Көмірсулар мен глюкоза: құрамы, құрылысы, алынуы және химиялық-физикалық қасиеттері (орта мектепке арналған аралас сабақ жоспары)

Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар. Глюкоза.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды көмірсулар, оның өкілі глюкоза құрамын, құрылысын, алынуын сипаттай білуге баулу;
  • Оқушылардың ой-өрісін дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыруда жаңа түсініктер беру, танымдық қызығушылығын дамыту;
  • Өз бетімен жұмыс істеп, өз білімін өзі тексеріп, бағалауға және уақытты үнемдей білуге баулу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері болжау, мағынаны түсіну, Венн диаграммасы. Алгоритм жүйесі.

Пән аралық байланыс: биология, әдебиет.

Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, ҰБТ кітапшалары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығы.
  2. Өзін-өзі бағалау парағымен таныстыру.

ІІ. 1-кезең. «Болжау».

Мақсаты: оқушыларды білімге белсендіру, қызығушылығын ояту, ой қозғау. «Болжау» стратегиясын қолданып, пән аралық байланыс арқылы негізгі тақырыпқа түсу.

Орманды анасындай аңдар сүйіп,

Қойнына мекендеген аңдар киік.

Тамаша табиғаттың сан байлығы

Тұр екен көкірегіне қалай сыйып? (М. Хакімжанова)

Жер бетіндегі тіршілік атаулының өзегі және қайнар көзі болып саналатын өсімдіктер әлемі аса алуан түрлі және нағыз әсем дүние нәзіктік, әсемдік ұғымдарының өсімдіктерге, гүлдерге теңелетіндігі жасыл өсімдіктердің әдемілігіне сүйсінуден туған болар. Міне, осы секілді әсемдікпен қоса, өсімдіктер әлемі тағы да көптеген химияға, тіршілікке байланысты маңызды үрдістерді жүзеге асырады.

  • Ол қандай үрдіс? (болжам жасалады, оқушылар жауабы)

Энергия түзуші - Өсімдіктер жанды зертхана - оттегі түзуші

Органикалық қосылыстар түзуші (слайд 4)

  • Бүкіл ғаламшарымыздағы тірі организмге қажетті өнімдерді түзе алатын қандай заттар ? (болжам жасау), ( өсімдіктер)
  • Ненің көмегімен ? (күн сәулесі энергиясының көмегімен)
  • Өсімдіктердің жапырағында жүретін «күрделі ұлы синтезді» жапырақ құрамындағы қандай зат атқарады. Бұл синтездік үрдісті қалай деп атаймыз? (Болжам жасау) . (хлорофилл, фотосинтез)

Осы процестің жалпы стехеометриялық теңдеуін жазу (оқушы)

һv

пСО 2 + пН 2 О = С п Н 2п О п + пО 2

хлорофилл

һv

6СО 2 + 6Н 2 О = С 6 Н 12 О 6 + 6О 2

хлорофилл

көмірсу - глюкоза (слайд 5)

ІІI - кезең. Мағынаны түсіну.

Мақсаты: Жаңа ақпаратпен бұрынғы білімді ұштастыру.

(жаңа тақырыпқа байланысты бұрын өтілген материалдарды қайталай отырып, жаңа тақырыпты түсіну)

  1. Көмірсулар дегеніміз не?
  2. Көмірсулардың жіктелуі?

Көмірсулар

/ \

Моносахарид Дисахарид Полисахарид

глюкоза, фруктоза, сахароза крахмал, целлюлоза

рибоза, дезоксирибоза

(слайд6)

  1. Моносахарид. Глюкоза.

Алгоритм жүйесі:

Глюкоза - құрамы - құрылысы - алынуы - физикалық қасиеті - химиялық қасиеті - қолданылуы- маңызы (слайд7)

  1. Глюкозаның құрылысы, құрамындағы функциональдық топтар

Н Н Н ОН Н О

//

Н- С - С- С- С - С- С

\

ОН ОН ОН Н ОН Н (слайд8)

  1. Хеуорс формуласы
  2. Альфа, вета жағдайы
  3. Таутомерлер

Кристалды глюкоза α ф о р м а д а н т ұ р а д ы . Г л ю к о з а н ы ң с у д а ғ ы е р і т і н д і с і н д е \alpha - формадан\ тұрады. Глюкозаның\ судағы\ ерітіндісінде\ \

β ф о р м а б а с ы м б о л а д ы . \beta - форма\ басым\ болады. \ Олардың бір-біріне айналуы аралық альдегид формасы арқылы жүреді:

Глюкозаның глюкозаның глюкозаның

α ф о р м а \ \ \ \alpha - форма альдегидті формасы β ф о р м а \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \beta - форма (слайд 9)

Глюкозаның өзара тепе-теңдікте болып, бір-біріне айналатын тізбекті және циклді изомер түрлері таутомерлер деп аталады.

  1. Алынуы
  1. Фотосинтез процесі
  2. Альдегидтен алынуы

Қантты заттарды ең алғаш А. М. Бутлеров (1861ж) кальций гидроксиді қатысында формальдегидтен синтездеді:

Са(ОН) 2

6Н-СОН С 6 Н 12 О 6

  1. Полисахаридтердің гидролизденуі

t 0

6 Н 10 О 5 ) n +n Н 2 О nС 6 Н 12 О 6 (слайд 10)

  1. Физикалық қасиеті
  2. Химиялық қасиеті

Альдегид тобына тән реакциялары

  1. Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен глюкон қышқылын алу
  2. Мыс гидроксидімен тотығуы
  3. Сутекпен тотықсызданып алтыатомды спирт сорбит алынуы
  1. Көпатомды спирттерге тән қасиеті:
  1. Күрделі эфир түзуі
  2. Жай эфир түзуі
  3. Ашуы (спирттік, сүт қышқылды)
  4. Тотығуы (слайд 11-13)

ІV- кезең. Ой толғаныс

  1. Оқулықпен жұмыс 1-8 жаттығу 228-бет
  2. Есептер шығару: № 9-28, 9-30, 9-31 (тапсырмалар жинағы

Ә. Темірболатова)

3. ҰБТ кітапшалары тест сұрақтары

V. Үйге тапсырма §12. 1 оқып түсіну. № 13жаттығу

Шығармашылық жұмыс: глюкозаның қолданылуы, маңызы туралы қосымша мәліметтер жинап, жазып келу.

VI. Қорытындылау.

  1. Венн диаграммасы стратегиясы

Көмірсутек Көмірсу

(слайд 14)

VII. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
9-сынып химиясы: көмірсулар (глюкоза) - құрамы, құрылысы және адам ағзасындағы маңызы
Майлар: құрамы, құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері мен есептік тапсырмалар
Мыс: периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғаттағы таралуы, алынуы және физикалық-химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Дисахаридтер: сахарозаның құрылысы, химиялық қасиеттері және алынуы (10-сынып)
Металдардың құрылысы мен химиялық-физикалық қасиеттері: сабақ жоспары
Сутектің физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Натрий мен калийдің физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы және қосылыстары
Фенол: құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Металдардың кристалдық құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері
Көмірсулар: түрлері, химиялық қасиеттері және биологиялық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz