[Т] Дыбысы мен әрпі

Сынып 1

Сабақ : Сауат ашу

Тақырыбы: [Т] Дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

• Т әрпімен таныстыру; дыбыстардың әртүрлі айтылуын ұғындыру;

• тоқылдақ даусының аудиожазбасын тыңдау арқылы фонемалық есту қаблеттерін жетілдіру;

• қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Тоқылдақ, түлкі, торғай бейнеленген орман суретті, буындар мен қысқа сөздер жазылған дөңгелектер (жолдар), тоқылдақ дауысының аудиожазбасы. Т әріпінің видиокөрінісі.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақ барысы:

Іс -әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Іс -әрекет кезеңдері: Мотиввциялық - қозғаушылық
Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Жылулық шеңбері:

Күн шуағын жинаймын

Достарыма сыйлаймын

Қайталау.

Тақтада буындар, қысқа сөздер жазылған дөңгелектерден жасалған, орман суретіне бастап баратын жол.

- Орманға саяхаттқа барғыларың келе ме? Келіңдер, мына жолмен барайық. Әр дөңгелектегі буындар мен сөздерді оқыта отырып, орманға жеткізеді.

Балалардың іс - әрекеті:

Қолдарымен күн шуағын «жинап» алақандарындағы шуақты достарына қарай үрлейді.

Буындар мен қысқы сөздер жазылған жолақтарды оқып, орман суретіне барады.

Іс -әрекет кезеңдері: Ұйымдастыру - іздестіру
Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Жаңа тақырыпқа кіріспе

  • Міне, орманға да жеттік. Орман қандай екен айтып беріңдерші. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып суреттейді.

Тыныштық сәті.

- Енді жайланып отырыңдар, ормандағы құстар мен жануарлар туралы мәлімет алайық

Жануарлар мен құстар туралы видиотаспаны көрсетіп.

- Бұл қай құс?

Орман суретіндегі тоқылдақты көрсетіп:

- Дұрыс айтасыңдар, бұл - орман дәрігері деп аталатын тоқылдақ. Ол ағаштардың зиянды құртттарын теріп жейді.

Түлкі туралы видиотаспаны көрсетіп;

- Бұл қай жануар?

Орман суретіндегі түлкіні көрсетіп:

- Дұрыс бұл қу түлкі ол торғайды жеп қойғысы келеді біз торғайға жем шашуымыз керек.

Жаңа тақырып:

- Бізге орманда кездескен торғай, тоқылдақ, түлкі - бәрі қандай дыбыстан басталады ?

Әліппе видиотапсаны тамашалау.

- Айнала, қарап [Т] дыбысын айтып көрейікші. Т іліміз қандай қалыпта тұр? Тіліміз тісімізге қатты тиіп тұр ма, әлде ақырын тиіп тұр ма?

Балалардың жауаптарын тыңдағаннан кейін: - [т] дыбысына тіліміз кедергі жасап қатты тиіп тұр, яғни, бұл бұл дыбысты қандай дыбыс дейміз [т] дыбысын қандай түспен боясақ болады?

Кел, ойнайық

Т әрпімен таныстырады. Неге ұқсайтынын айтқызады, ауаға жаздырып көреді.

Тәрбиеші бір қолына кезегімен дауысты дыбыстарды алып, екінші қолына Т әрпін ұстарп, әріптерді жақындатып оқытады. Оқытып болған соң орындарын ауыстырады АТ, ОТ, УТ, ТА, ТО, ТУ

Қысқа сөздер құрап оқытады:

А-ТА, ТА-У, ТА-Т, ТО-Т

Сергіту сәті:

Торғай, маған сене гой,

Жем берейін, келе ғой.

Жақын қалды қу түлкі

Жылдам ұшып кете гой.

Дәптермен жұмыс: Кел, жазайық!

- Партада дұрыс отыру ережесі мен қаламды дұрыс ұстауды қайталатып,

- Тақтада жазып көрсету

Т - элементтерін дауыстап айтып жазу, жазу жұмысын орындату. 1Бас әрптік жолдың ортасынан бастап басы оңға қайырылған көлбеу түзу сызық сызамыз 2 Бас әрптік жолдың ортасынан бастап көлбеу түзу сызық сызамыз. 3 Бас әрптік жолдың ортасынан бастап басы солға қайырылған көлбеу түзу сызық сызамыз. 4 Бас әрптік жолдың ортасынан бастап төмен қайырылған түзу сызық сызамыз .

Саусақ жаттығуы :

Тоқ, тоқ, тоқылдап

Тынбай қойды тоқылдақ.

Отыр әне ағашты

Тұмсығымен соққылап.

«Сөздер тізбегі» дидактикалық ойын

- Тәрбиеші Т әрпінен басталатын бір сөзді айтып, допты бір балаға береді. Ол бір сөз айтып келесі балаға береді. Ойын осы ретпенм жалғасады.

Балалардың іс - әрекеті:

Орман суретін тамашалау.

Жайланып отырып таспаны көреді.

Сұрақтарға жауап береді: тоқылдақ

Түлкі «Торғай, түлкі, тоқылдақ » деген сөзер [ т ] дыбысынан басталады.

[ т ] дыбысын айтады

  • Тілімізге қатты тиеді
  • [ т ] дыбысы дауыссыз дыбыс, оны көк түспен белгілейміз.

Т әрпімен танысады, неге ұқсайтынын айтады, ауаға жазады.

Буындар мен қысқа сөздерді оқиды.

Орындарынан тұрып, қолдарымен жем шашады. Екі қолдарын сермеп ұшқан қимыл жасайды.

Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Үш саусақтарын түйістіріп парта бетін тоқылдатады


Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Дауысты дыбыс әріптері
Гг әрпі мен дыбысы
Ғ дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
О дыбысы және әрпі
Ю дыбысы мен әрпі. 1 сынып
Торғай сөздерінде дыбыстық талдау жасау
Дауысты дыбыс
Г дыбысы және әрпі
Жылдық жоспар. даярлық тобы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz