Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ат пен есек

Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы Мақаншы ауылы
<<Найманбай атындағы орта мектебі>> кмм.
Бастауыш сынып мұғалімі Таурбекова Назигүль Ахмеджановна 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ат пен есек
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Мысалмен таныстыру арқылы негізгі ойды анықтауға мүмкіндік туғызу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтауын,логикалық ойлауын, белсенділігін,қызығушылығын,шығармашылық,зерттеушілік қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні:Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа,жанашырлыққа,мейірімділікке тәрбиелеу,жаман әдеттен жирендіру.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі:шығармашылық ізденіс сабақ.
Әдістері:Сұрақ-жауап,топпен жұмыс,хат жазу,мультик құрау,сахналау,зерттеу,талдау-жинақтау.
Көрнекілігі:маскілер,слайдтар,көрініс
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен, Армысың,ару күн!
Ақ ниетті тілекпен Армысыздар,қонақтар! 1
Амандасып алайық Армысың,қайырымды , дос!
Біз жадырап қалайық Бос өтпей әр күнің,
Біліміңе білім қос!
-Балалар бүгін ерекше күн,ерекше сабақ .Барлығыңа сәттілік тілеймін.Сендерден ерекше жауап,терең білім,шығармашылық жұмыстар күтем.
<<Ұшқыр ой>>
2.Үй тапсырмасын тексеру.
.Біз бүгінгі сабағымызда үш топпен жұмыс жасаймыз. 10
І-топ <<Баяндаушылар>>
ІІ-топ <<Зерттеушілер>> ІІІ-топ <<Әдебиетшілер
Үй тапсырмасын <<Үш қадамнан тұратын сұхбат>>әдісімен бастайық
<<Зерттеушілер>>-сұхбат алады.,
1.Оқиға қай елде болды? 2.Африка неге жатады?
3.Акула қандай балық? 4.Кемеде кімдер болды?
5.Екі бала не істеді? 6. Қарт артиллерист кім?
7.Акуланы кімдер көрді? 8.Балалар акуланы неге көрмеді?
9.Балалар қалай аман қалды?
<<Баяндаушылар>>-жауап береді.
<<Әдебиетшілер>>-жинақтаушылар
10. Осы тақырыптан өздеріңе не алдыңдар?Достарыңа не айтар едіңдер?
11.Екі баланың орнында болсаң не істер едің?
1.Бойыңа сенбе,ойыңа сен! 4.Сақтықта қорлық жоқ.
2.Сақтансаң ,сақтайды
3.Сумен ойнама-батарсың,
Отпен ойнама-күйерсің. Деген ескертулерді еске ұстап сақ жүруге,Әрқашан қауіпсіздік ережесін еске ұстауды үйрендік.
Жаңа сабақ: <<Қызығушылықты ояту>> . Үш топ жаңа сабақ мазмұнын ашады.
1.Ат жүрісі
2.Ат дауысы 3.Есек дауысы. Ат пен есек маскасын киген балалар келеді.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы <<Ат пен есек>>
СҰРАҚ: -Биыл қай жыл кірді.Жылқы.
Мұғалім.Ат пен есек мысалының авторлары орыс жазушысы И.А.Крылов өмірі. слайд-1.
Ал оны аударған Ы.Алтынсарин.Алтынсарин туралы біз білеміз.Ол кісінің кім екенін мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап білесіңдер.Сабақ барысында ол кісі туралы білімдеріңді көрсетесіңдер.
1.Бір оқушы оқу.2.Жаппай іштей оқу. 3.Тізбектей оқу.4.Сөздік жұмыс
Тапсырмалар беру . <<Мағынаны тану>>
1. <<Баяндаушылар>> тобы -- Ы.Алтынсарин өмірі. слайд-2.
2. <<Зерттеушілер>>-- Мысал деген не? Өткенді еске түсіру мысалдар келтіру.
3. <<Әдебиетшілер>> -- Мысалда не туралы айтылады.Кейіпкерлерді ата (ат ,есек,иесі).Автордың айтайын деген ойы.
<<Өнерлінің өрісі кең>> бөлімі.
1-тапсырма <<Б>>--Әр шумақты оқып мазмұнын айтады.
2-тапсырма <<З>>--сахналау.
3-тапсырма <<Ә>>--теңеулер мен ұйқастарды тауып дәптерге жазу.Қалған топтар жазып отырады.
СЕРГІТУ СӘТІ:
2-бөлім <<Ой толғаныс>> Шығармашылық жұмыс
Балалар сендер қазір атқа деген ,есекке деген көңіл күйлеріңді айтыңдаршы.Барлығыңның айтайын деген ойларың бар сол ойларыңды хат жазу арқылы білдіріңдерші.
<<Б>>--Атқа хат жазу
<<Ә>>-Есекке хат жазу. 5
<<З>>- мультик құрау
3-бөлім <<Ғылым жолы бастауыштан басталады>>Кіші зерттеу жұмысы
<<З>>--ат туралы зерттеу жұмысы.
<<Б>>--есек туралы. 5
<<Ә>>--ВЕНН диаграммасы мінездерін салыстыру.
<<Жақсылық жасай білейік!>>
Сабақты қорыту: Үш топ қорытады.
<<Б>>--Н.Ә.Назарбаев жолдауы туралы айтады.
<<Ә>>--Қайырымдлық қоры С.Назарбаева <<Бөбек>>
Жыл сайын, қараша айының соңғы бейсенбісінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернатты ұйымдарда <<Ризашылық>> қайырымдылық мерекесі өткізіледі. Бұл мерекені өткізуге бастама жасаған еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева.
<<З>>--Мысалға түйін. Қайырымдылық керек пе,керек емес пе?
--Қазіргі заманда қайырымдылық керек.Бір бірімізге көмек жасап жанашырлық танытып,береке бірлігіміз арттса жақсы өмір сүреміз, мемлекетіміз де дамиды,алға басады.2050 стратегиясын орындау үшін қоғамға жақсы адамдар керек.
Кластер құру. <<Қайырымдылық>>
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 285 бет мәнерлеп оқу. <<Менің қайырымдылық істерім>> шығарма жазу..Эрих Распе неміс жазушысы туралы ізденіс.

Ұқсас жұмыстар
Құдық туралы әпсана
Математика. шаршы
Балалардың жүмысы
«гүлдерай» тобына ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Өткен тақырыптарды қорытындылау. сабақ жоспары
Табиғат - тіршілік бесігі танымдық географиялық сайысы
Бауырсақ ертегісіне саяхат
Абайдың өлеңдері
Ұнататын гүлім
Көрермендерге жұмбақ айту
Пәндер