Нан - дастархан байлығы: өндірісі мен тәрбиелік маңызы

Сабақтың тақырыбы: Нан - дастархан байлығы

Сабақтың мақсаты : 1) Нанды қастерлеуге, ас атасы -нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.

2) Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру

3) Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, физикалық карта, дастархан, пісірілген нан түрлері, үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Хор: «Қазақы дастарханым»

  • Ән қалай аталады? Дастарханға қойылатын дастархан сәні, ең қадірлі ас қалай аталады?

- Нан.

ІІ. Негізгі бөлім

  • Олай болса, бүгінгі сабағымыз « Нан -дастархан байлығы» деп аталады.
  • Балалар «Нан - береке бастауы», «Дастархан көркі - нан» демекші бүгінгі сабағымызды нан туралы тақпақтан бастасақ.

Нан туралы тақпақтар

1-оқушы

Нан -ардақты адал ас,

Кәрі-жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дән,

Жеп үйреген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

2-оқушы

Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар, сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.

3-оқушы:

Даланың арынан,

Даланың таңынан,

Даланың жанынан өседі,

Нан - жемісі ол кешегі.

Нан-өмір,

Жеміспен алып келген кешегі.

Нанға пірім деп,

Жырым деп табынам.

4-оқушы:

Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

5-оқушы

Еліміздің құдіретін асырып тұрған

Менің де,

Сенің де,

Оның да мерейін үстем қып тұрған

Ол - Нан!

Хормен:

Нанды кім қорлайды,

Аштықтан сол сорлайды.

  • Балалар, нан неден алынады?
  • Бидайдан
  • Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме? Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайын.

Сахналық көрніс:

Бидай:

Нан анасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.

Арпа:

Күміс мұртты арпамын,

Ырыс құтты арпамын.

Еңбек етіп баптаған

Еліме сый тартамын.

Тары:

Ақ, қарамын, сарымын,

Мен өнімді тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын.

Сұлы:

Мен сұлымын, ұланның

Тұлпарына ұнадым.

Баптаған әр диқанға

Басымды иіп тұрамын.

Күріш:

Күнді сүйген күрішпін.

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім

Ала жаздай су іштім.

Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»

  • Балалар, бауырсақтың қайдан, қалай келгеніне тоқталайық. Қырманнан, диірменнен, наубайханадан, дүкеннен дастарханға келген. Нан - дастарханның көркі. Олай болса, мына суретке назар аударайық. Ауылда той дастарханының сәні- бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекше көңілді.
  • Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық.
  • Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.
  • Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады. Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды. Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Тек қана қазіргі заманда ғана емес ел басына қатер төнген ауыр да қасіретті күндерде де адамдар егін басында ерінбей, жан аямай еңбек еткен. Өндірген өнімдерін Ұлы Отан соғысына жіберіп отырған. Соғысқа қатысқан аталарымызға ас-суды соғыс кезінде елде қалған әйел-аналар күні-түні жұмыс істеп жіберіп отырған. Соғыс кезінде елде қалған ер азаматтар мен әйелдер жан аямай еңбек еткен. Сондай азаматтардың бірі - Ыбырай Жақаев. Ол - күріш атасы деген атпен танымал. Сонымен бірге Шығанақ Берсиев ата тары егуден рекорд жасаған. Соғысқа көп-көп қап астық жіберіп отырған. Соғыс аяқталғанмен ел жағдайы бірден жақсарып кете қойған жоқ. Егін басында ер азаматтармен қатар әйелдерде еңбек етті. Атағы бүкіл елге тараған Кәмшат Дөненбаева сынды апаларымыз да бар. Ол - қазіргі кезде немере тәрбиелеп отырған ардақты әже.
  • Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналуда. Атап айтқанда Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Орал облыстарында бидай егіліп, өндіріледі. Біздің еліміз өте бай. Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен.
  • Дастархан көркі нанменен,

Ұқсас жұмыстар
Нан құндылығы мен дастархан мәдениеті: тәрбие сағаты
Қазақы дастархан: ұлттық дәстүрдің маңызы мен тәрбиелік рөлі
Нан - дастарханның байлығы: тәрбие сағатының сабақ жоспары
Нанның даладан дастарханға дейінгі өндірісі және мәдени-тәрбиелік маңызы
4-сыныпқа арналған ашық сабақ: Дастархан салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдар
Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздіктің символы: тарихы мен тәрбиелік маңызы
Түйір нан - тамшы тер: нанның түрлері, ұлттық құндылығы және тәрбиелік сағат (9-16 жас)
Кітап - білім бұлағы: тарихы мен тәрбиелік маңызы
Дастархан мәзірін жасау ережелері мен дұрыс тамақтану: орта мектепке арналған сабақ жоспары
Қазақ ұлттық ойындарының түрлері мен тәрбиелік-спорттық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz