Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Сандық пернелермен жаттығу

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімі, Арыстанова Күнімкөз Бөрғазықызы.
Сыныбы: 5
Сабактын тақырыбы : Сандық пернелермен жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларға пернетақтаның бөліктерін таныстыру, сандық пернемен жаттығу жасауды үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдыққа, санды0 пернемен жаттығу жасау арқылы ғылыми- көзқарасын дамыту.
Тәрбиелілік: сабырлыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық, зерттеу сабағы.
Сабақтың типі: баяндау,көрсету,практикум
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тест сауалдары,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: пернетақта, Stamina бағдарламасы, смайликтер, стикер, плакат, бағдаршам, слайд.
Пән аралық байланыс:қазақ тілі, математика пәндері, орыс, ағылшын тілдері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1.Амандасу.(Сынып оқушыларына жағымды ахуал орнату).
2.Топқа бөлу. ( Пернетақта, монитор, жүйелік блок суреттері арқылы үш топқа бөлінеді).
ІІ. Ою-өрнек перфокартасы арқылы үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Миға шабуыл. Проблемалық сұрақ.
Постер қорғау <<Пернетақтаның сандық пернелерімен танысу>>.
IV. Тапсырмалар
1. Практикалық жұмыс (әр топқа жеке топтық жаттығу беріледі).
2. Тапқыр болсаң тауып көр(Үш топ бір-біріне өлең жолдарымен сиқырлы сұрақтар қояды).
Сергіту сәті (видеоролик арқылы көз жаттығуын жасау)
3.Полиглот(әр топ сөзді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударады).
4. Жасырын пернелерді тап. (Слайта пернетақтаның жасырын тұрған пернелерін табу керек).
5.Жұмбақтар әлемі. (Жалпы екі топқа да жұмбақтар жасырылады).
V. Компьютермен жұмыс(Stamina бағдарламасы арқылы жаттығу).
VІ. Қорытындылау.
Өлеңжолдарымен жұмыс. (Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін оқушылар білімдерін өлең жолдарымен айтады).
Бағалау. (Топтық жұмыста жинаған смайликтері бойынша бағаланады).
VI. Үйге тапсырма.
І. Амандасу.Салеметсіздер ме! Оқушылар,балалар. Бүгін біз өте қызықты және өмірде қажетті ақпараттармен танысамыз. Сабағымыз көңілді өту үшін маған көмектесесіздер деп ойлаймын, мен сіздерге сенемін.
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу үшін оқушылар көздерін жұмып мұғалімнің сөздерін қайталайды.
Мен информатика сабағында отырмын
Мен білгенімнің барлығын есімде сақтаймын
Менің көңіл күйім жақсы
Мен білімді, ақылды, шығармашыл оқушымын
Мен сабаққа дайынмын.
Мен өзіме сенемін
Мен жетістікке жетемін
2. Топқа бөлу ( Пернетақта, монитор, жүйелік блок суреттері арқылы үш топқа бөлінеді). Оқушылар өздерінің арасынан топ басшысын сайлап алады. Топ басшысы өз топтарының атауы бойынша мағлұмат беріп өтеді.
ІІ. Ою-өрнек перфокартасы арқылы үй жұмысын тексеру (тест арқылы). Экранға тест тапсырмасы слайд түрінде көрсетіледі. Оқушылар тестті кестеде орындап, дұрыс өрнекті табу керек. Өрнектен алфавиттің әріпі шығады. Біздің бүгінгі сабағымыздың бас әріпі С әріпі.

1. Ақпарат деген не?
А) сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
В) компьютердің құрылғыларының көмегімен жеткізубелгісі
С) бейнелеу тәсілдері арқылы жүзеге асыатын мәліметтер
2. Файлды сақтау үшін қандай бұйрықты орындаймыз?
А) Сақтау
В) Құру
С) Ашу.
3. Ақпартты уақытша сақтайтын жадыны көрсет?
А) буфер
В) жады
С) процессор
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
А) бит
В) байт
С) 1
5. Индикатор деген не?
А) пернетақтаның өшірулі тұрғанын көрсетеді.
В) пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар
С) пернетақтаның қосылу тұрғанын көрсетеді.

