Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Балалардың жеке тұлғасын дамытудағы қуыршақ театры, үйірмесінің ықпалы

Маденова Жулдыз Чарипайқызы
Талдықорған қаласы <<Балдаурен>>балалар шығармашылық орталығы
<<Қуыршақ театры>> үйірмесінің жетекшісі

Балалардың жеке тұлғасын дамытудағы қуыршақ театры, үйірмесінің ықпалы.

Бала тірбиесі - бір өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.
Балалның дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәрбиесі, тәжірбиесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол бастан адамдардың тәрбие майданындағы тәжірибелердің көрсеткен жеке бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек.
Мағжан Жұмабаев

Қуыршақ театры - қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін, оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б. Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.
* 1930 ж. мемлекеттік қуыршақ театры жұмыс істеді.
* 1931 ж. Мәскеуде бүкіл Кеңес Одағындағы қуыршақ театрының дамуына зор ықпал жасаған Мемлекеттік Орталық қуыршақ театры ашылды.
Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған.
"Театр кез келген сабаққа көмекке келеді және де ол үшін жасандылықтың қажеті жоқ тек оның формалық қана емес, әдістемелік қабілетін түсіну қажет."
О. Лапина, театртанушы әрі оқытушы.
Оқушыларға театр өнерінің түрлі тәсілдері көрсетілді. Бұл тәсілдер оқушыларға сахнада өзін-өзі еркін ұстауды, ықыластылықты, белгілі бір рөлге ене білуді дамытуда көмектесе алады. Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады.
Балала әртістермен бірге күліп, біресе жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Басқа театрдан ерекшелігі, мұнда шүперекпен жасалған қуыршақты саусағына кигізіп, сөйлету арқылы, баланы спектакльге тартуға болады.
Біздің Талдықорған қаласында <<Балдәурен>> балалар шығармышылық орталығында <<Қуыршақ театры>> үйірмесі жұмыс жасайды.
<<Қуыршақ теары>> үйірмесінің мақсаты:
1. Қуыршақ театр үйірмесіне деген қызығушылығын дамыту.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Ақтерлік қабілетін дамыту (көрермендер алдында өзін өзі дұрыс ұстау білу)
4. Оқушылардың өзіне деген сенімділігін ояту, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, ой-қиялын сөз қорын тілін және т.б. өнер қабілетін дамыту.
5. Оқушылардың ішкі сезімін ояту арқылы әр саусақтың өз ерекшіліктерімен таныстыру.
6. Ынтымақтық, өзара көмек, мейірімділікке тәрбиелеу.
7. Сахналық мәдениетін тәрбиелеу.
8. Өз елінің өнеріне, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін білуге үйрету.
9. Оқушылардың қазақ халқынын дәстүрлі ертегілеріне қызығушылығын арттыру.
Осы мақсаттарды алдымызға қойып оқушылардың жеке тұлға болып өсуіне ықпал етеміз. Оларға қоғам үшін толыққанды тұлға дайындау, қоғамда өмір сүруі үшін балаға қажетті негізгі элеуметтік білім беру, рухани адамгершілік, шеберлік пен дағдыларды құндылықтар мен идеяларды дамыту міндеттері жүктелген. Сондықтан балалар бос уақыттарын бекер өткізбей әр тү рлі үйірмелерге қатысып қосымша білім алу керек.

Ұқсас жұмыстар
Жанр, Комедия, Драма
Театырландырылған қойлымдар арқылы балалардың тілін дамыту
Ғажайып ертегі
Баланың тілінің дамуында рөлді ойынның маңыздылығы
Күлкі күні
Оғыз - наме - эпостық туынды
Ұлы жібек жолының қалыптасуы
Кірпінің жанұясы
Ұлы жібек жолының пайда болуы, дамуы
Т.Ерғабылов Бөбек тілегі
Пәндер