4-сынып оқушылары арасындағы Сыр сандық сайысы: ұлттық дәстүр мен тапқырлықты дамыту

Тақырыбы; « Сыр сандық»
Түрі : Сайыс түрінде.
Мақсаты ; Білімділігі ; Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ баласының бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылығы ; Әр баланың бойындағы қабілеттерін ойлау, әртүрлі жағдайлардан шыға білу, тапқырлыққа білімділікке баули отырып ой өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі ; Ата салтын ардақтап өз елін сүйетін нағыз қазақ баласының қасиетін бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі ; Сұрақ, жауап, слайд, жұмбақ.
Сабақ барысы;
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар және ұстаздар!
Бүгінгі 4 сынып арасында өткелі жатқан « Сыр сандық» сайысына қош келдіңіздер.
Жиналған мерекеге бүгін халық қарасын біздің жаққа көзін салып, сайыскер топтарымыз келіп қалды, өнер мен тапқырлығын қатар алып, - деп топтарымызды ортаға шақырамыз.
1 топ « Барыс»
2 топ «Жеңіс туы»
3 топ « Бірлік»
4 « Сұңқар»
Өнерпаз өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
1. Адильгереева Ж
2. Садыкова Ж
3. Ходжахметова С
4. Жұматаев Ж
-Әділқазылар алқасысымен таныс болдық.
Енді сайысымыздың талаптарымызбен танысып өтейік.
1 -« Сұрақ - жауап»- слайд бойынша ұяшықтан ашылған сұрақтарға жауап береді.
2-«Кім тапқыр?»- мақалды аяқтау, жұмбақты шешу.
3-«Мықты болсаң тауып көр»- теледидардан көрсетілген көріністің мағынасын түсіндіру.
4-«Сен білесің бе?»- ескірген сөздердің мағынасын шешу.
- Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек оқуменен білімге,
Бұл сыннан өтсең егер сүрінбей,
Өтерсің сен 2-ші айналымға күлімдей - деп бірінші айналымды бастаймыз.
- Балалардың жауабы.
- Әділқазылар алқасы 1айналымның бағасын береді.
Ал тыңдаңдар тыңдаңдар
Асығыстық қылмаңдар
Асықпайық дегенге
Көп ойланып қалмаңдар - дей отыра « Кім тапқыр»атты 2-айналымға өтейік.
- Балалар сандықтан алынған сұрақтарға толықтай жауап береді.
- Әділқазылар алқасы бағасын береді.
- Ақыл білім жастарда
Сөз беремін жастарға
Бізде қызық ойын бар
Барлығын ден қойындар. .
Қандайда қиын жағдайда
Шешімін таппай қоймаңдар!!! - деп сайысымыздын « Мықты болсаң тауып көр» 3 айналымына өтеміз.
- Балалар талаптарды орындайды.
- Әділқазылар алқасы бағасын береді.
Қайсысы білгір білімді
Талабына қарайсың
Кімдер зерек, кім жылдам?
Талаптыларын табайық! - дей келе сайысымыздың « Сен білесіңбе?» атты соңғы бөліміне өтейік. Ал енді сайыскерлеріміздің бұл бөлімнен қалай өтетінін көрейік.
- Балалардың жауабы.
- Әділқазылар алқасы бағасын береді.
Осымен бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасы әділ бағасын шығарғанға дейін кезекті әнге берейік.
Ән: «Анашым». Орындайды: Сарсенбаева Әсемхан
Ән: « Елім менің». Орындайтын: Ақбура Бауыржан.
Ән: «Көңілді күн». Орындайтын:Базарбай Нұржайна
- Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші
Мықтысы деп мектептің жүрейікші
Қазыларға тек қана әділтікті
Ал топтарға сәттілік тілейікші - деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз берейік.
- Балалар марапатталады.