6. Ақпарат енгізу құрылғысы
А) жүйелік блок
В) монитор
С) пернетақта
7. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) файл
В) бума
С) құжат
8.Windows деген не?
А) терезе
В) есік
С) кесте
9. Ақпаратты тасымалдауыштар тізбегін тап?
А) диск, флешка, дискет
В) принтер, колонка, тышқан
С) видеокарта, процессор, монитор

ІІІ. Жаңа сабақ. Миға шабуыл.
Проблемалық сұрақ. Сурет арқылы оқушылармен диалог жүргізу. Суретте не бейнеленген? Сендердің ойларынша бұл зат неге ұқсайды?
Бұл тұтас затпа немесе бір заттың бөлігі ме?

Жауабы: Пернетақтаның сандық бөлігі.
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы Сандық пернелермен жаттығу.
Пернетақта туралы өткен сабақтарда өткенбіз. Бүгінгі сабақта пернетақтаның сандық пернелерімен жаттығу жасаймыз.
Жаңа сабақты үш топ зерттеу жұмысын жүргізе отырып, постер арқылы қорғайды. Үш топқа тапсырмалар беріледі.
<<Пернетақта>> тобының тапсырмасы
Сандық пернелер деген не? - цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді
басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10
пернеден тұрады. Сонымен қатар +,-,*,/,= амалдары бар. Пернетақтада оң
жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге
енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады.
<> пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін
ауыстырып қосады.
<<Монитор>> тобының тапсырмасы
Сандық перненің қосымша атқаратын қызметін ата?- сандық перне қосымша тышқан қызметін атқаратын қасиеті бар. Сандық пернелерінің санының төменгі жағында бағытталған стрелкалар орналасқан сол стрекалар арқылы оңға,солға, жоғары, төмен жылжуға болады. 5 санының пернесі арқылы қызмет жүзеге асыру командасы орындалады.
Сандық перненің қосымша тышқан қызметін атқаратын командасын орындау үшін компьютерде <<Панель управление>> бөлігін таңдап <<Специальныевозможности>> арнайы мүмкіндіктер белгішесін тышқан көмегімен шертіп, шыққан терезеден <<Мышь>> тышқан бөлімін таңдау қажет. Осы жерде <<Управлениемышью с клавиатуры>> терезесінде тышқанды сандық перне арқылы қолдану <<Использоватьцифровуюклавиатурудляперемещениеуказателямыши>> деген жерде тышқанмен вкл/қосу басамыз. Немесе пернетақтадан Ctrl+Alt+NumLock пернелерін бір мезетте басу қажет.
3. <<Жүйелік блок>> тобының тапсырмасы
Сандық пернені қазіргі кезде, өмірде қай жерде қолданалады.
Математикалық есептер шығару барысында компьютердің <<Калькулятор>>
стандартты бағдарламасын қолдану арқылы есептер шығаруға болады.
Бухгалтерияда есептеулер жүргізу үшінсандық пернелер қолданылады.
Экономика саласында қолданылады. Ұялы қызмет байланыстарында
телефон нөмірлерін теру барысында қолданылады. Дүкендерде, сауда саттық
орындарында қолданылады және т.б.

IV.Тапсырмалар
Практикалық жұмыс
Осы тақырып байланысты әр топ сандық пернелермен жаттығу жасайды.
<<Пернетақта>> тобына жаттығу. Калькулятор бағдарламасын қосып, математикалық есепті шығар.
1) 6,3-2,3+7,5=11.5
2) 8,1+1,9-3,8=6.2
3) 12,9-5,7+6,031=13,231
4) 9,5-5,3+3,3=7.5
<<Монитор>> тобына жаттығу. Ұялы телефонның нөмерлерін түрлі әдіспен жазу.
Жүйелік блок тобына жаттығу. Логикалық есеп.
Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны еіге көбейттім. Көбейтінідіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым? Шешімі: (((x+1)*2)/4)-3=1 x=7

Тапқыр болсаң тауып көр.
Үш топ бір-біріне өлең жолдарымен сиқырлы сұрақтар қояды

<<Пернетақта>> тобының <<Монитор>> тобына қоятын сұрақтары
Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шетелдің
Аудараалмайтастадым
Тілдіқалайөзгертем
Көмектесші,достарым!

<<Монитор>> тобының <<Жүйелік блок>> тобына қоятын сұрақтары
Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,
Нөмерлерді жазаалмай пернемен
Сандар жазылмайды қайтемін?
Көмекберші, ендінені басамын?

<<Жүйелік блок>> тобының <<Пернетақта>> тобына қоятын сұрақтары
Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым,айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын?

