Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ұстаздарға мың алғыс

Ақмола облысы
Целиноград ауданы
№ 1 Қосшы орта мектебі
Шағын орталық
<<Балбала>> тобы
Ыбырайқызы Рыскүл

Тақырыбы: <<Ұстаздарға мың алғыс>>
Мақсаты:
1.1 Ұстаздар күніне арнаған мерекені насихаттау
1.2 Өз ойларын жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: шарлар, жалаушалар, суреттер.
<<Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі>>
Алдын ала орындалатын жұмыс: Ашық хаттар дайындау.

Ұстаздарға мың алғыс

Әнұран ойнатылады.
Жылулық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып
Қайырлы таң алтын күн, Қайырлы таң жер ана
Қайырлы таң достарым, Сендерді көрсем қуанам!
Қуанамын менде, қуанасың сенде,
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! - деп
жылулық шеңберін жасайды.
Топтан ортаға жарып шығып

Әлижан: Кел, балалар,
Ән салайық
Ұлағатты Ұстаздар күнін
Қуанышпан қарсы алайық

Аида: Балалардың бақшасында бүгін той,
Ұстаздардың күні бүгін біліп қой.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, міне бүгін <<Ақ бота>> шағын орталығының <<Бал бала>> тобында Ұстаздар күніне арнаған құттықтау кешімізді бастайық. Ұстаздарға төл мерекелеріңіз құтты болсын, көңілдеріңіз ашық аспан сияқты таза болсын, Бүгінгі ел басқарған азаматтар, білім алған сіздердің арқаңызда.

Арман: Тақпақ айтып, кезектесіп, бір бірлеп
Кел қосылып ән шырқайық би билеп
Қарақат: Қашанда елгезек,
Ұстаздар сияқты.
Өсемін мен де өжет
Бала боп ұятты.

Ескендір: Болды кезім мақтаған
Болды кезім ұқпаған
Болды кезім ұстаздың
Ойынан дәл шықпаған.
Тәрбиеші: балалар өнерлеріңе тәнтіміз. Осы ұстаз деген - кімдерге сабақ берген. Әншіге де, жыршыға да, жүгізушіге де, президентке де, бишіге де сабақ берген. Әрбір маман иесі осы Ұлы ұстаздың алдынан өткен. Қане тағы қандай өнерлерің бар.
Би Қара жорға

Абдурахман: Ұстаздардың анасы
Балалардың панасы
Ұстаздарды сүйеміз
Әдеппен бас иеміз.
Нәрлен: балалар апайымыз бізге не үйретті айтып берейік.
Хормен: Бала бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамызда қаламыз.

Санамақ
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даярлап.
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы.
Ортан терек кезекші,
Шылдыр шүмек көмекші.
Шынашағам балапан,
Бәріне ортақ алақан

Аружан: Халқым жетсін мұратқа,
Ұстаздарды ардақта
Тәрбие жолын бастағын,
Ұстаз деген асқақ ән.
Айым: Адал жақсы ниетпен
Бар ұстазға бақ тілеп
Жарып шыққан жүректі
Сөздің бәрі ақ тілек.
Білімнің бұлағы

Ардақты мұғалім,
Білімнің - бұлағым.
Таусылмас сен жайлы,
Тасқынды жыр әнім.

Қанатым талмайды,
Қиялым самғайды.
Ақын да, ғалым да,
Ұстазсыз болмайды.

Мереке күніңмен,
Құттықтап бүгін мен.
Ойыма ой қосам,
Сен берген біліммен.

Қортынды:
Балалар бүгінгі күн - қандай мереке екен?
Ұстаздар кімге сабақ берген?

Балдырғанның көріп шаттық жүзінен.
Мейіріммен шапағым боп тізілген
Кеше ғана менде шәкірт болып ем,
Келем бүгін ұстаздардың ізімен - дей келе сөз кезегін ұстаздарға берейік.

Ұқсас жұмыстар
Ұстаздар күніне арналған Ұстаздарға мың алғыс атты мерекелік сазды бағдарламасы
Бастауышым-балбұлағым жайлы
Анаға шексіз рахмет
Ұстаз ана жасады мына бізден
Отбасын ,ата-ананы қадірлеу үлкенді сыйлау
Ұстаз ұлы тұлға жайлы ақпарат
Мақта қыз
Ұстазым - ұлағатым
Ұстаз деген ұлағатқа бас идік!
Әліппеге арналмақ
Пәндер