Мәдениет пен тіл

Сабақ жоспары
Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау.
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.
Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау.
Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
- Оқушылардың көпшілігі:Тыңдаған мәтіннің мазмұнын анық түсінеді. Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді.
Қандай ақпараттардың барын анықтай алады.
- Оқушылардың кейбірі:Мәтін мазмұнындағы ақпараттың негізгісі мен қосымшасын ажыратады. Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойын толық білдіре алады.
- Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
- Негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады.
- Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;
- Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады.
Оқушылардың грамматикалық, лексикалық нормаларды оқып білуі:
Тіл мәденеиті, сөз мәденеиті, ауызекі сөйлеу
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;
Жоспарлана
тын уақыт
Сабақтың басы
5-8 минут
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
«Кім шапшаң?» ойыны ойналады.
Бірнеше мақал сөздің алдыңғы бөлігін айтып, соңын жалғастыру керек. Оқушының шапшаңдығы бағаланады.
Бала тілі - бал. Өнер алды - қызыл тіл. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құметте!
Тіл мәртебесі - ел мәртебесі. Ана тілің арың бұл!
Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
Оқушыларға смайлик жапсыру арқылы ынталандыру.
Сабақтың тақырыбы ашылады.
- Сабақтың мақсаттары мен жетістік критерийлерін таныстырылады.
С.
Тыңдалым алды тапсырма.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынылады.
- «Мәдениет» сөзін қалай түсінесіңдер?
- «Сөйлеу» кімдерге тән қасиет?
- Ауызекі сөйлеу және жазба тіл дегеніміз не? Оны бір-бірінен қалай ажыратамыз?
- Осы екеуінің қайсысы бұрын пайда болған деп ойлайсыз?
- Ойыңызды дәлелді пікірлермен жеткізіп айтып қараңыздар.
(Балалар өз ойын жеткізіп айтуда олардың ойлау және сөйлеу мәдениетінің қаншалықты деңгейде екенін аңғаруға болады. Оларға мұғалім жетекші сұрақты қою арқылы ойларын еркін жеткізуге көмектесіп отырады. )
f Бағалау.
Өз ойын айтуда қысылмай еркін әрі әдемі жеткізуге тырысқан оқушыға мұғалім «Керемет!», ал өзінің пікірін барынша жеткізгендерге «Жарайсың!» деп жазылған қағаздармен марапат жасайды. Оқушылар қол соғып жігерлендіреді.
МЖ = Мұғалім жасаған
Слайд.
Сабақтың ортасы
5 минут
2. 04 минут
10 минут
3 минут
3 минут
7 минут
- Мәтінде не туралы айталған. Мұқият тыңдап, мазмұнын біліп алу.
- Мәтіннің мағыналық бөлігінде негізгі және қосымша ақпарат болады.
- Мәтіндегі негізгі ақпарат - мәтіннің негізгі идеясы, негізгі фактілері.
- Мәтіндегі қосымша ақпарат мәтінге қосымша берілген иллюстрациялар, кестелермен қатар, негізгі ойды қолдауға бағытталған цитаталар (дәйектемелер), ойды дәлелдеуге негіздейтін мысалдар жатады. Мұндай ақпараттармысалы, себебі, көбіне т. б. деген сияқты сөздермен көрсетіледі.
Мағынаны тану
«Тіл және сөйлеу» тақырыбындағы бейнебаян тыңдатылады. https://www. youtube. com/watch?v=W6lfYCpsuBo Тыңдалым бойынша тапсырма. ЖЖ 1. Тыңдалым мәтіні не туралы екен? 2. Мәтіннен өзіңе ұнаған тұсын жұбымен ақылдаса отырып, дәптерлеріне жазады. 3. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды тауып, кестеге толтырады.Оқушылар аралап оқып, негізгі ақпаратты қосымшадан ажыратады.
- Оқушыларды бағалау үшін дескриптор құрылады.
Бағалау. «Бес саусақ»
Кері байланыс . Өз пікір, ойларын смайликтер арқылы білдіреді.
Тапсырма.
«Тіл және сөйлеу» тақырыбында бейнематериал мазмұнын оқушылар қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында топтар бір-біріне 3 сұрақ әзірлейді.
Жауабын 1 сөйлеммен ғана ауызша айтады.
Бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек».
Слайд.
Тіл және сөйлеу
www. youtube. com
Сабақтың соңы
2 минут



Қосымша ақпарат
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz