Ежелгі сақ тайпасы

Қысқа мерзімдік сабақ жоспар
Сабақтың тақырыбы : «Ежелгі сақ тайпасы »
Сабақтың мақсаты : Сақ тайпасының орналасқан жерін, тұрмыстық жағдайын, басқару ісін зерттеу, сақтардың тәуелсіздік үшін күресі туралы білу және маңыздылығын түсіну.
Күтілетін нәтиже: оқушылар сақ тайпасы туралы мәлімет алады, тұрмыстық жағдайы мен басқару ісі туралы зерттейді, тәуелсіздік үшін күресінің мәнін түсінеді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: миға шабуыл, топтастыру стратегиясы, диалог, негізгі идеяны суреттеу стратегиясы, Рефлексия, Кері байланыс « Білім ағашы», «Өзін-өзі бағалау» әдісі
Енгізілген модуль: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану. 4. Оқытудағы басқару және көшбасшылық. 5. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Дереккөздер: Оқулық, интерактивті тақта, суреттер, кескін карта, кесте, плакат, стикерлер, маркер, BLOB әдісі бейнеленген парақша.
І. Кіріспе
1. Ұйымдастыру кезең.
Оқушылармен сәлемдесу, ынтымақтастық ахуал жасау.
Топқа бөлу.
Топтастыру стратегиясы арқылы оқушыларға «теңіз», «сусын», «қалпақ» сөзі жазылған түрлі-түсті стикерлерді тарқатамын.
Оқушылар таңдаған түсіне және сөздерге байланысты топқа бөлінеді. .
Топ ережесін құрайды және сақтайды.
Міндеттерді өзара бөліседі.
4 минут
6 мин
Үй тапсырмасын сұрау:
«Сұрақ-жауаб» әдісі бойынша оқушыларға доп лақтырып сұрағымды қоямын және біргелесіп жауабын интербелсенді тақтадан тексереміз.
Доп, интербелсенді тақта
Интераті тақтадан көрсету

Миға шабуыл стратегиясы:
Неге біз топқа бөлу барысында сусын, қалпақ және теңізбен бөлдік? Бір-біріне ұқсастығы жоқ. Алайда қандай байланысы болу мүмкін? деген сұрақ қойып оқушыларға шабуылдаймын. Бұл олардың ойын жай емес, жылдам ойлануға алғашқы жаттығу болады.
ІІ. Негізгі бөлім. Топтық жұмыс:
Әр топқа Сақтарға байланысты бағыт-бағдар ретінде тақырыпшалар беремін. Сол тақырып бойынша топ ішінде талқылап, зерттеп, зерделеп өз ойларын, жауаптарын ортаға салады. Мәлімет жинақтап, түсіндіреді. Дәптерге жазады. Қамтылған тақырыпшалар:
1 топ: Сақтар. Сақтардың мекендеген жері.
2 топ: Сақтардың тұрмысы, өмір сүру салты.
3 топ: Сақтардың басқару ісі.
Әр топқа әр түрлі әдіс арқылы тақырыпшаларды түсініп, зерттеуді ұсынамын.
1-ші топ тапсырмасы: оқушыларға картамен жұмыс жасатамын, кескін картада сақтардың территориясын белгілеуді тапсырамын. Интербелсенді тақтадан тексеремін.
2-ші топ тапсырмасы: «Суреттер сөйлейді» және «геометриялық кескінділер»әдісі бойынша қой, жылқы, түйе, киіз үй тб суреттерді, төртбұрыш, дөңғалақпен байланыстырып, сақтардың тұрмысы мен өмірі туралы мәлімет беруін сұраймын.
3-ші топ тапсырмасы: «сөз-сөйлем» әдісі бойынша бұл топқа «көсем», «абыз», «жиналыс», «әлеумет» сөзін беремін, осы сөзге сөйлем ретінде, тақырыпен байланыстырып айтуын сұраймын. Оқушыға жан-жақты бағыт-бағдар беріп, топтық жұмысты белсенді етуге, кітаппен жұмыс жасауға бағыттаймын. Басқару ісі жайында мәлемет жинақтап, оқушыларға жеткізуін сұраймын. Қосымша мәлімет ретінде көрнекілік ұсынамын.
2 топ: оқушылар берілген суретке және геометриялық фигураларға қарап, сабақпен байланыстырып, сақтардың тұрмысы мен өмір сүруінің ерекешеліктерін зерттеп айтады. Сақтардың жылқы, түйе, қой бағып өмір сүргені, төрт дөңгелегі бар арбада орнатылған үйде тұрғанын, көшіп қонғанын айтады.
3 топ: оқушылар берілген сөздерге оқулықтан мәлімет іздеп, байланыстырады. Сақтардың киімдеріне қарап, қоғамда бөлінетінін, ақ киімді-абыздар, қызыл киімді- жауынгерлер, көк т. б. түсті киімділер- қарапайым шаруалар деп түсінік береді. Сақтарда көсем тайпа басшысының рөлін атқаратынын, оған тайпа бағынатынын айтады. Жиналыста ер кісілер қоғамдағы орнына, әлеуметтік жағдайына қарай орындары белгіленетінің оқушыларға жеткізеді.
Плакат,
Маркер,
Стикерлер.
Интербел-сенді тақта






Сабақты қорытындылау:
1. Сақтарды парсылар неше түрге бөлген:
А) 3, Б) 5, В) 2.
2. Дарий бастаған жорық нешінші жылдары болды?
А) Б. з. б 530; Б) . б. з. б 330-327 ; В) Б. з б. 519-518.
3. Алтын киімді адамды алғаш ашқан археолог:
А) К. Ақышев, Б) А. Марғулан. В) Байпақов
4. Сақтарда абыздардың киімі :
А) Ақ түсті ; Б) қызыл түсті; В) Сары түсті.
5. «басқа пәле тілден» деген нақыл сөздер кімнінкі:
А) Томирис ; Б) Скунха; В) Анархарсис .
6. сақ парадарайалар мекендеген:
А) Жетісуда; Б) Иранда; В) Теңіз бойында
7. Ер жүрек Шырақ ол :
А) Жауынгер; Б) малшы ; В) Көсем
8. Ескендір туралы поэманы жазған:
А) Ыбырай; Б) Абай ; В) Ж. Аймауытов .
9. Сақ қоғамы сенген:
А) Отқа, Б) суға, В) Жерге
10. 530 жылы әскер бастап келеген патша:
А) Ескендір; Б) Кир; В) Дарий.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz