Қоғамдық пәндерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану: коучинг-сессия жоспары

«КЕЛІСЕМІН»
МДОІЖО:
И. Ешенкулова
«БЕКІТЕМІН»
Ю. Гагарин атындағы ЖОМ директоры:
Г. Теньгибаева
Коучинг-сессия жоспары
Тарих пәні мұғалімі Е. Жолдыбаев, Ю. Гагарин атындағы ЖОМ
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күрделенірек пайдалана алады;
- АКТ пайдалану арқылы оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтындығын түсінеді;
- Іс-тәжірибесіне енгізуді үйренеді;
- АКТ қолданудың жақсы жақтарын біледі.
«Мозайка».
Топқа мозайка жинақтау арқылы бөлу. (ДК жинақталуы керек )
ДК құрылғыларының жинау арқылы бір топқа бірігеді. (процессор, монитор, пернетақта)
Коуч: Мен сіздерге ұсынғалы тұрған жаттығу бүгінгі топтың жұмыстың тақырыбын, негізгі түйінін табуға мүмкіншілік береді. Сонымен біз не жөнінде ой бөліседі екенбіз?
(Коучинг тақырыбы айтылады)
«Ужасно интересно» бейнекөрінісін қарау
Коуч: Бейнекөріністің біздің сабағымызбен қаншалықты байланысты деп ойлайсыздар?
Коуч: АКТ аббревеатурасын қандай құрылғылармен ассоциялай алар едіңіз?
«Ужасно интересно»
видео
«Идеялар қоржыны»
Тапсырма: «Өзіңіздің мұғалімдік іс-тәжірибеңіздегі АКТ қолдануыңыз туралы» Коуч: Өзіңіздің мұғалімдік іс-тәжірибеңіздегі АКТ сабақ үрдісінде қолдануыңыздан мысал келтіріңіз.
Қатысушылар жазылған стикерлерін озып, қоржынға салады.
«Миға шабуыл»
Тапсырма: «Сабақ үрдісінде коммуникативтік құрылғыларды пайдалану» классер құрастыру
Коуч : Сабақта АКТ-ны және қай кезеңінде тиімді пайдалануға болады?
«Зигзаг»
Топ спикерлері сағат қозғалысы бойынша келесі топқа таныстырылым жасайды.
Мұғалімдердің АКТ-ны дұрыс пайдалану үшін жіті қадағалап үйренуіне жол ашу, әр топқа ноутбук беріледі.
Тапсырмалар:
Слайдтар жасату.
Берілген ресурстар (суреттер, видео, мәтін) бойынша күнделікті өмірде жасап жүрген слайдтарын жасайды.
Жасаған слайдтарын топта талдайды және ең жақсысын аудиторияда көрсетеді, қорғайды