Кілем түрлері туралы түсінік. Қағаздан кілемше тоқу

Бекітемін: . . .

күні: 14. 03. 2016ж сыныбы: 3 пәні: Еңбекке баулу

Сабатың тақырыбы: Кілем түрлері туралы түсінік. Қағаздан кілемше тоқу .

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға кілем өнері туралы алған білімдерін тереңдету, кілем өнерінің тоқу технологиясын үйрету, ата-бабаларымыздың асыл қазыналарына деген қөзқарасын қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз беттерінше кілем тоқи білуді үйрету, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, шеберлікке баули отырып, ұжымдық жұмысқа белсене араласуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі : аралас, шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. түсіндіру, практикалық іс- әрекетте көрсету, ұлттық бағдар беру, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер, слайд, плакаттар, үлестірме парақ, нұсқаулық қауіпсіздік ережесі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Мағынаны ажырату
  3. Қызығушылықты ояту
  4. Ой тоғаныс
  5. Қорытындылау бөлімі

1. Ұйымдастыру бөлімінде өткен тақырып бойынша «Екі жақты күнделік » әдісі арқылы кесте толтырып келу берілген болатын жазып келген оқушылар оқиды. Тақтада «Сәйкесін тап» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау

«СӘЙКЕСІН ТАП»

Ас ішетін үстел
Қоржын
Ас ішетін үстел: Матадан оюлап тігілген төсеніш
Қоржын: Алаша
Ас ішетін үстел: Жіптен тоқылған төсеніш
Қоржын: Кілем
Ас ішетін үстел: Түгі бар, тоқылған төсеніш
Қоржын: Сырмақ
Ас ішетін үстел: Түрлі жағдайға пайдаланатын матадан тігілген сөмке
Қоржын: Жозы

2. Мағынаны ажырату бөлімінде слайд арқылы оқушыларға кілемнің түрлері туралы мәлімет беріледі. Кластер әдісі арқылы түсіндіру

3. Қызығушылықты ояту

Әрі қарай бүгінгі тақырыпты ашу мақсатында ертегі әлеміне сапар шегеміз. Оқушылар оюларды таңдау арқылы екі топқа бөлінеді, ребус шешу арқылы тақырыпты табады. Шешуі -Кілемші. Балалар, ертеде Ақпан ауылында бір кілемші өмір сүріпті, ол көп кілем тоқып Наурыз ауылына сапар шегеді, онда наурыз тойы тойланып, жәрмеңке болғалы жатыр екен. Алайда ол жолды білмейтін еді. . Келе жатса алдынан екі жол кездеседі бірінде « алыс жол, бірақ кедергісіз» деп, екіншісінде «Қысқа жол, бірақ кедергі бар» деп жазылған. Ал, балалар қай жолды таңдаймыз? Оқушылар қысқа жолды таңдайды.

Келе жатады жолда алдынан 6 қарақшылар шығады. Бұдан құтылу үшін кілемші сендер сұрақ қойыңдар егер мен жауап бере алмай қалсам кілем беремін дейді, қарақшылар келіседі де сұрақтарын жаудырады. Сұрақтар:

  1. Үй жиһаздарын ата . \ сандық, ағаш төсек, сырмақ, адалбақан. Т. б\
  2. Матамен тігілген сәнді сөмке қалай аталады? \қоржын\
  3. Ағаштан жасалған киім салнатын жиһазды ата. Әбдіре\
  4. Төсекті жинайтын жиһаз қалай аталады? \ жүкаяқ\
  5. Қазақтың ұлттық оюларын ата. \ қошқармүйіз\
  6. Төсеніштің түрлері қандай? Текемет, алаша, сырмақ, киіз\

Барлық сұрақтарына жауап алған қарақшылар өз жөндеріне кетеді . Алға қарай жүрген кезде алдынан көпір шықты кілемші көпірден өтіп келе жатқан кезде ескі көпір сынып сөмкесін түсіріп алды, өзі әрең тірі қалады. Алайда ол Наурыз ауылына жақын қалғанмен оның жәрмеңкеге апарып пұл қылатын еш кілемі жоқ, салы суға кеткен кілемші отыра кетіп жылай бастады. Балалар кілемші көмектесеміз бе? Олай болса, барлығымыз тезірек кілем тоқып апаға қолкөмегімізді берейік.

