Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Жігіт сұлтаны байқауы

№5 жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы:
<<Жігіт сұлтаны>>

Өткізген: <<Балдырған>> тобының
тәрбиешісі Сабыргалиева К.А

Орал, 2017

<<Жігіт сұлтаны>> байқауы
<<Жігіт сұлтаны>> байқауының үміткерлері 8 ұл бала қатысады.
Мақсаты: Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата- салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.
Көрнекіліктер: Сурет - билборд, шарлар, гүлдер.
Байқауға қатысатындар: Топ тәрбиеленушілері.
Байқаудың қонақтары: ата - аналар, ұстаздар, № 4 <<Березка>> бөбекжайының балалары,тәрбиешілері, № 1 <<Айгөлек>> бөбекжайының балалары,тәрбиешілері.

Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Барымызды салайық.
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, әріптестер, балалар!
<<Жігіт сұлтаны>> сайысымызға қош келдіңіздер!
Балабақшадағы бақытты бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамызда тәрбиеленіп жүрген ұлдар мен қыздарымызды заман талабына сай ақылды да, парасатты, ер жүректі, тәрбиелі, иман жүзді болып өскенін қалаймыз.
Сондықтанда біз ұл балаларымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Сол алады сыйлықты - деп, ең алдымен сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Бүгінгі байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Бастауыш сыныптар бойынша оқу-ісінің менгерушісі: Джумагалиева Гулмира Узагалиевна
Мектебіміздің психологі Айман Наушақызы
Мектебіміздің логопеді Тұрсынгул Амангелдіқызы
Жүргізуші:
Ал енді қонақтар сайысты біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Ұмытарсыз бүгін сіздер шаршағанды ,- дей отыра сахнаға <<Жігіт сұлтаны>> атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарды шақырайық.

КВН әні арқылы жігіттер сахнаға кіреді.

Екі жігіт білімді
Меңгерген бар ілімді
Шапалалақты аямай
Қарсы алайық Қайсар мен Жансұлтанды

Білімімен бүгін міне ән қосты
Сұрақтар мен жауаптарға таласады.
Алғырлығын тағы бізге дәлелдер
Ортамызға шақырайық Санақ Мадиярды.

Білімді, алғыр, ақылды
Танитын алыс, жақынды,
Тобының озат жігіті
Шақырайық ортамызға Ержанов Мадиярды

Төртінші жігіттер елгезек
Алады тез тіліңді
Жігіттердің төресі
Қарсы алайық Айгөлек балабақшаның жігіттерін

Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Ер жігітті, халайық білесің бе?
Ортаға шақырайық Радмирді

Арманы- биік шыңға шықсам деген,
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген.
Ата- анасын ертіп келген бүгінгіге,
Ендеше шақырайық Аятханды ортаға.

Жүргізуші

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,
Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты
Талай ғасыр небір ақын- жыраулар,
Жігіттердің батырлығын жырлапты.

<<Жігіт сұлтаны>> сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
1. <<Сәлем - сөздің атасы>>. Таныстыру.
2. <<Адам көркі -шүберек>>. Сән көрсетілімі.
3 <<Талантты болу - тәңірден>>. Өнер сайысы
4. <<Білімді мыңды жығады>>. Сұрақ- жауап
5. Қазақтың қолөнері. Қамшы өру
6 Үй тапсырмасы. Ата- аналардың қатысуымен.

Жүргізуші: Сайыс алдында жақсы тілек білдірейік. Ортаға Гулмира Узагалиқызын қошеметпен шақырайық.
Би : <<Шөжелерім>> балапан тобының орындауын
Жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп, сайысымыздың бірінші бөлімі
<<Сәлем - сөздің атасы>> деп аталады.
Бірінші сайысымыздың қорытындысы бойынша әділ - қазылар алқасы бағаларыңызды берсеңіз.....

Жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер өзіменен,
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі әрі ақын, әрі әнші,
Таныстырып кетті ғой тегіменен.
Парасатты ер жігіт,
Ақылына сай жігіт.
Өнеріңді өркендет,
Тең келеді қай жігіт?
Жұрт қарасын қызығып, дей отырып, сайысымыздың екінші бөлімі

<<Адам көркі- шүберек>> сән үлгісін көрсету бөлімін бастаймыз.
ЖІГІТТЕР КИІМ ҮЛГІСІН ӘСЕМ ӘУЕН АРҚЫЛЫ КӨРСЕТЕДІ.

ӘН: <<Топ, топ, алақан>> 0 <<А>> сыныбының бүлдіршіндері.
Жүргізуші: Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.
3 <<Талантты болу - тәңірден>>. Өнер сайысы.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, әділ - қазылар! Халқымызда <<Сегіз қырлы бір сырлы>> деген мәтел бар. Енді сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап әділ бағасын берейік.
ӘН: орындайтын Мажитова Даяна

4. <<Білімді мыңды жығады>>. Тапқырлар сайысы.

Жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан өтсең егер сүйінші
Жүлде сенде, қуана бер күлімде -
Келді кезек тапқырлықты танытар - деп

<<Білімді- мыңды жығады>> деп аталатын сайысымызға кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Балабақшамызда білім алып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұраққа дұрыс жауабына 5 балл.
Жүргізуші: Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.
ӘДІЛ БАҒА БЕРЕТІН МҮШЕЛЕРІНЕ, АТА - АНАЛАРҒА ТОСЫН СЫЙ КӨРСЕТУ
6. Қазақтың қолөнері. Қамшы өру.

Жүргізуші: Қамшы тарту. Ата көрген -оқ жонар демекші. Әкелері ұлдарына қамшы өруді қалай үйреткенін, балалары қалай орындайтынын бағалайсыздар. Берілген уақытта кім қанша өргенін көреміз. Балалар қамшы өріп тартады.

Алтыншы сайысымыз бойынша әділ - қазы алқалары бағаларын берсе.
(Әділ - қазы алқасы бесінші сайыс бойынша баға береді)

Сайысымыздың соңғы бөлімі <<Үй тапсырмасы...>>
(Балалардың аналарымен дайындаған тағам үлгісі)
Ән: <<Қуыршақтар >> Балдырған тобының бүлдіршіндері

Жүргізуші:
<<Батыр болған бабамнан,
Ел қорғауды үйренген.
Ару болған анамнан,
Ар қорғауды үйренген>> сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.
Сөз кезегі әділ- қазылар алқасында.
Марапаттау
Жүргізуші:
Бүгін жігіттеріміз нағыз тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Ұқсас жұмыстар
Сері болған баланың, Өрге жүзіп өнері
Жігіт сұлтаны туралы ақпарат
Жігіттің сұлтаны
Жігіт сұлтаны жайлы ақпарат
Жігіт сұлтаны. 2 сынып
Жігіт сұлтаны (ашық тәрбие сағаты)
Сайысымыздың жоспарымен таныстыру
Тақырып - Жігіт сұлтаны
"жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз
Жігіт сұлтаны
Пәндер