4-сыныпқа арналған Жас суретшілер сайысының өткізу жоспары (пән мұғалімі Нажетова Сырға Асылбекқызы)

«Жас суретшілер» сайысы

Пән мұғалімі : Нажетова Сырға Асылбекқызы

4-сынып

25. 11. 2014ж.

Мақсаты:

Балаларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.
Құрал - жабдықтар:
Сайыстың барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Жас суретшілер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1
2
3

Бүгінгі сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Аппликациялық сурет
3. Өсімдіктерді құрастыр
4. Айырмашылығын тап
5. Шебер - фломастер
6. Қыс мезгілін бейнелеу

Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Суретші балаларды шақырамыз.

І топ «Бояулар»
ІІ топ «Қарындаш»

І. Таныстыру
Топпен таныстыру;
«Бояулар», «Қарындаш»

ІІ. «Аппликациялық сурет »
Түрлі - түсті қағаздан балапан бейнесін жабыстыру.

ІІІ. «Өсімдіктерді құрастыр»
Бөлшектерге бөлінген өсімдіктердің бейнесі. Өсімдіктерді түр - түріне қарай құрастыру.

IV. «Айырмашылығын тап» Топ басшыларына тапсырма.
Екі топ басшыға сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.

V. «Шебер - фломастер»
Фломастерлермен суретті анық бояп шығады.

VI. «Қыс мезгілін бейнелеу» (топ оқушылары бірігіп салады)
Балалар өз бетінше қыс мезгілінің бейнесін қағаз бетіне салып, акварель бояуымен бояйды.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар
, - деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Балалар, жарайсыңдар! Бүгінгі сайысқа бәріңіз де ат салысып қатыстыңдар.

Марапаттау рәсімі. (музыка әуенімен сайыс аяқталады)


Ұқсас жұмыстар
Жас информатиктер сайысының өткізу бағдарламасы мен әдістемесі (8-сынып)
Жас дарындар сайысының мақсаты, құрылымы және өткізу ережелері
Бейнеу гимназиясының 4 А сыныбына арналған Қош, бастауыш мерекелік ертеңгілігінің сценарийі (пән мұғалімі Оразалы Ақмарал Әсенқызы)
8-сыныпқа арналған Үздік информатик сайысының сабақ жоспары мен өткізу бағдарламасы
1 сыныпқа арналған Тапқыр достар сайысының сабақ жоспары және өткізу тәртібі
Сабақ жоспары: сумоншақ пен моншақтан сырға жасау
6 а сыныбына арналған суретшілер шығармаларын талдау сабақ жоспары
Жас Архимедтер математикалық сайысының бағдарламасы мен тапсырмалары (4-сыныптар арасындағы)
9-сынып үшін сызу пәнінің орта мерзімді оқу жоспары (пән мұғалімі: Кадыр Даулет Қадырулы)
Информатика білімгерлері танымдық сайысының өткізу жоспары мен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz