Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

6 саны. 6 цифрымен таныстыру

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласы
<<№5 жалпы білім беретін орта мектеп>> КММ

6 саны
Тақырыбы:

0 <<а>>- даярлық сыныбы.

Тәрбиеші:
Нукебаева Ардак Сериковна

2016 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің тақырыбы: 6 саны.
Мақсаты:1.Білімділік: 6 санының пайда болуы, құрамы, 6 цифрымен
таныстыру.
2.Дамытушылық: Логикалық ойлау,ауызша есептеу қабілетін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік :Таза,әдемі,ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Оқу іс- әрекетінің әдісі: сұрақ - жауап.
Көрнекіліктері: көжектер, сәбіздер, интерактифті тақта,үлестірмелі материалдар.
Пәнаралық байланыс: айналамен таныстыру, көркем әдебиет,құрастыру.
Оқу іс- әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар назарын оқу іс- әрекетіне аударып,оқу құралдарын дайындату.
Психологиялық дайындық:
Қане, біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
* Өткен сабақта біз қандай санды өттік?
* 0 санын.
* 0 санына байланысты есеп шығарып көрейікші.
Сандарды тура, кері санау.
Қорыта келе сандарға байланысты кім тақпақ, санамақтар біледі?
1. Бірім артық екіден,
Аздығыма өкінем,
Кедерлі аттай тұсалып,
Жүр біреулер, <<үш>> алып.
2. Жаңғалақтың, жалқаудың,
Алаңғасар аңқаудың,
Алатыны екілік,
Басын шайқап өкініп.
3. Достар мені <<бір>>, - дейді,
Қарайды да бүй дейді:
Мұқтажсың қол, аяққа,
Ұқсап тұрсың таяққа.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқу іс- әрекеті қонаққа келген қонжықтың әңгімесінен басталады.
Қонжық өзінің ертегілер елінен бүгінгі оқу іс- әрекетімізге арнайы келгенін, балаларға тапсырмалар мен тәтті сыйлықтар алып келгенін айтады.
Тәрбиеші: Балалар, осы сыйлықтарды алу үшін біз қонжықтың тапсырмаларын орындап көрейік.
- Балалар, бүгін бізге ертегілер елінен қонжықпен бірге басқа да қонақтар келіп қалыпты. Олар нелер?
- Қояндар немесе көжектер
- Бізге қонаққа қанша көжектер келіпті.Санайықшы.
- 1,2,3,4,5. Барлығы 5 көжек. Оның біреуі кешігіп келді. Барлығы қанша болды? (6)

- Ал енді бізге қонаққа келген көжектер нені жақсы көреді немесе қандай көкөністі ұнатады?
- Көжектер сәбізді жақсы көреді
- Дұрыс жарайсыңдар, балалар ендеше мен кәрзеңкеден көжектерге сәбіздерді үлестірейін, ал сендер мен қойған сайын санап отырыңдар.(тәрбиеші көжектің алдындағы ыдысқа 5 сәбіз қояды.)
- Балалар, көжектерге сәбіз жетті ме, санайықшы
- 1,2,3,4,5 сәбіз. 1 көжекке сәбіз жетпей қалды
- Бізде қояндар нешеу еді?
- 6 көжек.
- Сәбіз нешеу болды?
- 5 сәбіз.
- Көжек көп пе, сәбіз көп пе? Салыстырайықшы
- Көжек көп, сәбіз аз.
- Дұрыс көжек алтау, сәбіз бесеу. Сәбіз алтау болу үшін не істеу керек?
5 + 1=6
Бес сәбізге тағы бір сәбіз қоссақ сонда алты сібіз шығады.
-Бүгін өтетін санымыз осы 6 саны.
Қонжықтың тапсырмалары:
1-тапсырма:
Дүкеннен бир сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дептер бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бәрі?
(Алтау)
2-тапсырма: Дәптермен жұмыс.
6 санымен таныстыру, жазу.
Сергіту сәті: Бейне клип.
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
3-тапсырма: Картачкамен жұмыc. 6 - ның пайда болуы мен оның алдындағы санға байланысты есеп шығару.
5+1= 3+3=
0+6= 4+2=

4-тапсырма:
Жұмбақ шешу
1. Аулада жүр балалар:
Самат, Арнат, Сашалар,
Келді және оларға
Шолпан ойнауға. (4)
2. Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр,
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала? ( 3 )
3. Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік,
Отыр еді маңына,
Келді тағы бір күшік.
Қанша күшік барлығы? ( 2 )
4. 4-тен 3 - ті алайық,
Қанша қалды санайық.
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық. ( 1 )
5. Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанда 6 есек.
1-і ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (5)
6. 4 қоян мектептен келе жатыр, кенет оларға аралар шабуыл жасайды. 2 қоян қашып әрең құтылды. Қанша қоян қаша алмай қалды? ( 2 )

Дидактикалық ойын: <<Дыбыс арқылы санды тап>>
Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.
Көрнекілік: Таратпа сандар.
Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді.
5-тапсырма: Санына қарай жинақта.
Көкөністерді санай отырып өзінің жәшігіне салады.
ІV. Қорытынды бөлім.
Сандардың көршілерін табу.

5

3

1

Тәрбиеші:
oo Жарайсындар, балалар! Бүгін бізге ертегілер елінен кимдер келді? Қонжықтың тапсырмаларын шеше отырып қандай санды танып, білдіңдер?т.с.с.
Қонжық:
oo Қандай тамаша! Балалар, мен сендерге өте ризамын! Менің барлық тапсырмаларымды орындай алдыңдар, рахмет сендерге! Енді мен ертегілер еліне оралуым керек. Сау болыңдар! (Тәтті сыйлықтарын береді.)

Нені білу керек: 6 санын танып, ажыратып, ретін анықтай білу керек.
Нені игерді: 6 санын танып, ажыратып, ретін анықтай отырып, жазылуын меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен искерлігі: Тапсырмаларды дұрыс тиянақты орындау барысында 6 санын толық танып, ретін анықтай білді.

Ұқсас жұмыстар
Балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету
Кейінгі тапсырмалар
Тақырып - 7 саны мен цифры
Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
7 саны және цифры жайлы
6 саны
Бір пішін
15 саны мен цифры . мектепалды даярлық класс
Жай сандар, құрама сандар
7 саны мен цифры туралы
Пәндер