Орта азия хандықтары мен патша үкіметіне қарсы азаттық күрестер

Д. Бекназарова
Астана қаласы
№64 мектеп-лицей
\
Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың Орта Азиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері
8 сынып. Қазақстан тарихы
Халқымыздың тарихы-соғыстардың
әскери жеңістер мен жеңілістердің
ғана тарихы емес. Оның қашаннан
да жасампаздық сипаты бар.
Н. Ә. Назарбаев
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімдік: Тақырып бойынша оқушылар мәлімет алады, білімдерін бекітеді.
2. Дамытушылық: Оқушылардың материалды тұжырымдап аяқтап, жүйелі ойлау, өздігінен жұмыс істеу білу дағдыларын дамытады.
3. Тәрбиелік: Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ету
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивтік тақта, Жанқожа, Есет батыр суреттері. Карта. Схема. Кесте «Дұрыс - бұрыс» ойыны, «Сиқырлы сандықша» (сұрақтарымен) .
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Ой қозғау, іздену, мәселені шешу.
Сабақтың әдісі: «Ойталқы», топтық жұмыс
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша әдісті қолдану
тақырыпқа байланысты тірек сигналдары,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
I. Қызығушылықты ояту. /2 минут/
Ой қозғап, әсер ету кезеңі. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Алдымызда қандай мереке жақындап келеді? Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер? Тәуелсіздік үшін болған көтерілістер туралы не білессіздер?
Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, жаңа сабаққа көшу
- Отаршылдық езгіге қарсы қандай көтерілістерді білесіздер?
Оташылдыққа қарсы көтерілістер жайлы білімімізді «Дұрыс - бұрыс» ойыны арқылы тексерейік.
/7 минут/
+
+
Өткен тақырыпты жинақтай келе, жаңа сабаққа көшу
Ендеше, балалар, біз бүгінгі сабағымызда отаршылдық езгіге қарсы көтеріліс басшылары Жанқожа және Есет батыр жайлы болады. Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың патша үкіметіне және Ортаазиялық хандықтарға қарсы көтерілістері. Мақсаты: Көтерілістің себептерін, барысын, нәтижесін, тарихи маңызын ашып көрсету, алған білімді бекіту
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ресей әскері Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік - Шығыс арқылы ілгері жылжи түсуі, жерді тартып алуы, шектен тыс озбырлығы, Хиуа, Қоқан хандықтарының үнемі шабуылы қазақтардың көтеріліске шығуына себеп болды. Осындай көтерілістерге халықтың қалың бұхарасын бастап шыққан батырлар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы еді.
II. Мағынаны ажырату.
Білімді кеңейту, тақырыпты ашу /20 минут/
Әрекеттік кезені.
Тақырыпты топқа бөліп зерттеу тапсырылады. Сынып 5 топқа бөлінеді.
1- тапсырма.
- Мәтінмен жұмыс. Топ тапсырмалары
Осы берілген тапсырмалар бойынша тақырыпты ашыңыздар
1-топ: Сыр өңірі қазақтарының Орта Азия мемлекетіне қарсы күреске шығуының себептері неде деп ойлайсыңдар?
2- топ: Жанқожаның Хиуа, Қоқандықтарға қарсы күреске шығуының себебі неде?
3-топ: Сыр бойы қазақтарының патша үкіметіне қарсы күреске шығу себептері қандай?
4-топ: Жанқожа, Есет батырлардың патша үкіметіне қарсы күресі туралы әңгімелеңдер. Есет батырдың, Жанқожа батырдың образына кіре отырып, сол уақыттағы жағдайды ойнаңыздар?
5- топ: Халық көтерілістерінің жеңілу себептері мен салдарлары, тарихи маңызы
Оқулықтың берілген тақырыбын оқып, материалдың ең негізгісін түйіндеп жұмыс дәптеріне жазады және әр топ өз жобаларын қорғайды. /Қорғауға әр топқа 4 минут уақыт беріледі. Қорғау көрнекілік, схема, слайд ретінде болуы мүмкін/
Мұғалім толықтырады
III. Ойтолғаныс. Білімді толықтыру, ортаға салу.
/Әр топқа-2 минут/
«Сиқырлы қобдиша» ойыны. Проблемалы сұрақтарға жауап беру.
Қобдишадан әр топ басшылары сұрақтарды алып, 1 минуттан кейін жауап береді /Өз тобымен ақылдасуына болады/
1. Топқа тапсырма:
Датамен жұмыс. Тақтаға даталарды жазу және қысқаша қандай оқиға болғанын айту.
3. ТОПҚА ТАПСЫРМА :
Картамен жұмыс.
1. Көтеріліс аудандарын көрсету
2. Орта Азия мемлекеттерінің шекараларын көрсету, астаналарын жазу, жаулап алған уақыттарын жазу
3. Райым бекінісінің құрылған уақытын жазу
3. 4 - ТОПҚА ТАПСЫРМА:
Венн диаграммасы.
Салыстырмалы талдау кестесін ватман қағазға толтыру.
Топтан 2 оқушы шығып айту. Жанқожа батыр көтерлісімен Есет батыр көтерілісін салыстыру. /Берілетін уақыт 2- минут/ .
ТОПҚА ТАПСЫРМА :
1. Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілістерінің жеңілу себептері неде деп ойлайсыңдар? Қандай салдары болды?
Сіздің ойыңызша көтерілістердің жеңуі мүмкін бе еді? Мүмкін еді деген көзқарасты ұстансаңыз өз пікіріңізді дәлелдеңіз
2. Көтеріліс түбі жеңіліске ұшыраушы еді деген көзқарасын ұстанатындар өз пікірін дәлелдеу
-Оқыта үйрету ойыны «Даналық ағаш» /4 минут/
Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақтан біз не білдік? Сабақтағы ең негізгі мәселе не деп ойлайсыз? Неліктен олай ойлайсыз? Негізгі мәселені бір сөзбен айқындап, сол сөзді тақтаға жазу. Осы сұрақтар төңірегінде әр оқушы бір сөйлеммен өз пікірін жапсырма қағазға жазып, даналық ағашына барып іледі
Бағалау парағына баға қою.
Үй тапсырмасы:
1. Жанқожа, Есет батыр туралы қосымша мәліметтер жазып келу.
Құжат материалын талдау.
2. 165 беттегі кестені толтыру
Тақырыптық сұрақтар
- Сыр бой қазақтарының 19 ғасырдың 50 жылдарындағы азаттық күресті басқарған: Ж. Нұрмаханбетұлы
- Жанқожа бастаған күрестің жаншылған жылы: 1860 жыл
- 1855 жылы шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш: сұлтан Жантөрин
- 1858 жылы қырғыз-қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген
жер: Пішпек түбі
- Ж Нұрмұхамедұлы Бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл: 1843 ж
- 19 ғ. 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған: Есет батыр
- 1858 ж наурызда басталған Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі: Әулие ата маңында болды
- Есет бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан: Арыстан Жантөре ұлы
- Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылы болған көтерілісті басты: Қазақ феодалдары мен ымыраға келу арқылы
- 1858 жылы Қоқан билігіне қарсы болған көтерілісті ң нәтижесі: Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғы шарт жасады
- Қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен жасаған ымыра: Қоқан ханы ішінара жеңілдіктер жасады
- Қазіргі Қазалы қаласының 19 ғасырдағы атауы-Райым
- 1856-57 жылдардағы Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс тірегі болған қала-Жаңақала
Қосымша материалдар
ЕСЕТ БАТЫР
Есет батыр Көтібарұлы
(1807-1888) - халықтың әйгілі батырларының бірі. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген.
1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды.
Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды. 1853-1854 жылдары Есет батырдың басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды. 1853 жылы осы көтерілісті басуға сұлтан Арыстан Жантөрин, екі казак отряды мен 200 жігітті бастаған сұлтан Таукин, Орал бекінісінен майор Михайлов пен 600 жігітті бастаған сұлтан Е. Қасымов аттанды. Патша әкімшілігінің бұл жоспарынан хабардар болған Есет батыр Көтібарұлы шекті ауылдарын Үстіртке жіберіп, өзі 800 жігітпен жазалаушы отрядтарды күтіп қалды. Жақсы қаруланған жазалаушы отрядтардың көтерілісшілерге қарсы бұл жорықтары нәтижесіз болды. Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен көтерілісті басу келесі көктемге қалдырылды. Есет батыр Көтібарұлы 1853-1854 жылдың қысын Үлкен Борсықта өткізді. 1854 жылы көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінің алдына: қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасау туралы талаптарын қойды. 1855 жылы Орынбор генерал-губернаторы Кіші жүздің бір топ билеуші сұлтандарына көтерілісті басып, Есет батырды қолға түсіруге қатаң тапсырма береді. Маусымның аяғында тапсырманы орындау үшін 900 адамдық отрядпен, өзіне бекітілген екі зеңбірегі бар казак жүздігі және дистанция бастықтарымен бірге Арыстан Жантөрин жорыққа аттанып, Ор бекінісінен 140 шақырым жер шамасындағы Елек өзенінің жоғарғы сағасындағы Суықсу шатқалына келіп бекінеді. Сұлтан ордасы мен көтерілісшілер арасында бірнеше күн бойы келіссөз жүргізіліп, екі жақ нақты шешімге келе алмайды. Осыдан кейін Есет батыр өз адамдарымен кеңесіп, сұлтан ордасына шабуыл жасауды ойластырады. 1855 жылы шілдеде көтерілісшілер сұлтан ордасын тұтқиылдан шабуылдап, А. Жантөрин бастаған он шақты би-старшындарын өлтіріп, казак отрядын талқандайды. Бұл оқиғаға мазасызданған Орынбор әкімшілігі көтерілісшілерді басуға тағы да жазалаушы отрядтар жіберіп, олар қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратты. 1856 жылы қыркүйекте әскери дала сотының үкімімен А. Есмамбетов, Қ. Қарин және Е. Айнақұловтар атылды. 1857 жылы Ерназар Кенжалин, Бекет Серкебаев, тағы басқа 18 адам Сібірге жер аударылды. 1858 жылы қыркүйекте Бородин басқарған жазалаушы отряд көтерілісті біржолата басты. Есет батыр көтерілістен бас тартқан соң, оған кешірім жарияланды. 1859 жылы тамызда бір топ сұлтан, билермен бірге Санкт-Петерборға жіберіліп, 24 тамызда патша Александр ІІ-нің қабылдауында болды. 1861 жылы Есет Көтібарұлы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалды. 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болып бекітілді. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды. 1879 жылы ол қызметтен босатылды.
Есет Көтібарұлы жөнінде деректерді ХІХ ғасырда өзінің көзі тірісінде онымен кездескен жиһангерлер, тарихшылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері жазып кеткен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz