Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Табиғи қорлар және өндіріс

Сабақтың тақырыбы: § 49. Табиғи қорлар және өндіріс

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғи қорлар және өндірістің қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндіру, толық мағлұмат беру, білімдерін жүйелеу.

1) Білімділік: Оқушылардың табиғи қорлар және өндіріс туралы білімдерін нақтылап, оның пайдалы жағы және қазіргі таңдағы проблемалық жағдайлары туралы ұғымын кеңейту.Еліміздегі табиғи қорлардың түрлері және олардың таралу заңдылықтары мен оларды тиімді пайдалану жолдары бойынша білімдерін толықтыру.
2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткенді бүгінмен байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған,өзгенің пікіріне құрметпен қарайтын,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың
міндеттері:

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Топпен және жұппен жұмыс
Сабақтың негізгі идеясы: Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Биология, география.
Сабақтың көрнекілігі: Ресурстар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу
В) түгендеу
С) дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
§ 49. Табиғи қорлар және өндіріс. Кескін картаға өздерінің қалауы бойынша таңдап алған табиғи ресурстың еліміздің қай аймағында кездесетінін түсіру.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.Үй тапсырмасын <<кубизм>> әдісі арқылы сұрау.
<<Кубизм>> әдісі:
А) Баяндау
В) Топтастыру
С) Зерттеу,
Д)Ұсыныс айту

VІ. Жаңа тақырып. Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар
Жұптық жұмыс:
Оқушылар мәтін туралы мағлұмат берместен бұрынадам экологиясы, Адам тіршілігі үшін эклогиялық қолайлы және қолайсыз аудандар туралы не білетіндерін бір-бірімен ақылдасып, білемін бағанын толтырады.

БІЛЕМІН

Жұптық жұмыстан соң сыныпты үш топқа бөліп аламыз. Бөліну үшін қиылған открыткаларды құрау керек осыған қарап топты құрайды. Топты бағалау үшін тәуелсіз сарапшы болуы керек( мұғалім немесе жоғарға сынып оқушысы)

-Бүгінгі сабағымызда еліміздегі экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандарға саяхат жасаймыз. Оған барар жолымыздакөптеген кедергілер бар екен, одан өту үшін экологиялық қолайлы, қолайсыз аудандар және экологиялық проблемалардың шығуы туралы тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба?
1-тапсырма
Кескін картаға еліміздегі экологиялық ахуал ушыққан аудандарды түсіру. ( Әр бала өзінің кескін картасымен жұмыс жасайды)

2-тапсырма
Еліміз бойынша экологиялық жағдайлардың асқынуына не себеп? сол бойынша кестені толтыру. (Оқушылар еліміз бойынша экологиялық қолайсыз аудандар,экологиялық апаттардың шығу себебі және осы экологиялық апаттардың алдын-алуы жөнінде өз идеясын кестеге түсіру)
Экологиялық қолайсыз аудандар
Экологиялық апаттардың шығу себебі?
Экологиялық апаттардың алдын-алуы жөнінде өз идеям

3-тапсырма
Өндірістік ірі қалалардағы экологиялық тұрақтылықты бұзатын факторларды сипатта.
( Үш топтан бір бала шығыпауызша қорытады)
4-тапсырма
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін сұрақтар қою.
1.Өндірісті қалалардағы жағдайдың адам денсаулығына қандай әсері бар?
2.Өздерің тұратын жердің табиғат жағдайлары адам өмірі үшін қолайлы ма?
3. Еліміздегі табиғаты әсем, көрікті жерлерді ата?
( осы жерде балаларды сергіту үшін еліміздің көрікті жерлерін көрсету)

ІV.бөлім. Бекіту.
Үш топқа флипчарт таратылып Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар туралы өз түсінгенін кластер арқылы білдіру.

V. Бөлім. Бағалау.
Оқушыларды бағалау үшін ортаға бағалаушы шығып үш топтың жинаған ұпайын белсенділіктерімен қоса айтып кетеді. Ең белсенді болған топқа Қазақстанның туын береді, туды алған топ еліміздің экологиялық аймақтарын аралап оның салдарын жоюға белсене араласқан болады. Сонымен қатар жекелеген оқушыларды бағалау.
V.бөлім. Рефлекция.
Смайликке бүгінгі сабақтан алған әсерін түрлі карточкалар арқылы білдіру

VІ. Бөлім. Үй тапсырмасы.§50 мазмұнын оқып келу
Белсенділігі төмен екі оқушыға кескін картаға адамның өмір сүруі үшін қолайлы аудандарды түсіріп келу. БАЛТАШ және ЖӘНІБЕК
* Қалғандарына <<Еліміздің экологиялық қолайсыз аудандарына бір күндік саяхат>> тақырыбында шағын шығарма жазу
+ 2 Дарынды және талантты оқушыларға қосымша МАДИНА және ҚАРАКӨЗ
Қосымша білім көздерін пайдаланып, ядролық жарылыстардың адам денсаулығына әсері жөнінде хабарлама дайындау

Ұқсас жұмыстар
Негізгі қорлар мәні мен құрылымы
Мұхиттар картасы
Шығындар есебі
Мемлекеттік бюджет
Жазық жерлер
Қобда өзені аңғары флорасының пайдалы өсімдіктері
Адам және табиғат
Монографияның мәтінде кездесетін терминдердің анықтамалық сөздігі
Адамның шаруашылық әрекеті және оның шөл ландшафтына әсері
Отын энергетикалық кешен
Пәндер