Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Математика әлемі

Жаңаөзен мектеп - гимназиясы

Қалалық сырттай сыныптан
тыс іс - шара

Тақырыбы: Математика әлемі

Дайындаған: А.Д.Сүлейменова
3 <<В>> сынып

2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Математика әлемі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға түрлі тапсырмаларды орындата отырып, математикаға
деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген құштарлықтарын дамыта отырып,
отансүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың интеллектуалдық біліктілігін дамыту.Олардың
логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,ізденіске баулу.
Мазмұны: Сайысқа 6 оқушыдан құралған 3 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны -18.
Ойын 5 кезеңнен тұрады
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі:Қима қағаздар, математиктердің суреттері
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар және оқушылар
-Бүгінгі <<Математика әлемі>> атты сайысымызға қош келдіңіздер!
-Балалар, үстел үстіндегі өзіңізге ұнаған түстердегі фигураларды таңдаңыздар.
-Осы геометриялық фигуралардағы түстер бойынша топтарға бөлінеміз.
-Қызыл түстілер бір топ.
-Көк түстілер бір топ.
-Сары түстілер бір топ
-Балалар, менің сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.
- Сендер неге қызыл түсті таңдадыңдар? Ол нені білдіреді?
-Ал сендер неге жасыл түсті таңдадыңдар? Ол нені білдіреді?
-Ал сендер неге сары түсті таңдадыңдар? Ол нені білдіреді?
-Түстерге тоқталып әр түстің нені білдіретінін түсіндіру.
-Балалар біз бұл фигураларды қай пәнде қолданамыз? Математика
-Балалар, біз бүгін математикадан алған білімімізді ортаға саламыз.
Балалар,топ аттарымен таныс болайық
І топ - Әл - Фараби атында
ІІ топ - Пифагор атында
ІІІ топ - Архимед атында
Әр топ өз топ басшыларын сайласын.
Осы топтардың жауаптарын есептеп отыратын сарапшыларымызды таныстырып өтейін
Ережеге бағына отырып <<Ойна да, ойла>> атты интеллектуалды сайыс сабағымызды бастаймыз. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
І <<Таныстыру>>
ІІ. <<Жылдам жауап>>
ІІІ. <<Әзіл шыны аралас>>
IV. <<Математикалық мақалдар>>
V. <<Кім тез сурет салады?>> сан есімдерді пайдаланып бейненің суретін салу
VI. <<Пирамида құрастыру>> көбейтуге берілген пирамида құрастыру
VII. <<Тауып оқы>>

І топ:Әл-Фараби туралы не білесіңдер?Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым, математик.
ІІ топ: Пифагор туралы не білесіңдер? Грек ғалымы ,математик,көбейту кестесін жасаған.
ІІІ топ : Архимед туралы не білесіңдер? Аса көрнекті грек ғалымы, математик.Әр түрлі фигуралар мен денелердің ауданын және көлемін табу әдістерін тапқан.
ІІ.Бөлім: <<Жылдам жауап>> сұрақтарға тез жауап беру.
1-топқа арналған сұрақтар:
1. 1пұт
2. Үш мүшел
3. 1 сүйем
4. Ат шаптырым
5. Салыстыру амалдары үшін белгілеулерді ойлап тапқан : <<>>> (үлкен) және <<<>> (кіші) ағылшын математигі кім?
6. Г.В.Лейбниц кім және математикада нені ойлап тапқан ?

2-топқа арналған сұрақтар:
1. 1 мүшел
2. 1 құлаш
3. Мысқал
4. Шақырым
5. Белгісіз санды немесе шаманы х,у, z әріптерімен белгілеулерді ұсынған атақты математик кім?
6. Әл - Бируни кім және математикада басқаға ұқсамайтын қандай әдістерді енгізді?
3- топқа араналған сұрақтар:
1. Екі мүшел?
2. 1 қадақ?
3. Қарыс?
4. Таяқ тастам жер ?
5. Математикада теңдік белгісін (=) пайдалануды ұсынған математик кім?
6. Әл-Хорезми кім және математикада қандай ұғымды енгізді?

ІІІ.Бөлім: Әзіл-шыны аралас.
Әзіл есептердің жауаптарын қай топ дұрыс табатынын анықтау. Дұрыс жауапқа бір ұпай
Сұрақтары:
1. 33 қаңтар деген не?
2. Үстелдің төрт бұрышы бар еді ,біреуін кесіп тастады.Неше бұрашы қалды? 5 бұрыш
3. Қай айлардың атауы Р - ға аяқталады?Қаңтар,суір,мамыр.
4. Бұтақта үш қарға отыр еді,аңшы оның екеуін атып тастады.Неше қарға қалды? екі
5. Екі емен ағашы өсіп тұр.Әр ағашта 2 бұтақ ,әр бұтақта 2 алмұрттан .Барлығы неше алмұрт? Емен ағашында алмұрт өспейді.
6. Кәрзеңкеде 4 алма бар.Соны төрт балаға бір алмадан бөліп беру керек.Біреуі кәрзеңкеде қалу керек.Қалай бөледі? Бір бала алманы кәрзеңкесімен алады.
7. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады.Әр қайсысы неше сағат ойнады? 2 сағат
8. 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр? Тең
9. Қаздар ұшып келе жатты:Бір қаз алда,екеуі артта ,біреуі артта,екеуі ала,біреуі ортада.Барлығы неше қаз? 3 қаз
10. Жолаушы қалаға келе жатты.Оған үш танысы қарсы шықты.Олардың қасында балалары бар.Қалаға қарай неше жолаушы келе жатты? 1 жолаушы
11. Үш бала Дәулет,Санжар,Еркін дүкенге келе жатты.Олар жолдан 10 теңге тауып алды.Егер Еркін дүкенге жалғыз келе жатқан болса неше теңге тауып алар еді? 10 теңге
12. 188 санын әрқайсысы жүз шығатындай етіп қалай екіге бөлуге болады? 188 санын қағазға жазып санның бел ортасынан горизонтал сызық жүргізсе сызықтың үстінде 100,астында 100 болатын еді.

IV. <<Математикалық мақалдар>> Бұл бөлімнің шарты үстел үстіндегі сандарды алып, сол санға байланысты мақал тауып жазуларың керек.Мақалдың мағынасын түсіндіру
Ендеше <<Математикалық мақалдар>> бөлімін бастаймыз.
Бір - Екі елі ауызға, бір елі қақпақ.
Екі - Екі жүзді адам, екі жүзді пышақтан жаман
Төрт - <<Төртеу түгел болса төбедегі келеді,
Алтау ала болса ауыздағы кетеді.>>
Бес - Бес саусақ бірдей емес
Алты - Айла алтау, ақыл жетеу
Жеті - Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл.
Сегіз - Сегіз қырлы, бір сырлы.
Қырық - <<Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ>>
Елу - <<Елу жылда ел жаңа>>
Тоқсан - <<Тоқсан ауыз сөздің,тобықтай түйіні>>
Жүз -<<Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын>>

V. Пирамида құрастыру.
VI . <<Тауып оқы>>
І топ Берілген кестенің бетіндегі сандарды ретімен орналастырып , сәйкес әріптерді қойса өлең шумақтары шығады. Өлеңді жалғастыр, авторы туралы не білесің?
А.Құнанбаевтың туғанына биыл жүз жетпіс жыл толды.

ІІ топ.Сиқырлы шаршыны шеш. Сиқырлы шаршыдағы сандардың қосындысының мәні нені білдіреді?

5

7

9

8

Ассамблеяға -20 жыл
ІІІ топ Сандарда жасырынған сөзді тауып оқы
15111115 30118737637
Қазақ хандығы
Видеоролик <<Қазақ хандығы -550 жыл>>
Қорытынды: <<Аты саннан басталатын қандай өлең жаттадық? Есімізге түсірейікші? >> - деп , М.Мақатаевтың <<Үш бақытым>> өлеңін жатқа айтқызу.Оқушыларды марапаттау, орын беру.

Жаңаөзен мектеп - гимназиясы

2-3 сыныптар арасында өткен << Біз үлгі алатын ұлы тұлғалар>> атты апталық аясында

Ашық сабақ
Математика
<<Қосындыны санға көбейту>>
(көбейтудің үлестірімділік қасиеті)

3 <<В>> сынып
Сүлейменова Айгүл

2015-2016 оқу жылы

04.02.16ж
Математика
Сабақтың тақырыбы:Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды көбейтудің үлестірімділік қасиетін есеп шығарудағы қолайлы тәсіл ретінде пайдалану біліктігін қалыптастыру
Дамытушылығы:Зейінін , жадын , тілін, шамалармен амалдарды орындау білігін дамыту.Өтілген материалды талдауға үйрету
Тәрбилігі:Ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдіс - тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі:сызбалар , кестелер, суреттер , электронды оқулық, І mektep.kz
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа даярлығын тексеру.Алдағы іс- әрекетке психологиялық дайындық.
-Бүгінгі ауа-райы қандай? Сендердің көңіл - күйлерің қандай?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев <<Үш тілді - мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс.Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл қатар келе жатыр.Біз осылай үш тұғырлы тілді қолдансақ , түбінде жолымыз ашық болады>>,- деп баса айтқан болатын.Елімізді бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын мемлекет ретінде тануы үшін де үш тұғырлы тілдің маңызы зор.Халқымыздың рухани дамуы жолында да көптілдіктің берері көп.Бүгінгі сабақ ерекше Біздің сыныбымызға қонақтар келіп отыр.Сендер білімдеріңді көрсетіп сабаққа белсенді қатысады деген ойдамын.
-Ендеше сабағымызды бастаймыз.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру І mektep.kz Математика көбейту тапсырмаларын орындату.
Ойын Бос орынды толтыру Артығын алып тастау
ІІ.Мотивациялық бағдарлау кезеңі
Қызығушылықты ояту. Жаңа сабақ
Тақырыпты хабарлау , мақсатын түсіндіру Электронды оқулықпен жұмыс 2 тапсырма
Ауызша жұмыс. Күрделілігі жоғары жаттығу Дұрыс жауабын тап:
2 м = дм 4 дм= см
3 см = мм 1 м = см
7 м[2] = дм2 6 дм2= см[2]
5 см[2] = мм2 8а= м[2]
-Балалар ар дегеніміз не?
-Санның квадратын ойлап тапқан кім екеннін білесіңдер ме?
Кестемен жұмыс
4 есе арттыр
9
6
8
60
100
4 есе кеміт
16
36
28
40
400

-Бұл жерден қандай қорытынды шығаруға болады?Көбейту мен бөлу өзара кері амалдар
Операциялық - орындаушылық кезең
№3.1 қатар (1 баған) 2 қатар (2 баған ) 3 қатар (3 баған)
(6+4)*9 (7+8)*3 (3+7)*8
(3+8)*6 (8+2)*5 (6+6)*4
Зейінділік ойыны:
ОИеАЫІӘҢАЭЮБЕАОЫк жазбасындағы Е әрпінен басқа барлы дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар.Қандай сөз шықты? ( еңбек, труд , work)
ОЙтАЫІӘлФЭЮЫЕПОЫОӘ жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (талап , старание ,сlaim)
ОЙБАЫІӘАЭЮлЕАОЫіоАӘМЭЮ жазбасындағы І әрпаінен басқа барлық дауысты дыбысты сызыр тастаңдар. Қандай сөз шықты? (білім , знание,knowledge)
Тақтамен жұмыс №5
1 қатар
(506-127)-600/10= 379-60=319 50*6+30*6=480 (800-2387)-70*2=422
800/40/10+670=672 5*(127+73)/100=10 (76+24)*4-216=184

Сергіту сәті:
Теңдеулерді шеш Электронды оқулықтан орындату
Есеп шығару №8 Жұптық жұмыс
4 орын , 6 орынды - 3 рет Шешуі: (4+6)*3=30
Ұшты - ? оқушы Жауабы:30 оқушы ұшты.
Әуе шары туралы не білесіңдер?
Сендер әуе шарына мініп көрдіңдерме?
Көтерілді 245 м және 255 м Барлығы - ?
Қайта түсті - ?
Хан Тәңірі тауы қайда орналасқан?
Басқа қандау тауларды білесіңдер?
№10. Ауызша (3+2)*2=5*2=10 Жауабы:10 шашақ керек
Білімді бекіту:
№12 Өрнектердің мәнін табу 1 мин
(9+2)*4 (6+10)*5 (5+10)*2 (4+10)*4
(10+7)*3 (10+9)*9 (10+8)*3 (10+9)*3
Шығармашылық жұмыс:
1 - қатар 2- қатар 3 - қатар
Тік төртбұрышты сызып Ребус шешу Көбейтуг арналған
Ұзындығын 9 см арттыру Декард пирамида құрыстыру
Жауабы: 18 см-ге
Рене Декард (1596-1650) - атақты француз математигі . Ол белгісіз санды немесе шаманы x , y , z әріптерімен белгілеуді ұсынған (1637 )
ІІІ.Рефлексиялық - бағалау кезеңі
Рефлексия <<Таңдау>>
1.Мен сабақта жұмыстандым белсенді, енжар
2.Өз жұмысыма ризамын , риза емеспін
3.Сабақ маған тез , ұзақ өтті
шаршадым ,шаршамадым
4.Сабақта мен жақсардым , нашарладым
5.Менің көңіл - күйім қызықты , қызықсыз

6.Сабақ материалдары маған түсінікті , түсініксіз
пайдалы , пайдасыз
Үйге тапсырма: №4,7 39-бет
Бағалау.

Жаңаөзен мектеп-гимназиясы

Қалалық
<<Үздік десант сынып сағаты>>

Тақырыбы: Жаным толған жақсылық

Бастауыш сынып мұғалімі:
Сүлейменова Айгүл

2015-2016 оқу жылы
Күні : 03. 03.16ж
Қатысушылар: Оқушылар
Үздік десант сынып сағаты
Тақырыбы
Жаным толған жақсылық
Мақсаты
Оқушыны өзін-өзі жетілдіруге, адамгершілік қасиеттерін дамытуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже
1.Уақытқа бағынды
2. Бір-бірімен жақын танысды 3.Тапсырмаларды бірлесе, ұйымшылдықта орындайды
Қолданылатын материал
Бейнефильм, мақал-мәтелдер.

Іс-шаралар
Жүргізушінің іс-әрекеті
Қатысушылардың іс-әрекеті
1 минут

І. Ұйымдастыру
Психологиялық тренинг
Күннің шапағы
Қимылдармен көрсетеді. Тренинг арқылы көңіл- күйілері көтеріледі
2 минут
ІІ.Топқа бөлу
Оқушыларды гүлдер арқылы топқа бөлу
Бәйшешек тобы Жауқазын тобы Сарғалдақ тобы
4 минут
Ү. Бейнекөрініс көрсету
Оқушыларға адамгершілік тақырыбында ролик көрсете отырып, адам-гершілік сөзінің мағынасы түсіндіру
Мұғалім
Оқушылар Оқушылар бейнеролик көру арқылы адамгершілік сөзінің мағынасын түсінеді
3 мин
Ой қозғау
Бейнероликтен не көрдіңіздер?

7 минут
Шығармашылық тапсырма

І топ Пазл құрастыру

ІІ топ
Адамгершілікке қандай қасиеттер жатады?
ІІІ топ Тірек сөздерді пай-даланып өлең құрастыру
Қиылған суреттерді құрастырады Оқушылар құрастырған суреттер бойынша әңгімелейді
Адамгершілік сөзін топтастыру
Адамгершілікке жататын қасиеттерді үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу т.б. Өлең құрастыру Тірек сөздерді пайдаланып өлең құрастыра
3 минут
Бекіту
Жаным толған жақсылық
Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол үшін беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.Риясыз жақсылық жасау-иік адамгершіліктің белгісі.
Рефлексия
(5 минут)
Кері байланыс:
Жүрекке тілек

-Қандай әсерде болдыңыз? -Сізге сабақ ұнады ма? Стикермен ойларын жазып жүрекке жапсыру

Ұқсас жұмыстар
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. 3-сынып
Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту
Қош бол, менің қасиетті әліппем ( ертеңгілік )
Санды өрнектер
Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру
Тапқырлар тобы
Қош бол, қасиетті әліппем!
Жүйріктер тобы сұрақтары
Қызықты бес пән . интелектуалды ойнын
Жұмбақтағы математика
Пәндер