Саяхат Бұйрық рай айын,(-ейін) деп едім. Мезгіл үстеу

Сабақтың тақырыбы: Саяхат

Сабақтың грамматикалық тақырыбы:
Бұйрық рай+айын, (-ейін) +деп едім. Мезгіл үстеу.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша ақпарат беру, пікірлесу арқылы

сөйлеу мәнерін қалыптастыру, тапсырмаларды орындау арқылы сөздік

қорын молайту, жазу сауаттылығын арттыру. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Танымдық, коммуникативтілік құзіретін дамыту

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ой шақыру, ойландыру, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі парақшалар, компьютер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша ассоциограмма құрыңыз.

II. Коммуникативтік тренинг

Сіз кезекті еңбек демалысыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз?

Егер еңбек демалысыңыз қыста болса, қалай өткізер едіңіз?

Шетелдерге саяхатқа шығуды ұнатасыз ба?

Жалпы, сіз саяхатқа шығуды ұнатасыз ба?

Егер мүмкіндігіңіз болса, ең алдымен қайда барар едіңіз?

Егер еңбек демалысыңыз қыста болса, қалай өткізер едіңіз?Шетелдерге саяхатқа шығуды ұнатасыз ба?Жалпы, сіз саяхатқа шығуды ұнатасыз ба?Егер мүмкіндігіңіз болса, ең алдымен қайда барар едіңіз?: Саяхаттағанды ұнатасыз ба?

Құрметті тыңдаушылар, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Саяхат» деп аталады. Бүгін біз сіздермен Қазақстанның бірнеше облыстарына саяхат жасаймыз.

http://kazradio.kaztrk.kz/images/pages/75215492754deebe51dff23a5ee4d270.png

Қазір жадыраған жаз мезгілі. Жаз - жұртшылықтың демалысқа шығып, қаланың сапырылысқан тіршілігінен бір сәт босап, еркін тынығуға қолайлы мекен іздейтін маусымы. Әрине, демалған дұрыс әрі пайдалы. Бірақ, қайда барып демалуға болады? Шет елдердегі бағасы удай қымбат демалыс орындарында ма, әлде Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан қазақтың кең даласындағы қазақы иіс аңқып тұратын емдік қасиеті зор шипажайларда ма? Ойланып көріңіз! Екінші нұсқаны таңдаған болсаңыз, бүгін Әлемтану айдары сіздерге еліміздегі ең танымал әрі басқаныкінен еш кемдігі жоқ демалыс орындары туралы әңгімелейді.

Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы . . . Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсың! Қарасаң көзің тоймайды!

Бурабай шатқалы

http://massaget.kz/userdata/uploads/u49487/1429610348_l.jpg

Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз айларында 10 000-15 000 теңгені құрайды. Жаз айларында балалар лагері жұмыс жасайды.

Алтын арқаның құтты мекені атанып жүрген бай қазыналы, көгілдір таулы көрікті өңірлердің бірі - Баянауыл жері. Қазақ халқының болашағын болжаған, дала данасы Асан Қайғы бабамыз Баян тауын көргенде "Ат ерін алмайтын жер екен. Бір түней кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады" деген екен.

http://eco-turizm.net/uploads/2012/09/%D0%BE%D0%B7%D0%B5%D1%80%D0%BE-%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D0%B9-%D0%91%D0%B0%D1%8F%D0%BD%D0%B0%D1%83%D0%BB.jpg

«Баянауыл» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі

Баянауыл - мемлекетіміздің ең сұлу өңірлерінің бірі: қарағайлы ормандар жапқан таулар, алқапта көптеген көлдер. Қазақтың ақселеу айдаласында орналасқан Баянауыл таулары жасыл аралға ұқсас. Шағын және үлкен саяхатшылар жолдары оның шатқалдары бойымен жылан тәрізді өрмелеп жатыр. Туристердің біреуін көгілдір көлдер, басқаларын - саңырауқұлақ пен жидекке бай қарағай және жапырақты ормандар, кейбіреулерін - көп ғасырлар бойы желмен және сумен жасалған туындылар - табиғи тас мүсіндері қызықтырады.

Осы табиғи саябақ аумағында үш ірі тұщы сулы көл орналасқан-Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр, сондай-ақ бұдан да едәуір кіші көлдер бар.

Ең ірі көл - Сабындыкөл (аудармасы «мыльное озеро») . Суы өте жұмсақ болғандықтан осылай атанады. Баян сұлу өзінің әдемі шашын жуып жатқанда, сабынын көлге түсіріп алған деген аңыз бар.

G:\шалкар\жасыбай көлі.jpg

Таулар баурайының арасындағы қазаншұңқырда орналасқан көлемі бойынша екінші көл -Жасыбай Баянауылдың нағыз көркі болып табылады. Демалушылар жағажайдан ашылатын сұлу көріністің арқасында Жасыбайдың мөлдір және жұмсақ суында шомылуды жақсы көреді. Аңыз бойынша көлдің жағалауында қаза тапқан қазақ батыры Жасыбайдың есімімен аталған. Оның көлемі төрт шаршы метр, тереңдігі - жеті метр. Жасыбай көлінің айналасында көптеген жағажайлар орналасқан. Халық көптеген жылдар бойы Баянауылдың тамаша ауа райын сауықтыратын орын ретінде жырлап келеді. Көлдің басында біршама демалыс орындары бар. Мысалы “Березка” демалыс үйінің маңайында адамдар шипалы балшықты жинайды .

Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көл. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда сондай мөлдір болмағанмен балыққа бай, әсіресе сазан көп, сондықтан ол балықшылардың сүйікті орны.

Баянауылдың ең биік нүктесі -(1 027 м) -Ақбет тауы. Ел аузында бұл тау сүйіксіз адамға тұрмысқа берілгендіктен таудың төбесінен құлап өлген Ақбет деген қыздың атымен аталған деген аңыз бар.

Өңірдің көз тартар жерлерінің бірі - көлдің оңтүстік батысында орналасқан Әулиетас үңгірі. Үңгір төмендеген сайын тарылып 22 метрге дейін созылады. Оның ең түбінде ортасында ойығы бар тас жатыр. Сол шұңқырға төбеден және қабырғалардан аққан суық су жиналады. Жергілікті халық арасында су шипалы деп есептеледі.

Баянауыл тауларының құпиялы орындары - көркем сайлар. Сайлардың түбінде мөлдір бұлақ суы сарқырап жатады, таңқурай мен қарақат қалың тоғайы көз тартады. Одна Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сирек кездесетін өсімдік - қырыққұлақ өседі.

http://visitkazakhstan.kz/uploads/img/148577%282%29.jpg

Қарқаралы - Қарағанды облысының ең байырғы, әрі мәңгі жас қаласы. Кезінде Қарқаралы арқылы Орта Азиядан Сібірге бағытталған керуен жолдары өткен.
Қарқаралы ауданының аумағы - 35, 4 мың шаршы км. Жалпы халқының саны - 50600 адам.
Қарқаралы - табиғат мол байлық сыйлаған Сарыарқаның шағын ғана бір бөлігі. Мұнда құнарлы жайылым, сарқылмайтын су көздері, таулар кездеседі. Таулар… олардың сұлбасына көп қарасаң, солғұрлым қандай бір құпияны ашқандай боласың, толқи түсесің. Сондықтан да жұмбағы көп таулармен әрбір кездесу көңілге қуаныш әкеледі. Қарқаралы таулары - табиғаттың таңғажайып бірегей туындысы. Оған алыстан көз салсақ, әйелдердің қауырсынмен әшекейленген ежелгі бас киімі - қарқараға ұқсайды екен-ау деп ойлайсың.

https://expo2017astana.com/kz/images/news/kar_photo3.jpg https://expo2017astana.com/kz/images/news/kar_photo4.jpg

Шығыс қазақстан облысы Марқакөл

http://el.kz/media/images/tiny_images/c33ac15ba6ab3b74ebaed3636e7ef02e.jpg http://altaynews.kz/kaz/uploads/posts/2013-10/1381923367_-kz.jpg

Шығыс Қазақстанда Марқакөл деген табиғаты әсем көрікті жер бар. Тіпті сонда республикамызда құрылған алтыншы мемлекеттік қорық орналасқан. Қорықта көптеген шипалық мәні бар жоғарғы сатыдағы өсімдіктер де баршылық. Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай (табан, сазан, аққайран, хариус, майқан, қарабалық, мөңке балық, т. б. ), зоопланктонның 60 түрі кездеседі. Құстың ондаған түрі мекендейді. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді және басқаларын көруге болады. Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.

Марқакөл - Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449, 3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.

Аңыздарға сүйенсек, Марқакөлдің атауы туралы да қызықты әңгімелер бар. Марқакөл қорығының табиғат байлығын, оның таңғажайып сұлу көрінісін қазақтың көрінекті жазушысы Ж. Аймауытов «Ақбілек» атты романында ерекше атап көрсеткен. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Және, бұл мекенді көрген адам сұлу жер туралы аңызды да біле жүргені абзал.

(І нұсқа)

Ерте кезде көлдің орнында кең жазық дала болыпты. Бұл жерде алуан түрлі әсем жасыл шөптер өскен екен.

Оны жайлаған бір байдың жүйрік аты бір орнында тұра ал­май, қатты мазасызданыпты. Бір кезде су атқылап шығады. Атқылаған су шөптерді, ағаштарды басып, жоғары көтеріліп, тау баурайына дейін жетеді. Ауыл көшіп үлгере алмай, байдың бір көген қозы-марқалары су астында қалып қойыпты. Осыдан барып пайда болған көл «Марқакөл» деп аталыпты.

(ІІ нұсқа)

Бұл оқиға ертеде болған. Таулардың арасындағы жазықта кішкентай ғана таза бұлақ сылдырап ағып жататын. Әкесі мен ұлы бағатын қойлар осында су ішуге келетін. Олардың отарында бір кішкентай марқа қозы болушы еді. Бір күні сол қозы бұлақтан су ішуді ойлайды. Кенет оны су тарта бастайды. Мұны көрген бала марқаны құтқаруға жүгіреді. Бірақ қанша тырысқанымен шамасы келмейді. Содан соң көмекке әкесін шақырады. Олар екеулеп тартып жүріп, ақыры қозыны құтқарады. Сол кезде бұлақтан су атқылап кетеді де, бүкіл жайылымды басады. Сөйтіп, көл пайда болды. Содан бері бұл көл «Марқакөл» аталып кетті.

Алматы облысы Қапшағай

https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=a52f9ff54c70313d12e3771cc4fdf73c&n=33&h=215&w=463


Ұқсас жұмыстар
Табиғат байлықтары. 8 орыс сыныбы
Жіктік жалғау
Тіл дамыту Отбасы сыйластығы
Қалау рай
Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалуы
Етістіктің райлары
Үстеу туралы түсінік
Қазақ тілінен мемлекеттік аралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған әдістемелік құрал
Қалау рай. қалау райдың мағынасын білу
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz