Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жатқан жай елміз
Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Дайындаған: ДеменоваН.
2016-2017 оқу жылы
Түсінік хат
Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Білім ошағында тек қана білім беріп қана қоймай сонымен қатар тәрбиені ұштастыра біледі. Жас ұрпақты ата-бабалардың салып кеткен жолымен тәрбиелеу, ұлттық құндылықты жоғалтпай санаға сіңірту ата-ана мен ұстаздың алдыңдағы міндет. Сіздерге қазіргі таңдағы деңгейлік бағдарламасы бойынша топтық жұмыс арқылы оқушыларды ұжымшылдықта, бірлікте жұмыс жасау әдісін қолданған ашық тәрбие сағатымды ұсынамын. Бұл ашық тәрбие сағатында қазақтың бірліккке, татулыққа, еңбекке арналған мақал-мәтелдері арқылы топқа бөлініп, төрт түліктің бірі қой жылы қойдың сүтінің, етінің, жүні мен терісінің пайдасы мен емдік қасиеттері туралы білгендерін нығайтып, білмегендерін іздену мақсатында жасақтадым.
Тақырыбы: Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жатқан жай елміз.
Мақсаты: Қазақ халқының бірлікті сақтай білген ел екенін, ешкімді жатсынбай бауыр басқан қонақжай ел екенін,төрт түлік малды өздерінің мінез-құлқымен байланыстырған ерекшелігімен таныстыру.
Көрнекілігі: Слайдтар, таратпа қағаздар,А3 қағазы, түрлі - түсті бояу, стикер
Сабақтың жүрісі:
1.Амандасу
-Сәлеметсіздер ме оқушылар? Мен Деменова Нұргүл Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімімін.
2. Шаттық шеңберін құрып жақсы тілектер айту. <<Сені көргеніме қуаныштымын,себебі...>>
3. Таратпа қағаздардағы сөйлемдерді аяқтау арқылы топқа бөліну.
1) <<Бірлік>> - ...түбі - береке
2) <<Татулық>> - ... елге-тыныштық тоқшылық нәсіп
3) <<Еңбек>>- ... қылсаң ерінбей.
Тояды қарның тіленбей
4. Ешкімді жатсынбай, бауырыны басып, кең дастарханын жайыпжіберіп, қымызын сапыра іше отырып,әңгімесін алға тартып қойып, есігінің алдына құл келсе,қонақ деп төріне шығарып, жан-тәнімен сыйлай білетін қазақтың жайсаң мінезі бүгінде таныған елге үлгі-ақ. Елімізде тұратынқаншама ұлттар мен ұлыс өкілдері қазақтың осы жайдары болмысын өздеріне үлгі етіп,олардың еңбекқорлығын сөз етеді. Бұл еңбекқорлығын төрт түлік малды бағып, қағуында. Көшпенді халықтың белгілі бір шаруашылығына айналған төрт түліктің ішінен қой малына ерекше мән берген. Сол себепті төрт түліктің ішінен қой малына тоқталып өткім келіп отыр. <<Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған уақытта>>, <<қой мінезді момақан>> деп қазақ халқы татулық пенбірлікті жақтаған,ұстанған.
-Олай болса оқушылар биыл қай жылы?
-Қойдың жасы туралы не білеміз?
5. Қойдың қандай емдік және пайдалы жақтарын білесіздер?
1-топ: Құйрық майы мен жүні
Қойдың құйрық майын шыжғырып,жылы күйінде 100грамм ішсеңіз жөтелді басып,қақырықты түсіреді. Баланың денесін қойдың майымен сыласа,тері тесіктерін бітеп тастайды. <<Қойдың еті де, майы да асқазанға ауыр>> -дейді. Егер зиян болса, ата-бабаларымыз қойдың майын пайдаланбас еді ғой. Сәби өмірге келгенде, денесін
құйрық маймен сылаған.Себебі, жел тиюден сақтайды. Тұмау тисе, қақырық түсіреді деген.
2-топ: Сүті мен қарыны. Қойдың қарны да білген адамға ем.Жел-құздан болған асқазан, ішек жолдарының ауруына және қуық ауруына: семіз ту қой немесе құнан, дөненқойларды сойып, қарнын тартудан бұрын науқас адамды астын жұмсақтап, төсекке екі аяғын көсілтіп отырғызады да сойылған қойдың қарнын жылы күйінде дереу науқас адамның құрсағына тартып, жылы орайды.Шамамен жарты сағаттани кейін науқас адам терлейді.Адам сүйсінеді.Шөлдесе әлсін-әлсін су ішкізеді.2-3 сағат мөлшерінде жылуы қайтады.Осы кезде науқасты шығарып алып, тазалап жуындырып әрі бойға жылу беретін, тез қорытылатын тағамдар ішкізеді. Түркі әлемінде сүтті,одан жасалатын тағамдарды <<ағарған>> атап, киелі санаса,қазақтар бұрындары ауылға келген көштің алдынан <<ақ>> алып шыққан, оларға <<осы ақтай таза,адал, дәмді болайық>>, - деп ақ тілектерін айтқан. Біздің ата-баба- ларымыздың үйге кіріп кеткен жыланды да өлтірмей , басына ақ құйып,үйден аман-сау сыртқа шығарып жіберетін салт-дәстүрі болғанын білеміз. Және де қазақтардың ежелгі ырымы бойынша, күн батқаннан кейін ешкім де үйінен сүтті далаға алып шықпайды, түнемелік үйдегі сүттің де бетін ашық қалдырмайды. Қой сүтінің майлылығы жоғары, кемінде 4-5 пайыз мөлшерінде. Ол Қырымда, Кавказ жағалауы елдерінде, Орталық Азия мен Солтүстік Кавказда танымал тағам. Грекияда да қойдың сүті барлық сүттің жартысынажуығын құрайды. Қойдың бір саулылығын 200-250 келіге дейін сүт саууға болады. Сиыр сүтімен салыстырғанда белок пен майға 115 есе бай, А1, В1, В2 дәрумендерінің мол жері де 2-3 есеге көп. Қойдың сүтін қайнатып ішкен дұрыс.
3-топ: Терісі Жатар орнының ылғалдығы, қыстығы суық ауаның ызғары, одан қорғанатын жабдықтардың кем болуынан, көбінесе жасы ұлғайған ерлер мен әйелдер жел-құз, құяң ауруларына шалдығады. Емшілеріміз адамдарды науқастардан айықтыру мақсатында алуан түрлі амалдар қолданған. Соның бірі - қой терісіне түсіп емделу. Емделу әдісі: Кемеліне келіп семірген немесе ту қойды таңдап алып, терісін бітеу сояды. Күздегі піскен ерменді қоса қайнатып,оның нілін терінің ішіне құяды.Науқас адамды шешіндіріп, мойнынан төменге дейін орайды. Жылы жамылып, 2-3 сағат тері ішінде жатады. Теріден шыққан соң тазаланып, жылы сақтанып, сорпа ішіп, бірнеше күн күтінеді. Мұның жел-құз ауруына тиімді екендігі анықталған.
6. Біз - қазақ деген мал баққан елміз.
Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз -тақырыбында қазақ халқының көшпенді, мал шаруашылығымен айналысқан ел екендігін танытатын, татулық пен бірлік сақтай білген ел екенін байланыстырып постер қорғау.
7. <<Сен білесің бе?>> Қой туралы мақал -мәтелдерді жоқ сөзін табу.
...анасы - оннан, ... анасы - бестен.
Сүтсіз қой .....
Жаман қой ... қартаяды.
Қой егіз тапса, ... басы айыр туады.
Саулықтың ... үлкен, ісектің .... үлкен.
Қойды шартық ....., елді қортық ......
Қойшының қызы қой келгенде ... .
8. <<Қызық дерек>> Жұлдызнамашылардың айтуынша кім қай жылы ту-ды, оның мінез-құлқы сол жыл аталған жануардың мі-нез-құлқына ұқсайтын болады. Әлқисса, ендігі әңгіме адамның туған жылы-на тұспа-тұс келетін мінез- құлық нышандары хақын-да.
Қой жылы туылған-дар. Сәл нәрсеге ашуланады,қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі - шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.Шынайы, жайдары мінезді, өте талантты. Оның үстіне, тұйық әрі керітартпалығы тағы бар. Жоғары талғам иесі, өнердің әр түріне икемді. Өзінің материалдық байлығы асып-тасып жатпаса да, жоқ-жітіктерді жарылқап, жақсы сөзбен болса да, жанына демеу болуға тырысады. Өмірі қандай болса, солай қабылдайды.
Қой жылы дүниеге келгендер: Амангелді Керімтаев белгілі - қоғам қайраткері, Евгений Жовтис, Мұрат Әуезов, Бауыржан Жақып-ақын, Қуандық Түменбай-жазушы.
Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек.
Қорытынды: Қазақстан сөзсіз, қазақтың елі, қазақтың жері-ата мен бабадан мұраға қалған, аналардың аманаты,жастардың болашағы,балалардың бала шағы.Көркіне көз тоймайтын тамаша табиғаты бар,қойнауы тұнған қазына, жайлауы-құт мекен,сулары мөлдір шық,таулары заңғар қамал-Қазақ елі шынымен бай-ақ.Қазақтар жайында сипаттама бергенде,даналығымен төрткүл дүниеге даңқты болған Қазыбек биіміздің сөзінен артық айта алмаспыз:

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz