Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Жасуша - ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем бірлігі. Өсімдік ұлпалары

Сабақ: 3
Тақырыбы: І тарау. Жасуша - ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем
бірлігі. Өсімдік ұлпалары.
§3. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар.
Сабақтың мақсаты: вирустардан басқа барлық тірі ағзаларға тән, ең кішкентай өлшем бірлік - жасуша, оның ашылу тарихымен және оны зерттеуде пайдаланылған құралдар жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі - <<жасуша>> ұғымын түсіндіріп, микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.
Тәрбиелілігі - адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.
Дамытушылығы - электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, мироскоптар.
Сабақтың типі: құрастырылған
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Биология ғылымы, оның негізгі салалары туралы әңгімелеңдер.
Ғылымға еңбегі сіңген ғалымдарды атаңдар. Олардың қандай еңбектері бар?
Қорық деген не? Еліміздегі басты қорықтарды атаңдар. Өзің қайсысында болдың?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Микроскоптың шығу тарихы
2. Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұміс істеу тәртібі
1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған.
Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.
Тірі ағзалардың ортақ белгісі - денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық өлшем бірлігі - жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, оптикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайм ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылыр көпжасушалылы ағзалар сияқты тіршілік етеді.
Жасушамен алғаш танысқандықтан, әрі бұл материал күрделі болғандықтан жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, өсімдік жасушасын бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құралдардың түрлері, олармен жұмыс істеу әдісін үйрету керек.
Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұмыс істеу тәртібі. Жарық микроскобының әрбір бөлімінің атын, не үшін қажеттігін оқушылардың дәптеріне жаздырған жөн. Содан соң микроскоппен қалай жұмыс істеу керек екендігін мұғалімнің өзі көрсетуі тиіс. Алдыға қойылған мақсат - оқушыларды микроскоппен, жұмыс істеу барысымен таныстыру.
Ол үшін микроскопты үстелдің шетінен 5-8 см қашықтыққа қойып, барлық бөлімдерін таза жұмсақ шүберекпен сүртіп тазартылуы тиіс екенін айтып, әр бөлімдерін қалай пайдалану керек екендігін (бұранданы жоғары, төмен қозғау; айнаны жарыққа бағыттап жарық ұстау жолы; көретін затты заттық үстелдің үстіне дәлдеп қою, т.б.) нақтылай көрсетіп жаттықтырған жөн. Микроскопқа керекті жабдықтардың маңызын, қалай қолдануын (заттық әйнектің саусақпен шетінен ұстау; ортасынан ұстаса саусақ ізі түсіп зерттейтін затты анық көрсетпей кедергі болатынын ескерту; сондықтан тазалап сүртіп алу) айту. Препарат жасау үшін зат әйнегінің дәл ортасына тамызғымен 1-2 тамшы су тамызып, көретін объектіні дұрыстап орналастырған соң, суда ауа көпіршіктері болмас үшін жабын әйнегі шетінен ұстап зат әйнегіне бұрыш жасай жабу жолы үйретіледі. Ауа көпіршіктері қалып қойса, әйнектің үстінен сәл басып кетіруге болады. Көретін объектіні міндетті түрде су тамшысына салып қарауды ескертуді ұмытпау керек (қандай да болмасын кез келген объектіні сусыз қарауға болмайды кейде объектіні ерекшелігіне байланысты басқа ерітінділер, бояғыш заттар қосуға болады).
Микроскоппен қарайтын препарат дайын болған соң зат үстелінің дәл ортасына (зат әйнегіне салынған объект зат үстелінің ортасындағы тесікке дәл келуі керек, себебі айна арқылы түсірілетін жарық объектіге түспесе анық көрінбейді) орналастырып, бұранда арқылы зат анық көрінгенше окулярдан көз алмай көру түтігін ептеп жоғары немесе төмен түсіріп қарау керек екенін түсіндіріп, көрсеткен жөн. Препарат пен объектінің ара қашықтығы шамамен 1 см болғанда зат анық көрінеді. Микроскоптың зат үстеліне су тигізуге болмайды, сондықтан препараттағы артық суды сорғыш қағаз немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп тасталуы тиіс (негізінде артық су тамызбауға тырысу керек).
Микроскоппен жұмыс істегенде мынадай ережелер есте болуы керек:
А) микроскопты бір орынға орнықтырып қойғаннан кейін жұмыс істеп біткенше екінші орынға жылжытуға болмайды, жылжытса объект көрінбей қалады;
Ә) алдымен айнамен жарық түсіріледі, егер микроскопта объектив екеу болса (бірі - кіші, екіншісі - үлкен) алдымен кіші объективпен қарайды;
Б) микроскопты бір қалыпты температурада сақтайды, қалай болса, солай қоя салса, шаң басып әйнектері күңгірттеніп бұзылады;
В) ауық-ауық жұмсақ, құрғақ шүберекпен окуляр мен объективтің сыртқы линзаларын сүртіп тазалайды;
Г) микроскоп өте күрделі құрал болғандықтан оны химиялық реактивтермен, улы химикаттармен қатар қоюға болмайды. Өзінің ағаш қорабына салып шаң-тозаң кірмейтін таза, құрғақ шкафқа орналастырады.Үлкейтіп көрсететін құралдармен оқушыларды таныстырып болған соң зертханалық (практикалық) жұмыс орындауға кіріседі.
ІV. Бекіту.
Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.
Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.
Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.
Үй тапсырмасы. §3 оқып, 1-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.
№1-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Ұлғайтқыш әйнек және микроскоп.
Мақсаты: Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу.
Құрал-жабдықтар: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.
Жұмыстың барысы:
1. Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.
2. Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.
3. Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.
4. Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).
Нәтижесі:
І. Төмендегі сөйлемдерді оқып, ойланып, тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар.

Препаратты жабын шынымен жабады

Пияз қабығын аршиды

Зат шынысына йод ерітіндісін тамызады

Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін сылып алады

Зат шынысына су тамызады

Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді

Препаратты зат үстелшесіне орналастырады

Микроскоптың бөлімдері
Атқаратын қызметі
Микроскоп
1.
Жарық түсіру

2.
Көзбен қарау

3.
Көру түтігін қозғау

4.
Затты қарау

5.
Көру түтігінің бекітілген жері

6.
Қарайтын затты орналастыру

7.
Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі

8.
Үлкейтіп көрсететін әйнектер орналасқан бөлімі

ІІ. Атқаратын қызметіне қарай микроскоп бөлімдерінің аттарын кестеге толтырыңдар

Қорытынды:
1. Ұлғайтқыш әйнек пен микроскоптың қызметі қандай?_____________________________
_____________________________________________________________________________
2. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар._____________________________________
_____________________________________________________________________________

Ұқсас жұмыстар
Биологиядан ожсб жоспары
Жануар жасушасы
Жеті жүйрік
Сабақ жоспарының шаблоны
Балдыр жасушасына енетін бактерия
Бейімделушілік - эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі
Астық тұқымдас
Нағыз вакуоль
Бүршіктің ішкі құрылысы 6 сынып
Топтың аты
Пәндер