Сарамандық жұмыс.

Қажетті құрал-жабдықтар : қайшы, түрлі түсті қағаз, желім, сызғыш, карандаш

Қауіпсіздік ережесін еске түсірейік : 1. Қайшының жүзін жауып қою керек және біреуге ұсынғанда сап жағымен беру керек.

2 . Желімді пайдаланғанда қолға жақпай, ұқыпты болу керек

Сарамандық жұмыс нұсқаулық арқылы жасалу жолдары түсіндіріледі, оқушылар сол бойынша кілемше тоқып шығады. Жасалған бұйымдарды көрмеге қоямыз . Ертегіміз әрі қарай жалғасын тапса, кілемші сендердің кілемшелеріңді алып наурыз мерекесіне қатысады.

Қорытындылау бөлімінде Мозайка әдісімен сұрақтар беріледі. Сұрақтар:

  1. Кілемнің түрлері нешеге бөлінеді?
  2. Кілемді неден тоқиды?
  3. Бүгінгі сабақта не үйрендің?
  4. Кілемге қандай өрнектер тоқылады?

Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушылырды бағалау, қателерін ескерту.

Нұсқаулықпен жұмыс: Қағаздан кілемше тоқу нұсқаулығы

р\с
Құрал-жабдықтар
Сызбасы
р\с: 1
: Кілемшені тоқитын ақ қағазды бүктеп, ұзыншалап қию
Құрал-жабдықтар: Қайшы, карандаш, сызғыш
Сызбасы:
р\с: 2
: Түрлі түсті қағаздан таспалар дайындау
Құрал-жабдықтар: Қайшы, карандаш, сызғыш
Сызбасы:
р\с: 3
: 1 қатарды жылы түсті таспаны аралата өткізіп, екі шетін желімдеу
Құрал-жабдықтар: Желім
Сызбасы:
р\с: 4
: 2 қатарды суық түсті таспаны керісінше аралата өткізіп, екі шетін желімдеу
Құрал-жабдықтар: Желім
Сызбасы:
р\с: 5
: Соңғы таспаны тоқып болған соң, екі шетін иректеп қию
Құрал-жабдықтар: Қайшы
Сызбасы:

М. Төлегенов атындағы орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Кілем түрлері туралы түсінік.

Қағаздан кілемше тоқу .

(технология әдісбірлестік жоспары бойынша өткізілген)

3-класс

Өткізген : Төребекова Римма

Технология пәні мұғалімі

2015-2016 оқу жылы

Қағаздан кілемше тоқу нұсқаулығы

«СӘЙКЕСІН ТАП»

Ас ішетін үстел
Қоржын
Ас ішетін үстел: Матадан оюлап тігілген төсеніш
Қоржын: Алаша
Ас ішетін үстел: Жіптен тоқылған төсеніш
Қоржын: Кілем
Ас ішетін үстел: Түгі бар, тоқылған төсеніш
Қоржын: Сырмақ
Ас ішетін үстел: Түрлі жағдайға пайдаланатын матадан тігілген сөмке
Қоржын: Жозы

Оқушының аты жөні:

«СӘЙКЕСІН ТАП»


Ұқсас жұмыстар
Құрастыру реті
"ал, қанеки, қыздар" атты сайыс
Түкті кілем тоқу әдісі. эскиз бойынша тоқу
3 –сынып. Еңбекке баулу
Ұлттық бұйымдар
Қазақ халық қолөнері мен шеберлері
Тері өңдеу өнері
Қолөнері кестеде
Сұрақ - жауаптар
Мата өңдеу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz