Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Тақырып Әдептілік-әдемілік

Тақырыбы: <<Әдептілік-әдемілік>>
Мақсаты:
1. Адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қасиеттерді айқындап, әдеп әліппесін білу.
2.Адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысын арттыру,асыл қасиеттерді бағалай білуге үйрену.
3.Қайырымдылық қасиеттерді дәріптеу.
Көрнекіліктер: инт.тақта, гүлдер, шарлар, конверттер, нөмірленген асықтар, қима қағаздар, маркер, плакат.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызды
Әдептілік, ар-ұят,
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез,тағы жат,
Надандықтың белгісі- деген сөздермен бастағалы отырмын.Ол үшін алдымен мына гүлдерді алып, бір-бірімізге тілек айтамыз. Енді осы гүлдердің түстеріне қарай топтарға бөлініп отырамыз.
Ендігі сөз кезегін өздеріңе беремін.
Әр топ <<Поэзия минутына>> өздерің білетін әдептілік туралы өлеңдерді мәнерлеп айтып беру керек.. Сонымен қатар әр топтың жұмысын <<Бағдаршам>> бойынша бағалап отырады.
Би. <<Қара жорға>>
Келесі тапсырма <<Ақыл әліппесі>> бойынша ұшып кеткен өлең сөздерінің жолдарын орнына ұйқастарып қою керек.Топ басшылары екі тапсырмадан алады.
1.Үлкендерді сыйлаймыз,
..........................................(Айтқандарын тыңдаймыз).
Кішілерге ағамыз,
..........................................(Құшаққа аламыз).
2. Әдептілік дегенің
..................................(Әрқашанда керегің).
Әсемпаздық дегенің
..................................(Әуре-сарсаң әлегің).
3. Қарсы ал ерте күн көзін,
...................................(Төсегіңді жина өзің).
Оқуда зерек бол!
...................................(Ұйқыда сергек бол!)
4. Жабырқауды білмейміз,
...................................(Жалқаулықты сүймейміз).
Біз талапты жас ұлан,
....................................(Үлгі аламыз жақсыдан).
5. Жақсылықтан үйреніп,
........................................(Боламыз біз жақсы адам).
Жамандықтан жиреніп,
.........................................(Үлгі аламыз жақсыдан).
6. Бөбектерді қуантып,
....................................(Құрметтейміз қарттарды).
Өнерге біз құмартып,
.....................................(Өсіреміз бақтарды).
Ән <<Ертегілер елінде>>
Мұғалім: Ал енді, балалар, <<Әдептілік-әдемілік>> еліне саяхатқа шығайық. Ол үшін әр топ басшылары асық нөмірлері бойынша аялдама тапсырмаларын алады және аялдаманың сұрақтарына жауап бере отырып, әр топ <<Топтастыру>> жасайды, ортаға шығып оны қорғайды.
1-аялдама: <<Сыпайылық>> аялдамасы. Сыпайылық деген не?
Жағдаят: Алдарыңнан аталарың шықты. Не істеу керек? Көрініс көрсету.
2- аялдама <<Сиқырлы сөздер>> деп аталады. Қандай әдептілік сөздерін білу керек?
Өз жауаптарын қорғап болған соң, салыстыра отырып,тақтадағы керекті мәліметтермен толықтырады.
1. Өзіңе көмектескен, керек затыңды берген, сыйлық тапсырған адамға және жолдасыңа - рахмет айт.
2. Тамақ ішіп отырғанда <<астарыңыз дәмді болсын>> айту керек, болған соң <<рахмет>> айт.
3. Біреу өзіңе <<рахмет>> айтса <<жақсы>> деп жауап бер.
4. Телефонға біреуді шақыруды өтінгенде <<рұқсат болса>> дегенді ұмытпа.
5. Байқаусызда біреуді қағып қалсаң <<кешіріңіз>> деу керек.
6. Сыныпқа кешігіп келсең, мұғалімнен кешірім-рұқсат сұра.
7. Мектептен қайтарда немесе қонақтан кетеріңде <<Сау болыңыздар>> дегенді ұмытпа.

3- аялдама <<Мектеп>> деп аталады. Бұл аялдамадағы ережелер туралы не айтасыңдар? Біз қандай болуымыз керек?
Енді өз жауаптарыңды тақтадағы ережемен салыстырып, керегін толықтырып жазып алыңдар.
Мектепте:
1. Мектепке мұқият киініп, жақсы үтіктелген киіммен, әдемі таранып, жақсы тазаланған аяқ киім киіп келу керек.
2. Мектепке әкелетін заттардың бәрін сөмкеге рет-ретімен салып қою қажет.
3. Мектепке уақытында кеішікпей келу керек. Мектепке кіргенде басқаларды итермеу керек.Олардың алдына түсіп кетуге тырыспа. Кірер алдында аяқ киімді жақсылап тазалап ал.
4. Ұл балалар мектепке кірерде бас киіммен шешіп қолына алуы керек.
5. Сыныпқа кіргенде бірінші мұғалімге, сонан соң жолдасыңа сәлем бер.
6. Егер сыныпқа үлкендер кіретін болса, бәріміз орынымыздан тұруымыз керек.
7. Сабақ кезінде тура қарап отыру керек. Сабақ үстінде жан-жаққа қарауға, бірімен-бірі сөйлесуге болмайды.
8. Тақта алдында түзу тұр. Тақтаға шығарда киіміңді түзеп алуды ұмытпа.
9. Партаны күт, сындырма, оған ештеңе жазба, жонба.
Енді <<Ойын>> аялдамасына келдік. Ойын <<Жалғасын тап>> деп аталады.
Мен бастаймын, сендер ілесе отырып, аяқтайсыңдар.
Үлкендердің алдынан .....
Кішкене баланы......
Құстарды .......
Сыныптың ішінде ......
Оқу құралдарын ......
Балалар, бізге <<Құпия хаттар>> келіпті. Әр топ осы хаттарды оқып, толық жауабын беру керек. Басқа топтарға қажет болса, толықтыруға болады.
1-хат. Тиіннен: <<Құрметті балалар! Менің көршімнің баласы бар. Өзі өтірікші. Ол маған күнде келеді. Менімен ойнағысы келеді. Мен онымен дос болайын ба?>> Жауап қандай болады? Маған көмектесіңдерші.
2-хат. Қояннан <<Құрметті достар! Менің досым бар. Ол өзі мақтаншақ. Ананы- мынаны айтып мақтана береді.Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен оның кей қылықтарын ұнатпаймын. Мен онымен дос болып қалайын ба? Маған қандай ақыл кеңес айтасыңдар?>> Не дейсіңдер?
3-хат: Кірпіден <<Менімен парталас бір бала бар. Ол ойнап-ойнап үй тапсырмасын орындамай келеді.Ал сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем маған <<сараңсың>> дейді. Мен не істеуім керек?>>
Қане, қандай ақыл айта аламыз? Ол үшін хаттарды топ басшылары келіп алады. Жауаптары тыңдалып, сарапталады.
Мақал - сайыс. Ал енді , балалар,адамгершілік, әдептілік, жақсылық туралы мақал-мәтелдер сайысына шығайық.
Мұғалім: Менің қолымда аялы алақандар бар. Осы алақан жылуынан <<күн>> құрастырайық. Ол үшін бір әдептілік сөз айтып, алақанды күн көзін айналдыра жапсырамыз.
Қорытындылау:
Біз бүгін не жайлы білдік?
Біз келешекте қандай болуымыз керек?
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Қолдарыңдағы <<жүрекшелерге>> ойыңды жазып, мына смайликтерге лайықтап жапсыра қойықдар.

Балалар, бұдан былай жақсылықтарымыз көп болсын. Әрбір істеріңе сәттілік тілеймін. Назар қойып тыңдағандарыңа, бірлесе істеген жұмыстарыңа көп рақмет.

Бастауыш сынып мұғалімі: Ибраева Б.Н.
Озерный орта мектебі

Ұқсас жұмыстар
Әдептілік- әдемілік . оқушыларды әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу
Әдептілік – әдемілік
Әдептілік тобы
Қыз бала одан
Саналы азамат болуға тәрбиелеу
Ізгілік тобы
Әдептілік - әдемілік жайлы ақпарат
Әдептілік туралы білім беру,білімдерін жетілдіру
Әдептілік - әдемілік туралы
Өзін тану арқылы айналадағы затты тану
Пәндер