Сергіту сәті
Бейнеролик арқылы оқушылар көзге арналған жаттығулар жасайды.

Полиглот
<<Пернетақта>> тобы
Сөзді тап. Орысша, ағылшын тіліне аудар
Сна, Қсуо, Пренеқтата, Сқатуа, (Сан-цифра-number, қосу-плюс-plus, пернетақта-клавиатура-keyboard, сақтау-сохранить-save)
<<Монитор>> тобыСөзді тап. Қазақша, орысша тілге аудар.
I W D W O S N, Dletee, Edn, Hemo(Windows-терезе-окно, Delete-өшіру-удалить, End-соңы, конец, Home-басы-начало)
<<Жүйелк блок>> тобы.Сөзді тап. Қазақша, ағылшын тілдерге аудар.
Кпоиоравть, NmoLcok, Дестяь, Сртлека(копировать-көшіру-copy, numlock-цифровойзнак-сандық белгі, десять-он-ten, стрелка-pointer-жебе).

Жасырын пернелерді тап
<<Пернетақта>> тобы

<<Монитор>> тобы

<<Жүйелік блок>> тобы

Жұмбақтар әлемі. Жалпы екі топқа да жұмбақтар жасырылады.

1.Ұзын тұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды
(бос орын)
2. Пернетақта ауылында
Сандар тұратын жерінде
Нөмерлері 0-9 үйлері
Қосу, азайту көршілері
Айтындаршы балалар
Бұл перненің қай жері
(Сандық перне)
3.Пернетақта ауылында
Пернелікдегенатаның
Бар 12 ағайыны
Есімдері бірқызық
F(эф) әрпіменбасталар
Аты қандай балалар (функционалдықпернелер)
4.Компьютермен енеді,
Қағазғабасыпбереді (баспақұрылғысы)
VІ. Компьютермен жұмыс.
STAMINA бағдарламасы арқылы сандық пернелерді жылдам және сауатты теругу жаттығу.

Сабақты қорытындылау.
Өлең жолдарымен жұмыс
Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін оқушылар білімдерін өлең жолдарымен айтады.
<<Пернетақта>> тобы
Пернедегі әр әріпті басамыз,
Сөздерден біз сөйлем құрап жазамыз,
Бас әріппен бастау үшін сөйлемді
Пернелерден CapsLock - ті басамыз.
Есептерді шығаруға,
Нөмерлерді теруге
Көмектесер сандық перне
Сандарды біз басамыз
Қосып, азайтып аламыз.
<<Монитор>> тобы
Басқатілгетүскіңкелсеауысып,
Әрқашан да көмектесер Alt пен Shift.
Жазыпболып, қатекөріпқалсаңыз.
Түзетесіз Delete пернесінбассаңыз.
Пернетақта құпиясы тағы бар
Сандық перне деп аталар
CTRL+ALT+NumLock - ті басып
Тышқан қызметін атқарар
<<Жүйелік блок >> тобы
Секіру үшінәржолға
Tab пернесін пайдалан!!!
Басына жолдыңбарғын келсе
Көмектесер Home перне.
Келесіжолғатүскің келсе
Enterпернесін басып қал
Сандар терілмесе егерде,
NumLock-ті басу керек сендерге.

Бағалау.Оқушылардыңсабақбарысындаорындағанжұмыстарынасмайликтерберіледі. Топтық жұмыста жинаған смайликтері бойынша бағаланады. Қай топтың смайликтері көп сол топ жеңімпаз болады.
Кері байланыс
Рефлексия оқушылар сабаққа қатысты өз ойларын стикерге жазып, тақтадағы бағдаршамға жапыстырады.
Сабақ несімен ұнады?
Сабақтың қиын сәті болды ма?
Сабақтан қандай әсер алдың?

VIII. Үйгетапсырма. Бүгінгі тақырыпқа байланысты <<Пернетақта>> тобы <<Ребус?>> , <<Монитор>> тобы <<Кроссворд>>, <<Жүйелік блок>> тобы <<Сканворд>> құрастырып келу.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сіздерге рахмет балалар, Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Microsoft excel кестелік процессоры. microsoft excel - мен танысу
Мәтін бойымен жылжыту
Электрондық кестелер. 8 сынып
Біріккен сөздер. Қазақ тілі
Цифрлық пернелер
Қазақ тілі. Сан есімнің түрленуі
Сәйкестендіру тапсырмасын топ ішінде орындау
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Ағылшын тілі
Сан есімнің түрленуі
Пәндер