Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Менің сүйікті тағамым. Табыс септігі

Сыныбы: 4
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тағамым. Табыс септігі.
Сабақтың мақсаты:
1. Тағам атауларымен таныстыру. Өздерінің сүйікті тағамдары туралы айта алуға дағдыландыру. Қазақ тілінің төл дыбыстарының дұрыс айтылуына баса назар аудару. Жақсы көремін,жақсы көрмеймін, жеймін, жемеймін сөз тіркестерінің қолданыс аясын түсіндіру.
2. Сабақта меңгерген белсенді сөздік қорларын өмірлік жағдаяттарда дұрыс қолдана алу. Ауызекі сөйлеу тілдерін, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту;
3. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, дұрыс тамақтану, зиянды нәрселерден алшақ болуға баулу;
Күтілетін нәтиже : оқушылар өздерінің сүйікті тағамдары туралы еркін айта алады , жақсы көретін, жақсы көрмейтін тағамдарын сипаттай алады.Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс дыбыстайды.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтау, әңгімелеу,баяндау,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,оқулық,
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу, әдебиет
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру бөлімі
а) оқушылармен амандасу
ә) сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
1.Топқа бөлу (сөздерді таңдау арқылы бөлу)
2.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3.Ой қозғау.
-Балалар, сендердің сүйікті тағамдарың қандай?
4. Топтау
Тағамдар

Суреттерін көрсетіп тақтаға топтастырып ілу.(ет, палау,қуырдақ, мәнті,ботқа,көже) әр суретті ілген сайын оқушыларға неден жасалатынын айту)
5.Сөздікпен жұмыс: тағам -блюдо
сүйікті - любимый (-ое,-ая)
ет - мясо
ботқа -каша
палау- плов
көже -суп

(Оқушылар мұғаліммен бірге хормен қайталап ,сөздік дәптердеріне жазып алады.)

6.Топтық жұмыс
2-тапсырма Кесте бойынша айтады.
-Сендердің сүйікті тағамдарың қандай?(дәптерге жазу)
7.Сергіту сәті
8.Мәтінмен жұмыс
Менің сүйікті тағамым-мәнті.Мен мәнтіні жақсы көремін.Мәнтіні анам -жақсы дайындайды.Мәнті -дәмді тағам.
-Оның сүйікті тағамы не?
-Ол нені жақсы көреді?
-Мәнтіні кім жақсы дайындайды?
-Мәнті қандай тағам?

Табыс септігі жалғауының қолданысы . Жалғауларды дұрыс қою
-Табыс септігі сұрақтары қандай?
4-тапсырма Толықтырып оқу
1- топ 2- топ 3- топ
-ны,-ні -ды,-ді -ты,-ті
Алма... нан... қуырдақ....
көже... палау... сүт....
ботқа пияз тоқаш
мәнті айран бәліш

6- тапсырма. Тағам атауларымен жейді ,жемейді сөздерін байланыстыру
(сурет бойынша әңгімелеу)
III Бекіту
<<Пайдалы кеңестер>> тапсырмасына құлақ түреміз. Сөйлемдердің ішінен өзіңе пайдалы кеңесті дұрыс тауып, тамақтанудағы қателіктерді қоқысқа лақтырамыз. 5 минут
Бірі <<Пайдалы кеңестер>>, екінші <<Олай істеуге болмайды>> себетіне лақтырады.
1. Тамақтанар алдында беті-қолыңды жу.
2. Тамақты уақытымен іш.
3. Әртүрлі жасанды сусындарды көп іш.
4. Теледидар көріп отырып тамақ іш.
5. Тәтті, кәмпит, шоколадты көп же.
6. Тамақтанып отырғанда көп сөйлемеу керек.
7. Тамақты асықпай, әбден шайнап жеу керек.
8. Майлы тамақты көп же.
-Тағам туралы мақал айту. Ас атасы -нан ( дәптерге жазып алу)
-Балалар біз денсаулығымыз жақсы болу үшін не істеуіміз керек?
-Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?
-Пайдалы тағамдар қандай тағамдар?
-Дұрыс балалар денсаулық, мықты болу үшін әрдайым дұрыс тамақтанып жүруіміз керек.
IV Бағалау сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
V Үй тапсырмасы жаңа сөздер,өзінің сүйікті тағамы туралы жазу
VI Рефлексия Оқушылар тақтадағы алма ағашына қызыл,жасыл,сары жапырақтарды жапсырады.
Жасыл алма - бәрі түсінікті
Қызыл алма - түсінбедім
Сары алма - жартылай түсіндім

Ұқсас жұмыстар
4-сынып бойынша қазақ тілінен дидактикалық материал
Диктант Демалыс орындары
Менің досым
Қазақстанның астанасы қай қала
Атам мен әжемнің сүйікті істері. 2-сынып
Табыс септігі табыс септігінің өзіндік белгілері және анықтамасымен таныстыру
Оқушыларды сабаққа бейімдеу
"Сабақты етістік пен салт етістік."
Сабақты етістік Салт етістік
Барыс септігі
Пәндер