Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мәндес сөздер

Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға мәндес сөздер туралы түсінік беру. Ережені меңгерту.
Дамытушылығы: көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына пайдалануға баулу. Сөздерді мағынасына қарай ажырата білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, мәдениеттілікке , өз ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат, қоржын, сандықша, ойын элемент.
Әдісі: СТО, жуан, жіңішке сұрақтар.
Түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың барысы
* Амандасу
* Алақанымыздағы бес саусақ арқылы бағалау.
І. Мотиациялық бағдарлау кезеңі.
Ертеректе бір ханның Батыр, Ержүрек, Батыл, Өжет, Өткір атты ұлдары болыпты. Хан ұлдарына үлкен жер бөліп беріпті, жеке хандық еткісі келеді. Бірақ балалары бір хандықта тату - тәтті бірге өмір сүруді ойлайды. Сөйтіп, олар ат қою үшін бәйге жариялайды. Балалар бізде сол хандықтың атын тауып, бәйгені бірінші болып алсақ қайтеді ? Ол үшін, төмендегі жұмбақтарды бірінші әрпін қосып айтсақ, хандықтың аты белгілі болады.
1. Белі бүкір, алысқа түкір. (Мылтық)

2. Шұқшитқан кеп әуелі, (Әліппе)
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап?

3. Жарқ етсе сабау қамшы, көрсетіп жауар тамшы. (Найзағай)

4. Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де, (Доп)
Тебеміз сәті түссе аяқпен де.
Тоңпаңдап жүреді ұрған сайын,
Басынан сыйпамайды аяп пенде.

5. Ти тесем , тимейді, (Ерін)
Тиме десем тиеді.

6. Сырт - сырт соғады, (Сағат)
Уақыт озады.
* Жұмбақтың алғашқы әріптерін қосқанда қандай сөз шықты? Мәндес. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Мәндес сөздер.

* Олай болса ережесін еске түсірейік:

* Мағыналық жақтан бір - біріне жуық сөздерді - мәндес сөздер дейміз.

ІІ.Қызығушылықты ояту.
-Ертеде мәндес сөздерді іздеуге ақылды, мұңды, батыр адамдар шыққан екен. - Кәне,оларға көмектесіп, сөздерді мағынасына қарай ажыратып, орындарына орналастырайық.

Ақылды Батыр Мұңды
мықты
зерек
дана
түнеріңкі
зейінді

жабыраңқы
күшті
ержүрек
уайымшыл

Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
К к Қ қ
Көгершін кептер қарлығаш қарға
<<Кім тез табады?>> Ұяшықты таңдап, санды өрнектің мәнін тауып, шыққан сөздерге мәндес сөздер жазу. (Тақтада) 1 сөз

24 батыр
6 :: 4
24 талапты
24 атақты

атақта

8 :: 3 48- 24
24 әділетті
24 ақылды
24 батыр

12 + 2 :: 6 3::6 + 6 18 + 36: 6

24 Талапты сөзіне сөйлем

5 :: 6 -6
Атақты: әйгілі, танымал
Батыр: ер, ержүрек
Талапты:ынталы, өнерлі,
Ақылды: дана , зейінді
Әділетті: адал
24 саны бүгінгі күнде нені білдіреді?
( Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығын)
* <<Мемлекет>> сөзіне , бес жолды өлең
Зат есім : Мемлекет
Сын есім: тәуелсіз, дербес
Етістік: көркейеді, дамиды, гүлденеді
Сөйлем: Тәуелсіз мемлекетіміз күннен күнге көркеюде.
Синоним: мемлекет, ел

*** Сергіту сәті

* Біздің еліміздің тәуелсіздігінің 24 жылдығына арнап сіздерге қоржын даярлап әкелдім. <<Оқушы тақтаға шығып қалташадан сөйлемді таңдап алып, сөйлемнің ішінен бір сөзі таңдап, сол сөзге мәндес сөз жазу.

1. Дәруменнің адам денсаулығына үлкен ( көп) көмегі бар.
2. Абзал каникулда әжесіне қолғабыс (көмек)етті.
3. Жер бетіне нұрын шаша күн (нұры,сәулесі) шығып келеді.
4.Күн сәулесі бөлмеге жарық (жылу) беріп тұр.
5.Нұрдәулеттің үйіне алыстан (ұзақтан) қонақтар келді.
6.Мал фермасы ауылдан қашық (алыс)орналасқан.

3- жаттығу
Суреттер бойынша берілген сөздер қай суретке сәйкес келеді?

Бала,сәби, перзент;
Ақылдасу, кеңесу;
Егу, себу, отырғызу;
Басқыш, саты;
Ағарту,әктеу;

Мәндес сөздерге сөйлемдер құрастыру.

5- жаттығу. Сандықша ішінен тапсырмалар.(Сөздер жазылған карточкалар арқылы әр бала жұбын табады.) 10 оқушы тақтаға шығады. (Ауызша)

1. Жуас 5. Майысу
2. Мереке 6. Момын
3. Зат 7. Нәрсе
4. Жұмыс 8. Қызмет
9. Иілу 10. Мейрам
11. Қиын

3 мәндес сөзге сөйлем құрастыру.

4- жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздерді төмендегі мәндес сөздермен ауыстыр.

Бір топ оқушы шаңғы тебуге шықты. Олар тайғанақ (сырғанақ) жолмен жүріп, тау етегіне жетті. Таудың биік қиясымен ( беткей)көтерілу де оңай (жеңіл) болған жоқ. Таудың басы тік екен, оған шығу тіптен қиын (ауыр)болды.
Мәндес сөздер: беткей, сырғанақ, жеңіл, ауыр.

Ой толғаныс.
Еліміздің тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына байланысты бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық .Берілген <<Қанат>> сөзінің әр әрпіне мәндес сөздер ойлап тауып жазайық.
Қ - қайратты, қажырлы, т.б.
А - ақкөңіл, ақжарқын,адал, т.б.
Н - намысшыл, намысқой
А - ақылды, аңғарымпаз
Т - тапқыр, талантты.
Міне осы айтылған жақсы жылы сөздер мағыналары жуық мәндес сөздер (синоним)

Сайқымазақ арқылы сабағымызды қорытындылау

ІV. Үй тапсырмасы. Ереже. 6 жаттығу 106- бет.
V. Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 2-сынып
Қарсы мәндес сын есім туралы
Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Мағынасы бір-біріне жуық сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер 4- сынып
Қарсы мәндес сын есім
Тақырып - Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы жайлы ақпарат
Қазақ тілі сабақ жоспары
Пәндер