Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі

Күні:
Пәні
Информатика
Мұғалім аты-жөні
Мырзахметова Б
Ақсай орта мектебі
7 - сынып
Оқу-ісінің меңгерушісі

__________Ж.Теңгебаев
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі
Сілтеме:
Информатика 7 сынып <<Мектеп>> 2012, қосымша әдебиеттер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні:
1. Оқушыларды компьютерлік графика ұғымыментаныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық мәні:
2. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік мәні:
Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:
Түсіндіру , ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,

Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі,сурет
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1. Сәлемдесу.
2. Ұйымдастыру.
3. Топқа бөлу.
4. Сабақ барысымен таныстыру.
5. Бағалау парағын таныстыру.
6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
* Сәлемдесу
* Өздерін ретке келтіру
* Топқа бөліну
* Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
1. бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі -...( Экран буфері)
2. графикалық экрандық беттер - пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің... (типіне) және жадының... (көлеміне) тәуелді графикалық экран үшін бір немесе бірнеше буфер.
3. Borland International фирмасы... (СRAPH) арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған.
4. Мәтіндік режимде процедураларды пайдалану үшін алдымен... (GRT) модулін іске қосу керек.
5. Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз - бұл экранға шығарылатын бейненің... (дәлдігі).
6. Графиктік режимнен шығу үшін... (Closegraph) процедурасы пайдаланылады.
7. Графикалық режимді алғаш рет іске қосу үшін (INITCRAPH) процедурасы қолданылады
8. (PutPixel) процедурасы экранға нүктені көрсетілген координатасымен және түсімен шығарады
Қызығушылықты ояту (2 мин.)
9-сыныпқа арналған электронды оқулық
Оқушылар зейін қойып тыңдайды

Мағынаны тану
(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)
ББҮ (2 мин.)
ББҮ-ны толтыру
ББ бойынша стикерге жазу
Білемін?
Білгім келеді?
Үйрендім?
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сыныпты сан арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
Топтағы әрбір оқушының қолына <<бағалау парағын>> беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.
Оқушылар белсене қатысады.
Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына <<бағалау парағы>> беріледі.
Жаңа сабақ
Сыни тұрғыдан ойлау. <<Ой толғау>> әдісі арқылы <<Компьютерлік графиканы>> қалай түсінетіні туралы шағын эссе жазғызу
Блум таксономиясы 1-білім.Класстер.Тірек сөздер стратегиясы. Берілген тірек сөздің мағынасын ашу
Блум таксономиясы 2-Анаграмма. Бүгінгі сабаққа қатысы бар сөзді тауып сызу Бүгінгі сабаққа қатысы бар сөзді тауып сызыңыздар!
В
П
Л
Ь
А
Д
Ж
Е
И
Е
Ч
К
Н
Т
К
К
С
О
Р
Е
Ү
Т
А
П
Т
Е
Г
С
О
Й
Н
Н
Н
Т
А
Р
А
Т
Ы
О
Ф
Л
Р
С
О
Й
Т
О
У
Б
Т
Р
Ф
О
Р

Деңгейлік тапсырмалар
І. Міндетті деңгей (5 ұпай)
ІІ. Лайықты деңгей (10 ұпай)
ІІІ. Жоғары деңгей (15 ұпай)
1 Paintnet графикалық редакторында төмендегі нысанды салыңыз!

2. Paintnet графикалық редакторында төмендегі нысанды салыңыз! Түстер палитрасын қолданыңыз!
Күрделі тапсырмалар:

Оқушылар берілген мәтінмен жұмыс жасайды.

Берілген тірек сөздің мағынасын ашады

ПИКСЕЛЬ ТОЧКА ТҮС
ГРАФИКА ВЕКТОР ОЙЫН
РАСТР ФОТО ФОРМУЛА
РЕНТГЕН
Сабаққа қатысы бар сөзді тауып сызады.

Топ оқушылары өз деңгейлеріне қарап жұмыстар жасайды
(сурет салу арқылы)

Ой толғаныс (4 мин.)
Венн диаграммасы
Оқушыларға уақыт беріледі, берілген уақыт ішінде қағаз бетіне растрлы және векторлы графиканың ұқсастықтарын жазып толтырады.
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
<<Кім білгір>> ойыны арқылы бекіту:
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)
Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.
Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үйге:Графика түрлері. Шығу тарихы туралы реферат жазу
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.

Ұқсас жұмыстар
Векторлық графика
Компьютерлік графика жайлы ақпарат. 8 сынып
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Объектілермен орындалатын амалдар
Құралдар параметрлері
Компьютерлік графика. Сабақтың тақырыбы
Векторлық графика. векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі. фигураларды салу. 7 сынып
Графикалық ақпараттарды ұсыну
Бейне бөліктерін көшіру құралдары
Пәндер