Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Қайталау Өтілген білім көлемін қайталау

<<Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақша>>КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Кашкинбекова Анар Тулеубековна
1 сынып. Сауат ашу
Шебер сынып
Күні

Сілтеме
Оқулық, интернет материалдары
Сабақтың тақырыбы
Қайталау
Мақсаты
Өтілген білім көлемін қайталау. Байланыстыра сөйлеу тiлiн, шығармашылық қабілетін арттыру, өз ойларын айта білуге жаттықтыру.
Өз еліне деген сүйіспеншілігін және қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі
Өтілген білім көлемін қайталау. Байланыстыра сөйлеу тiлiн, шығармашылық қабілетін арттыру, өз ойларын айта білуге жаттықтыру
Түйінді идея
Өтілген білім көлемін қайталау.
Сабақтың барысы
Уа-
қыт
Стратегиялар
Ресурстар
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
2
мин
АКТ: музыка
Музыка

Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау. Шаттық шеңберіне тұруды, бір-біріне жақсы тілектер айтуды ұйымдастырады
Сабаққа даярланады. Шеңберге тұрады, тілектер айтады.
2
мин
Топқа бөлу
Суреттер
Музыка ойналып тұрады. Күн суреттері арқылы топқа бөледі.
Топқа бөлінеді.
15
мин
Миға шабуыл.
Бірлескен топтық жұмыс
Зерттеушілік әңгіме
Өлеңдер плакаттар, стикерлер, маркерлер
Топтарға <<Ана>>, <<Отан>>, <<Мектеп>> туралы өлеңдер тақырыпсыз таратылады. Оқушыларға өлеңдерді оқып, талдап, өлең тақырыбын анықтап, өлеңнің негізгі ойын табуды, тақырыпты талдауды және өз ойларын қағаз бетіне түсіруді ұсынады. А3, маркер, стикерлер таратады. Соңынан жұмыстарын қорғауды ұйымдастырады. Оқушыларды қадағалайды, қолдау көрсетеді. Бағыттайды.
Өлеңмен танысады. Өлеңді оқиды. Өз ойларын айтады. Тақырыпты анықтайды, негізгі ойды табады.
Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады. Қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды. Айтқандарын дәлелдейді. Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп - постер жасайды. Жұмыстарын қорғайды.
10
Миға шабуыл.
Бірлескен топтық жұмыс

Сөздер плакаттар, стикерлер, маркерлер
Топтарға тапсырмалар береді: І. 1-топқа -Тәуелсіздік, 2-топқа - Елбасы, 3-топқа - Қазақстан сөздері беріліп, осы сөздерді буынға бөлу және сол сөздерді қатыстырып сөйлем құру ұсынылады.
ІІ. 1-топқа - Қыс, 2-топқа - Жаңа, 3-топқа - Жыл сөздеріне дыбыстық талдау жасау тапсырмасы беріледі.
Өзара бірлесіп жұмыс жүргізіп, сөздерді буынға бөледі. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
10
Бірлескен топтық жұмыс

Оқулық
Топтарға тапсырма береді: Өтілген тақырыптарды еске түсіру және қайталау. Жарыс түрінде <<Бір уыс мақта>>, <<Бір қазан сүт>> <<Кім неден күшті?>> мәтіндерін мазмұндау, өтілген <<Отан>>, <<Астанам>>, <<Әліппе>>, <<Алфавит сыры>>, <<жарқын жүзді ұстазым>>, <<Әсемпаз болма әрнеге>>, <<Оқуға шақыру>>, <<Сал-сал Білек, сал Білек>>, <<Ата, бата>> өлеңдерін жатқа оқу жүргізіледі.
Оқулықтан <<Күншіл үйрек>>, <<Құстың ұясы>>, <<Қожаның аты>> мәтіндері мәнерлеп оқыуды ұйымдастырады. Қадағалайды. Бағыттайды.
Мәтіндерді мазмұндайды, өлеңдерді жатқа оқиды. Мәтіндерді мәнерлеп оқиды.

Топтық б/у,
2 ж/з, 1 т/к

Бағалау жүргізу.
<<Екі жұлдыз, бір тілек>> стратегиясы арқылы бағалайды.

! + -

Кері байланыс
Кері байланыс жасайды.


Үйге тапсырма беру.
Қайталау

Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің сабаққа әзірленуі
Молекулалар арасындағы тартылыс күші
Гдыбысы мен әрпі
11 сынып геометриядан ұмж, қмж
Сабақ қорытындысын шығару
Тірек сөздер өзектендіру
Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару
Кеңістікті бағдарлау
Пирамида биіктігін тап
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Пәндер