Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Тақырып Оңтүстік Американың ішкі сулары

Сынып: 7 <<Б>>
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Сабақ: Мерзімі:22.01.2017

Тақырып: §40. Оңтүстік Американың ішкі сулары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Оңтүстік Американың ішкі сулары: өзен-көлдері, сарқырамалары жөнінде түсінік беру.
Дамытушылығы: Танымдық білік дағдыларын, өзіндік іс - әрекеттерін қалыптастыру, іскерлік қабілетін дамыту. Тез ойлауға, өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру, өзгені тыңдап, топпен жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелігі: Табиғатты аялап, қастерлеуге, өзен-көлдерді ластанудан қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, глобус, Оңтүстік Американың физикалық картасы; атлас, кескін карта, оқулық, слайд, смайликтер, т.б.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: ашық сабақ.
Әдіс-тәсілдер: карта, оқулық, слайдты қолданып түсіндіру әдістерін пайдалану, баяндау, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)
І .Ұйымдастыру.
Топқа бөліну.
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
І топ - <<Қырандар>> (дөңгелек)
ІІ топ - <<Алғырлар>> (төртбұрыш)
ІІІ топ - <<Тапқырлар>> (үшбұрыш)
Топтардың ұраны:
<<Естідім - ұмытпаймын,
Көрдім - еске сақтаймы
Жасадым - мәңгілік менікі>>.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І бөлім.
<<Менің білетін деректерім>>.
(Оқушыларға сұрақтар қойылады)
Сұрақтар:
1. Жер шарындағы материк саны? (6)
2. Оңтүстік Америка материгі қай жарты шарда орналасқан? (Оңтүстік жарты шарда)
3. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктің құрамында болды? (Гондвана)
4. Гондвана қандай материктерге ажырады?
(Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида)
5. Материкті қай мұхиттың сулары шайып жатыр? (Тынық және Атлант)
6. Оңтүстік Америка материгін ашқан кім? (Христофор Колумб)
7. Оңтүстік Америка материгінің жер бедері қандай?
(Батыс бөлігі "мысты" таулар - Анд таулары, шығыс бөлігі - жазықтар, жазықтар аралығында Гвина - Бразилия таулы үстірттер орналасқан)
8. Оңтүстік Америка жері қандай пайдалы қазбаларға бай?
(Темір, марганец, уран, никель, алмас, алтын, мұнай, табиғи газ, тас көмір, мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, күміс, т.б. )
9. Материктің шеткі нүктелері?
Солтүстік нүктесі - 12[0] с.е., 72[0] б.б.- Гальинас м.
Оңтүстік нүктесі - 54[0] о.е., 71[0] б.б.-Фроуэрд м.
Батыс нүктесі - 50[0] о.е., 82[0] б.б.-Париньяс м.
Шығыс нүктесі - 70[0] о.е., 34[0] б.б.-Кабу-Бранку м.
ІІ бөлім.
Ең, ең, ең...
1. Ең ылғалды және ең жасыл материк?(Оңтүстік Америка)
2. Ең ұзын тау жүйесі? (Анд)
3. Ең мол сулы өзен? (Амазонка)
4. Ең ірі тектоникалық көлі? (Титикака)
5. Ең ірі аралы?(Отты Жер аралы)
6. Ең биік сарқырама? (Анхель)
7. Ең биік нүктесі? (Аконкагуа)

ІІІ бөлім. "Климат" тақырыбына арналған кескін картаны тексеру
Ой шақыру.
(<<Өзен>>, <<көл>>, <<сарқырама>> ұғымдарына анықтама беру).
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспары:
1.Оңтүстік Американың өзендері
2.Көлдері
Сендер Оңтүстік Америка жеріне жауын-шашынның мол түсетінін білесіңдер. Сондықтан Жер шарындағы ең беткі суға бай материк болып табылады.
Өзендері. Материктің батысындағы Анд таулары Атлант және Тынық мұхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мұхитына құяды. Атлант мұхитына және оның Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері құяды. Анд тауларынан басталатын Амазонка Жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысында өзен арнасы арқылы 1 сек-да 220 мың м³ су ағып өтеді. Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше есе артық. Амазонканың арнасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км-ге дейін жетеді. Өзен жаңбыр көп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар. Өзеннің 500-ден астам салалары бар, оларды суының түсіне қарай <<ақ өзендер>> (суында сазды жыныстар көп) және <<қара өзендер>> (суында шіріген өсімдік қалдықтары көп) деп атайды. Амазонканың деңгейі ірі және мол сулы оң жақ салаларының есебінен наурыз-сәуір айларында айрықша көтеріледі. Атлант мұхитындағы толысудың (ол қандай құбылыс?) әсерінен өзен суы 1,5-5 м-ге дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км-ден астам қашықтыққа кері ағады. Жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын бұл кері ағысты жергілікті үндістер амазуну (пороруку) деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан.
Амазонка мен оның салалары тіршілікке бай. Өзеннің суы тымық бөліктерінде өте ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін виктория-регия кездеседі. Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық - ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып арапаима және жыртқыш ұсақ пиранья балықтары, электрі су жыланы, тұщы су дельфині - иния, кайман қолтырауындары тіршілік етеді. Амазонка өзенінің жойқын күші мен оның алабындағы қорыс батпақтары, қалың ну ормандардың құпиясы әлі толық ашылмағандықтан адамдарға үрей мен қорқыныш туғызады.
Парана мен Ориноко да мол сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы - су деңгейі маусымға байланысты өзгереді. Парана өзенінің су жинау алабы Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік беткейі мен Анд тауцлары аралығындағы жазықтарды қамтиды. Өзен басталар бөлігінде таулы үстірттен құлап ағатындықтан бірнеше сарқырамалар жүйесін қалыптастырады. Оның ең ірісі - Игуасу (биіктігі 72 м) 300 тармаққа бөліп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырамалардың бірі болып табылады. Парана орта және төменгі ағысында кең жайылып, баяу ағады, суының деңгейі мамыр айында көтеріледі. Ориноко өзені Гвиана таулы үстіртінен басталып, Ориноко ойпаты арқылы ағып өтеді. Атлант мұхитына құяр жерінде өзен сағасы үлкен атырау жасайды. Ориноко өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан. Бұл екі өзенде су қуатының мол қоры бар, сонымен қатар кеме жүзуіне қолайлы.
Анхель және Игуасу сарқырамасы видеороликтен көрсетіледі.
Тынық мұхитына Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тау арқылы үстіртті бөлігінің өзендері ішкі тұйық алапқа жатады.
Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі тектоникалық Титикака көлі орналасқан. Көл атауы аймара үндістерінің тілінде <<қалайы алаңы>> дегенді білдіреді. Бұл атау судың ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.
Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар. Материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі - Маракайбо. Оның түбінен мұнай өндіріледі
IV.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
1. <<Адасқан объектілер>>сәйкестендір.
Ориноко 1. Сарқырама
Маракайбо 2. Өзен
Игуасу 3. көл
Парана 4. Өзен
Амазонка 5. Сарқырама
Анхель 6. Өзен
Поопо 7. Көл

2. Геодиктант
1. Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі ... (жаңбыр).
2. Оңтүстік Американың ең ірі өзені ... . (Амазонка)
3. Амазонка өзенінің ұзындығы ... км. (6480 км)
4. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен екінші өзені ... . (Парана)
5. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен үшінші өзені .... . (Ориноко)
6.Материктің ең ірі көлі ... - Анд таулы үстіртінде ... м биіктікте орналасқан. (Титикака, 3800)
7. Титикака көлінде ... , ал Поопо өте ... су болып келеді. (тұщы, тұзды)
8. Түбінен мұнай өндірілетін көл - ... (Маракайбо)
9... су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)
10. Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда ... деп аталады. (Қалайы алаңы)
11. 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама - ... (Игуасу)
12. Жазда кеуіп қалатын тұзды көл - ... деп аталады. (Поопо)

3.<<Алма ағашы>> ойыны. Слайд арқылы сұрақтар қойылады. Жауап берген оқушыға смайлик беріледі.
1. Оңтүстік Америка өзендері қандай алаптарға бөлінеді?
2. Материктің мол сулы, ірі өзендерін атаңдар.
3. Амазонканың жыл бойы сулы болуын немен түсіндіруге болады?
4. Амазонка өзенінде қандай тіршілік өкілдері кездеседі?
5. Титикака қандай көл қатарына жатады?
4. <<Суреттерді таны>> ойыны. Слайдтан суреттер көрсетіледі.
1 Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама, Оның құлау биіктігі - 1054 м.
(Анхель сарқырамасы)
2 Жер шарындағы ең мол сулы өзен.
(Амазонка өзені)
3 Жер шарындағы ең әдемі сарқырама құлау биіктігі - 72 м
(Игуасу сарқырамасы)
4 Көлдің бетінде қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан. Бұл қай көл?
(Титикака көлі)
5 Түбінен мұнай өндірілетін көл.
(Маракайбо көлі)

Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық - ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып балық.
(арапаима балығы)
5. Картамен жұмыс. <<Географиялық домино>> ойыны. Бұл ойында кез келген оқушы шығып, картадан өзендер мен көлдерді көрсетіп шығады.

Амазонка өзені Парана өзені Ориноко өзені Анхель сарқырамасы Игуасу сарқырамасы Титикака көлі Маракайбо көлі
IV.Сабақты қорытындылау кезеңі
Енді оқушылар мына сөзжұмбақты шешейік.

7

4

6
Т
8

А
5
О
И
И

3
М
П
Р
Т
Г
1
2
П
А
О
И
И
У
А
М
А
З
О
Н
К
А
Н
А
Р
У
П
О
А
С
Х
Р
А
Н
О
К
К
У
Е
А
Н
У

О
А

Л
К
А

Ь
А

Й

Б

О

Сұрақтары:
1. Жер шарындағы ең биік сарқырама.
2. Оңтүстік Америкадағы лагуналық көл.
3. Суының деңгейі мамыр айында көтерілетін өзен.
4. Жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын бұл кері ағысты жергілікті үндістер не деп атайды?
5. Тұзды көл.
6. Анхель сарқырамасы орналасқан өзен.
7. Анд тауында орналасқан тектоникалық көл.
8. Құлау биіктігі 72 м, 300 тармақ болап ағатын сарқырама.
V. Бағалау кезеңі
Смайлик арқылы оқушыларды бағалау
(Әрбір дұрыс жауапқа арнайы смайликтерді таратамын.)
VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі
§40. Өзендері мен көлдері тақырыбын оқу, сұрақтарға жауап беру. Кескін картаға материктің ішкі суларын түсіру.

Рефлексия

1. <<Адасқан объектілер>>сәйкестендір.
Ориноко 1. Сарқырама
Маракайбо 2. Өзен
Игуасу 3. көл
Парана 4. Өзен
Амазонка 5. Сарқырама
Анхель 6. Өзен
Поопо 7. Көл

1. <<Адасқан объектілер>>сәйкестендір.
Ориноко 1. Сарқырама
Маракайбо 2. Өзен
Игуасу 3. көл
Парана 4. Өзен
Амазонка 5. Сарқырама
Анхель 6. Өзен
Поопо 7. Көл

1. <<Адасқан объектілер>>сәйкестендір.
Ориноко 1. Сарқырама
Маракайбо 2. Өзен
Игуасу 3. көл
Парана 4. Өзен
Амазонка 5. Сарқырама
Анхель 6. Өзен
Поопо 7. Көл

1. <<Адасқан объектілер>>сәйкестендір.
Ориноко 1. Сарқырама
Маракайбо 2. Өзен
Игуасу 3. көл
Парана 4. Өзен
Амазонка 5. Сарқырама
Анхель 6. Өзен
Поопо 7. Көл

1. <<Адасқан объектілер>>сәйкестендір.
Ориноко 1. Сарқырама
Маракайбо 2. Өзен
Игуасу 3. көл
Парана 4. Өзен
Амазонка 5. Сарқырама
Анхель 6. Өзен
Поопо 7. Көл

1. Геодиктант
1. Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі ...
2. Оңтүстік Американың ең ірі өзені ... ........................ .
3. Амазонка өзенінің ұзындығы ......................км.
4. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен екінші өзені ... .
5. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен үшінші өзені .... .
6.Материктің ең ірі көлі ... .............. - Анд таулы үстіртінде ... м биіктікте орналасқан.
7. Титикака көлінде .............. , ал Поопо өте .............. су болып келеді.
8. Түбінен мұнай өндірілетін көл - ....................
9... .....................................су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар.
10. Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда ............................... деп аталады.
11. 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама - ..................................................
12. Жазда кеуіп қалатын тұзды көл - ...................................... деп аталады.

1. Геодиктант
1. Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі ...
2. Оңтүстік Американың ең ірі өзені ... ........................ .
3. Амазонка өзенінің ұзындығы ......................км.
4. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен екінші өзені ... .
5. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен үшінші өзені .... .
6.Материктің ең ірі көлі ... .............. - Анд таулы үстіртінде ... м биіктікте орналасқан.
7. Титикака көлінде .............. , ал Поопо өте .............. су болып келеді.
8. Түбінен мұнай өндірілетін көл - ....................
9... .....................................су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар.
10. Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда ............................... деп аталады.
11. 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама - ..................................................
12. Жазда кеуіп қалатын тұзды көл - ...................................... деп аталады.

1. Геодиктант
1. Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі ...
2. Оңтүстік Американың ең ірі өзені ... ........................ .
3. Амазонка өзенінің ұзындығы ......................км.
4. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен екінші өзені ... .
5. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен үшінші өзені .... .
6.Материктің ең ірі көлі ... .............. - Анд таулы үстіртінде ... м биіктікте орналасқан.
7. Титикака көлінде .............. , ал Поопо өте .............. су болып келеді.
8. Түбінен мұнай өндірілетін көл - ....................
9... .....................................су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар.
10. Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда ............................... деп аталады.
11. 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама - ..................................................
12. Жазда кеуіп қалатын тұзды көл - ...................................... деп аталады.

7

4

6

8

5

3

1
2

7

4

6

8

5

3

1
2

7

4

6

8

5

3

1
2

Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік жарты шар материктеріне сипаттама бер
Оңтүстік Американың табиғат зоналары . табиғат зоналарының орналасу заңдылықтары
Оңтүстік Американың өзендері
География "америка материгіне саяхат", 7 сынып. сыныптан тыс шара
Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесі
Африка материгі. 7-сынып
Оңтүстік американың зерттелуі. 7 сынып
Оңтүстік Америка материгін қайталау
Оңтүстік Американың табиғат зоналары. Материктер мен мұхиттар географиясы
Қазақстанның ішкі сулары. өзендер
Пәндер