2-сынып Әдебиеттік оқу: Қыс тақырыбы бойынша бөлімді қайталауға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні: Пәні: Әдебиеттік оқу 2-сынып

Тақырыбы
Бөлімді қайталау
Тақырыбы: Мақсаты
Бөлімді қайталау:

а) Қыс айлары және қыс мезгілінің ерекшеліктерін білу

б) Бөлімде өтілген шығармалардағы негізгі ойды анықтай алу

с) Қыс тақырыбында мәтін немесе өлең құрастыра білу

Тақырыбы: Күтілетін нәтиже
Бөлімді қайталау:

а) Қыс айларын атай алады, қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі.

б) Шығармалардағы негізгі ойды анықтай алады

с) Қыс тақырыбында өлең құрастырып шығармалар жаза алады

Тақырыбы: Оқыту әдісі
Бөлімді қайталау: «Қос шеңбер», «Сауалнама», «Уақыт шеңбері»
уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
уақыты:

3мин

2мин

5мин

10мин

Мұғалімнің әрекеті:

I. Ұйымдастыру бөлімі :

Психологиялық сәт :«Қар лақтыру» Оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында «қар ұлпасын» қысқа байланысты сөздер айта отырып кезекпен бір-біріне лақтыруды сұрайды

2. Топқа бөлу:

а) Оқушылардың алдына төрт түрлі стикерлер тастап, оқушыларға таңдап алуды сұрайды

ә) топқа ат қойып, топ ережесін құрастыруды сұрайды

II. Өткенді пысықтау:

1. «Қос шеңбер» әдісі

Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады. (Ішкі шеңбердегі оқушы сыртқы шеңбердегі оқушыға қарама-қарсы қарап тұруы қажет)

2 «Шаналар сайысы».

Төрт топқа 4 түрлі тапсырма береді

Оқушының әрекеті:

Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілінде қыс мезгіліне байланысты сөздер айта отырып «қар ұлпаларын» лақтырады

2. Таңдап алған стикер түсіне қарай 4 топқа бөлініп отырады

ә) топ мүшелері ақылдаса отырып топқа ат қойып, топ ережесін құрастырады.

1.

Оқушылар осы бөлімдегі өткен шығармаларына байланысты сұрақтарға жауап алады (Сыртқы шеңбердегі оқушыға ішкі шеңбердегі оқушылар, ішкі шеңбердегі оқушыға сыртқы шеңбердегі оқушылар және ішкі шеңбердегі оқушылар мұғалімнің берген белгісімен қозғалады)

2 .

1-топ:қыс тақырыбында өлең құрастырады

2-топ:қыс тақырыбында шығарма жазады

3-топ:қысқы мерекелерге байланысты сурет салады

4-топ: «қысқы ойындар» тақырыбында сурет салады

уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
уақыты:

7мин

3мин

8мин

3мин

2мин

2мин

Мұғалімнің әрекеті:

3. Сауалнама сұрақтарына жауап алу. (Оқулықтың 112, 113, 114-бетіндегі сауалнама сұрақтарын оқып, дәптерге жауаптарын белгілеуді сұрайды)

4. Сергіту сәті: «Кім тез?»

Жұмбақ

1. Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.

2. Аузымен сурет салады,

Демімен ағаш жарады.

3. Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге

Жаңылтпаш

Бұл қар -

Сүр қар,

Сұр қар -

Кір қар.

Үстіне аунама,

Үстіңді былғар.

III. Сабақты бекіту:

6. «Уақыт шеңбері» әдісі

Оқушыларды ортаға дөңгелентіп отырғызады да, бөлімде өтілген шығармалардың ішінен өзіне ұнаған шығарманың негізгі ойы, тәрбиелік мәні туралы әңгімелеп бастап, келесі қасындағы оқушыға кезек береді.

IV. Бағалау.

Әр тапсырма орындалған сайын смайликтер арқылы бағалап отырады.

V. Үйге тапсырма:

Қайталау, шығарма жазуға дайындалуды тапсырады

VI. Рефлексия:

Тақтаға смайликтер іліп, бүгінгі сабақтан алған әсерін көрсетуді сұрайды

Оқушының әрекеті:

3 .

а) Оқулықпен жұмыс

ә) Сауалнама сұрақтарына берген жауаптарын Интербелсенді тақтаға қарай отырып, 4-топ дәптерлерін алмастырып тексереді

4 . Оқушылар жұмбақтар жауабын шешіп, жаңылтпаш айтып жарысады, өздері білетін жұмбақ, жаңылтпаштар айтады.

Оқушылар өзіне берілген уақыт ішінде бөлім бойынша өз ойын толық жеткізуге тырысады.

Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды әр тапсырма орындалған сайын бағалап, соңында қорытынды бағасын айтады.

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Өзінің көңіл-күйіне сай смайликке стикер жапсырады, келесі сабақтан не күтетінін де жазуына болады.


Ұқсас жұмыстар
3-Б сынып әдебиеттік оқу сабағы: Қыс қызықтары - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қыс тақырыбы бойынша 4-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің қысқа мерзімді сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары: Шеше мен бала - Ыбырай Алтынсарин
2-сынып Әдебиеттік оқу: Міржақып Дулатовтың Қыс шығармасы бойынша құзырлық тапсырма
2-сынып әдебиеттік оқу: Шона Смаханұлының Бұлбұл мен Тоқылдақ мысалы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Төрт түліктің кеңесі тақырыбы бойынша 2 А сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары
2 «Ж» сыныпқа арналған Құстар тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған 40 минуттық қысқа мерзімді әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Қонжық пен көжек
2-сыныпқа арналған Қазақ тілі пәні: Мұхитарал тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
2-сынып: Әдебиеттік оқу пәні бойынша 40 минуттық қысқа мерзімді жоспар - Мен де спортшы боламын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz