2-3 амалдан тұратын қосу, азайту, көбейту және бөлу есептерін шешу - топтық сайыс сабағы

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Еңбекші негізгі жалпы білім беретін

мектебінің І санатты

бастауыш сынып мұғалімі

Досмуханова Қарлыға Камешовна

Сабақтың тақырыбы: Қосу, азайту, көбейту жіне бөлу амалдарына 2, 3 амалдардан тұратын есептер .

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік : Қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарына 2, 3 амалдардан тұратын есептертер шығаруды үйрету.

Дамытушылық: Берілген тақырып көлеміндегі оқушылардың білікілік дағдысын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды іздемпаздыққа жекелей жұмыс істей білуге, тез ойлап дәл жауап беруге тәрбиелеу.

Деңгейлік тапсырмаларда есептер орындату

Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабағы .

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, таратпа материалдар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, құралдарын тексеру.

Бүгінгі сабақ топтық сайыс, ойын сабағы. Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы екі топқа бөлемін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№7 . А) Центнер және килограммен:

502 кг =5ц2кг 960 кг=9ц 60кг

207 кг =2ц7 кг 600 кг=6ц

Ә) Сағат және минутпен:

65 мин=1сағ5мин 180 мин=3сағ

69 мин =1сағ9 мин 360 мин=6сағ

ІІІ. Ой қозғау Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін слайдқа жазылған сұрақтар қою арқылы тексеру.

  • 1 қорапқа 7 қарындаш сыяды, 8 қорапқа неше қарындаш сыяды?
  • Мектеп асханасында 25 кг-нан қант бар. Әр қайсысында 10 кг-нан тағы 5 қап қант әкелінді. Асханада енді неше кг қант болды?
  • 18 кг жидектерден 10 л тосап дайындалды. 20 л тосап дайындау үшін неше кг жидек қажет?

ІҮ. «Ой шақыру» стратегиясы бойынша

«Білім көзі кітапта» - оқулықпен жұмыс.

№ 2 104-бет

ІҮ. Сергіту

Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік.

Ыршып алға түсейік,

Ыршып артқа түсейік.

Көбелекше ұшамыз,

Отырамыз, тұрамыз.

Сергітуге мың алғыс

V. Деңгейлік тапсырмалар.

35:5+5•6 = 8•5+32:4 =

(22+8) :5= (70-5•4) -9 =

5·(38-34) +59= 82-5·8+27:3=

V. Сабақты қортындылау.

Тест жұмысы.

1. Өрнектің мәнін тап:

(14+36) · 5

А) 200 ә) 250 б) 205 в) 255

2. Есепте: 20-(11-4 • 2)

А) 17 ә) 61 б) 15 в) 20

3. Бірінші бумада 32 м мата, екіншісінде одан 4 есе аз мата бар. Екі бумада неше метр бума бар?

А) 28 м ә) 8 м б) 12 м в) 40 м

4. 789-х=27:3 теңдеуінің шешімін тап.

А) 9 ә) 780 б) 789 в) 790

5. Бір қорапта 8 алма, ал екіншісінде одан 2 есе артық. Екінші қорапта қанша килограмм алма бар?

А) 16 кг ә) 10 кг б) 18 кг в) 19 кг

Жауаптары: 1. ә 2. а 3. в 4. ә 5. а

VІ. Үйге тапсырма. Ережелерді қайталау. № 7. 105 бет

VІІІ. Бағалау.

V. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей. А

70•10 = 70:10= 340:10 =

83• 10= 200 :100= 230:10 =

ІІ деңгей В

3• (40+30) = (20+60) •9 =

(450+50) :5 = (80+120) : 40 =

ІІІ деңгей. С.

  1. 10• (35+65) : 10 = 2) 3•100+800:10 =

3) Бір дорбада 25 қызыл және 15 жасыл моншақ бар. Осындай 10

дорбада неше моншақ бар?

Тест жұмысы.

  1. Өрнектің мәнін тап: (70+10) •10

А) 80 ә) 800 б) 8

2. Дұрыс теңдікті көрсет

А) (60+30) •5= 450 ә) ) (60+30) •5= 400 б) ) (60+30) •5= 350

3. * Егер 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа пісу үшін қанша уақыт қажет?

А) 4 мин ә) 1 мин б) 3 мин

4. Бақта 9 қатар алма, 8 қатар алмұрт көшеті отырғызылды. Әр қатарға 10 ағаштан отырғызылды. Барлығы неше көшет отырғызылды. ?

А) 70 ә) 170 б) 17

5. Дұрыс теңсіздікті көрсет

А) 7•10 › 40 ә) 6•10 › 9•10 б) 85 ‹ 8•10


Ұқсас жұмыстар
Екілік санау жүйесіндегі арифметикалық амалдар: қосу, азайту, көбейту және бөлу
Үш амалдан тұратын жақшалардағы арифметикалық амалдардың орындалу реті
2-сынып математикасы: Екі және үш амалдан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру
5-сынып математикасы: Ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу бойынша бекіту сабағы
Сабақ жоспары: Екі амалдан тұратын есептер
2-сынып математика: Ауызша қосу және азайту тәсілдері мен теңдеулерді шешу
5-сынып математикасы: Ондық бөлшектерді қосу, азайту және натурал санға көбейту тақырыбын бекіту сабағы
3-сынып математикасы: кестеден тыс қосу және азайту - жинақтау сабағы
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту: сайыс түріндегі жүйелеу сабағы
2-сынып математикасы: 7 санын қосу және азайту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz