Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ауыл

Сабақ жоспары
Күні: 20.12.14 Сынып: 3 <<А>>
Мұғалімі: Есентаева М.М.
Тақырыбы: Ауыл
Мақсаты: 1. Оқушыларға өткен материалды сұрақ-жауап әдісі арқылы қайталату, жаңа материалдарды түсіндіру,сұрақтарға жауап алу, сөйлем құрату,сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту,сөзжұмбақты шештіру;
2. Оқушылардың сөйлеу тілін, көру, есту, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
3. Табиғатты аялап қорғауға, қаланы таза ұстауға, достыққа, адамгершілікке, сыйластыққа, үлкенді сыйлай білуге, оқып білім алуға үйретіп тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: жаздыру,оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату,аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері;
Көрнекі құралдар: әр түрлі қала суреттері ,Ауылдың суреті, карточкалар,сөздіктер т.б.
Сабақтың барысы:
I ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу;
- Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу;
/Бағалау парағы ,қағаз,маркер, т.б./
Топқа бөлу: Табаққа қызыл және сары
алмаларды саламын.Сары алмаларды алған оқушылар бір топқа отырсын,ал қызыл алма алғандары екінші топқа отырады. Ал ,балалар ,алманың өлкесі атанған жер қай қала? - Алматы
II Үй тапсырмасын -Алматы қаласы туралы не білесіңдер?
тексеру: 1. <<Алматы қаласы>> - сурет бойынша әңгімелеу.
2. <<Алматы>> өлеңін жатқа айту. / слайд/

Балалар,Қазақстанның бас қаласы қай қала? - Астана
1. <<Астана>> диалог,өзара сөйлеседі.
2. <<Астана>> өлеңін мәнерлеп айту. / слайд/
Біздің сүйікті қаламыз қай қала? - Балқаш.
<<Балқаш қаласы>> туралы әңгімелеу./слайд/
Сергіту сәті: <<Көңілді күн>>
Клип көрсетемін : <<Ауыл>>
- Клипта нені көрдік? - Ауыл.
Олай болса балалар,бүгін сабағымыздың тақырыбы : Ауыл.
III Жаңа сабақ:
Жаңа сөздер:
ауыл-аул/село/
жол-дорога
көпір-мост
шөп-трава
Жаңа сөздерді хормен ,жеке-жеке оқытамын. Сөз тіркестерін құрастыру.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Енді топтарға тапсырма:
Мұғалім сөзі: - Оқушылар, Ауыл сөзі туралы біраз әңгімелесейік. Ауыл деген не? Қалай түсінесіңдер? Қарағанды облысындағы қандай ауылдарды білесіңдер . Мысалы: .........Ауыл деген қандай болады?
1-топ.
<<Ауыл>> тақырыбына кластер жасау,қорғау.
2 - топ.
<<Ауыл>> тақырыбын сурет бойынша бейнелеп айту,қорғау.
Балалар, біздің елімізде <<Дипломмен ауылға>> бағдарламасы бар.Бұл жастардың ауылды жерде жұмыс істеуі,үймен қамтамасыз етіледі,тағы басқа да жақсы жақтары бар.Балалар сендерді ауылда жұмыс істеуге шақырамын.
Суретпен жұмысқа көшеміз. /слайд/ - <<Ауыл суреті>>
Осы сурет бойынша әңгіме құрастыру.Әр топ өз әңгімелерін тақтаға шығып оқиды.Бір сөзді буынға бөліп,буын түрін атау./тақтаға жазу/
IV.Бекіту кезеңі: - Оқушылар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Ауыл туралы не білдіңдер?
Оқушылар,сабағымызды <<Ыстық орындық>> ойыны арқылы бекітейік.
V Үй тапсырмасын беру: - Оқушылар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар. 101б. 3- тапсырма. Сөйлемдерді аяқтап жазыңдар. Дәптерлеріңе жазып келіңдер.
Бағалау: Белсене сабаққа араласып отырған оқушыларды бағалап, күнделіктеріне бағаларын қойып беремін./Бағалау парағынан қарап/
Жақсы оқушыны мадақтаймын.Алған бағаларын хабарлап айтамын.
VI Қорытынды кезең: Жаңа материалдар бойынша сұрақтарға жауап бер.
Сен қайда тұрасың?
Қарағанды облысында қандай ауылдарды білесіңдер?
Ауылда не бар?

Ұқсас жұмыстар
Ауылым- алтын бесігім. 3 сынып
Ауыл мектебі
Ауыл қала
Ауылым – алтын бесігім
Қаракеткен бекеті
Ақдала ауылы
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығының жалпы сипаты
Бұлдырты - құтты мекенім
Тың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті
Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау
Пәндер