малдың пірі? Сиырдың

ІІ-топқа 1-сұрақ. Лексика нені зерттейді? Сөз мағынасын, сөздердің жиынтығын.

2. Қазақ балалар әдебиетінің атасы кім? Ы. Алтынсарин

3. Синонимдер дегеніміз не? Жазылуы, дыбысталуы әртүрлі, бірақ мағыналары жақын сөздер.

4. Ойсылқара қай малдың пірі? Түйенің

ІІ-тапсырма Слаид

Берілген сөздерге мақал құрап айтады

1-топқа Адам -Адам сұлулығы шынайылығында

Ұят - Өлімнен ұят күшті

Еңбек -Еңбек етсең емерсің

Білім -Білімді адам тілін билей алады

Түйе -Түйе жүктен қашып кете алмас

2-топқа Достық -Досы жоқ адам тұзы жоқ тағам

Өнер -Өнерлінің өрісі ұзақ

Ақыл -Ақылды қл білім іздер, ақылсыз шылым іздер

Молда-Дүмше молда дін бұзар, қисық арба жол бұзар

Батыр -Батырдан сауға, мергеннен сыралғы

ІІІ-тапсырма Мәнерлеп оқу. Жаттаған өлеңдерін оқып талдайды

ІV -тапсырма. Топ басшысы шығып берілген сөздерді атын айтпай мимикамен түсіндіреді өз тобы жауабын табу керек.

V-тапсырма. Жұмбаққа кезек берейік.

1. Сүйексіз ғып жаратқан, елді аузына қаратқан (тіл)

2. Бір ғажап бар тілі жоқ, сөйлесем десең міні жоқ. (кітап)

3. Бір құтыда екі түрлі су жатады, қайнатсаң мұз боп қатады. (Жұмыртқа)

4. Кеудесінде жаны жоқ, тамырында қаны жоқ,

Май жейді, су ішеді. (машина)

Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді(хат)

5. Ішінде толып жатқан қазына бар,

Қорек қып пайдаланар барлық жұрт (кітап)

6. Мұрты бар, сақалы жоқ, тоны бар, шапаны жоқ (мысық)

7. Қар астында қыстады, жасылмен бөркін тыстады (жер)

8. Мұрынсыз шымшық, мұз теседі (тамшы)

VІ-тапсырма. Слаид

Әр топқа слаидтан сөзжұмбақтарды

көрсету арқылы шешеді.

Постермен жұмыс

"Туған тілім-жүрек үнім"

Берілген тақырыпта өз ойын жеткізу

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\111111111\d0bad0b0d0b7d0b0d0ba-d182d0b8d0bbd0b8.jpg

5-9 сынып: Сергіту сәті
Сыныптан тыс сабақ: Бала Жамбылдың видеосын тыңдату
5-9 сынып: Бағалау әділқазылар алқасына беріледі
Сыныптан тыс сабақ:
5-9 сынып: Рефлексия
Сыныптан тыс сабақ: Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазу
5-9 сынып: Қорытынды
Сыныптан тыс сабақ:

О, шіркін менің тілім тұйық тұрса

Күллі әлем мен сөйлесем ұғып тұрса

Жер-жердің бәрі көшіп қазақшаға

Картаны байырғы ұғым толықтырса- деп бүгінгі Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра атты сабағыма қатысып, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі. Орыс тілі
Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра
Тіл туралы
Іскерлік қарым-қатынас және сөз әдебі,ерекшеліктері
Этнографтар тобы
Ұлттық тұрғыдағы тәрбие
Тіл ұлттың қасиетті белгісі
Шешендік дау
Халықтық педагогика
М.әуезов және жалпыадамзаттық құндылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz