Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Жел электр стансасы макеті
№18 орта мектеп ММ
Жел электр стансасы макеті
Жаңаөзен қаласы
2016-2017 оқу жылы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, № 18 орта мектеп ММ
Әрекеттегі <<Жел электр стансасы>> макеті
Орындаған: 10 <<б>> сынып оқушысы Қартбаев Мерей
Жетекшісі: Чукаев Бекгали Узакбаевич
Жел электр стансасы (Жел ЭС) - жел ағынының басқарылмайтын кинетикалық энергиясын электр энергияға айналдырады. Жел ЭС екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы кернеу жел электр стансалары. Тұрақты кернеу жел электр стансасының шығысындағы кернеу, генератор өндіретін кернеу тегіне қарамастан, тұрақты болады. Керісінше жағдайда, айнымалы кернеу жел электрлік стансасы деп аталады.
Жел ЭС-ның негізгі арналуы -- ұлттық энергетикалық тораптардан алыс орналасқан тұтынушыларды және ауыл шаруашылығы нысаналарын электр энергиясымен қамсыздау. Басты артықшылығы -- қоршаған ортаны ластамайды, қуат көзі (жел) ешқашан сарқылмайды.
.
Жел электр стансасы макетін дайындауга қажетті материалдар:
Шағын электрқозғалтқыш, диод шамы, қаймақ құтысының қақпағы, ∅50мм шарық (блок), канцелияриялық резеңке таспа, 25х35х400мм профиль, оқшаулағыш таспа, ∅2мммыс сымы, <<Момент>> желімі, ыстық желім, 150х150х10мм пластмасса
Қолданылатын құрал-саймандар:
Сызғыш, қалам, темір кесетін ара, қайшы, монтер пышағы, біз, дәнекерлеу аспабы, шеңберсызғыш, транспортир, терможелім аспабы т.б.
Макетті дайындау әдісі
Алдымен бұйымның тұғырын дайындап аламыз. Ол үшін бізге 150х150х10мм пластмасса табан, бұрын қолданыста болған ML-40W күндізгі жарық шамынан алынған 25х35х400мм профиль қажет. Профилді шам орнататын тетігімен бірге кесіп алу керек. Ол профилді табанға бекіткенде беріктікті қамтамасыз етеді. Табанға профиль <<Момент>> желімі мен бекітіледі.
Желім қатқанша қаймақ құтысының пластик қақпағынан ∅170мм шеңбер қыйып аламыз. Кесіліп алынған шеңбердің ішінен R=20мм және R=60мм өлшемде шеңбер сызамыз. Транспортирді пайдаланып шеңберді он екі бөлікке бөлеміз. Алынған диагоналдарды ішкі шенберге дейін кесіп қалақша дайындаймыз.
Қалақшалардағы шеткі шеңбер сызығының дәл ортасынан бізбен тесік жасаймыз. Дайын болған тесіктерге ∅2мммыс сымын қалақшаның бет жағынан өткізіп, артына шыққан ұшын келесі қалақшаның беткі жағынан өткізуді қалақшаларды толық қамытығанша жалғастырамыз. Осылайша тоқу арқылы қалақшаның қайырылып тұруын қамтамасыз етеміз.
Дайын болған қалақшаның дәл ортасына, қалақшаның және шарықтың (блоктың) орталықтарын дәл келтіріп желімдейді.
Желімі қатып, бойын ұстаған тұғыр профилінің жоғарғы жағына шагын электрқозғалтқышты желімдейміз. Оның мақсаты мойынтірек ролін атқару және қалақшаға бекітілген шарықты ұстап тұру. Дайын болған мойынтірекке резеңке таспаны, қалақшаға бекітілген шарыкты (блокты) бекітеміз.
Ұшында ∅5мм жетекші шарығы бар, электргенераторы ролін атқаратын шағын электрқозғалтқышқа диод шамын жалғаймыз. Алдын ала шамды электр-қозғалтқышына жалғағау полюстерін тексеріп, анықтап аламыз.
Қалақшадағы шарық пен электргенераторындағы шарыққа резеңке белдікті орнатып, генератор қандай жағдайда оптимал электр қуатын өндіретінін тексереміз. Тексеру үшін мойынтірек электрқозғалтқышын ток көзіне жалғап, белдік пен байланысқан генераторды ілгері-кейін жайлап қозғап, шамның жарқырап жанған жерін белгілеп алады да, сол жерге генераторды желімдейді. Сынақтан өткен генератор мен шам сымдары дәнекерленеді, оқшаулағыш таспамен оралады. Шамды, сымдарды жинақтап, тұғырға ыстық желіммен желімдейді.
Жел электр стансасы макетінің жұмысқа жарамдылығын, шаш кептіретін ФЕН қондырғысын пайдаланып тексереді. Сынақтан сәтті өткен макетті ажарлап, сырлаймыз. Макет қолдануға дайын.
Қорытынды
Техникалық қритерийлері: салмағы жеңіл, көп уақыт талап етпейді, жасалуы оңай, пластик материалдардын жасалғандықтан мықты әрі берік.
Экологиялық критерийлері: қолданылған материалдардың барлығы тұрмыста қолданылатын материал қалдақтары болғандықтан бұйым экологиялық жағынан таза. Жұмыс орнында қалдықтар, қоқыс аз болады.
Экономикалық критерийлері: аз қаражат жұмсалады, материал табу қыйынға соқпайды.
Қорытындылау: бүгінгі таңда қоршаған ортаны ластанудан қорғау өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Қалдық материалдардыға екінші өмір сыйлап, оларды өнер туындысына айналдыру арқылы аз да болса, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға үлес қосасың,айналаңдағыларға қуаныш сыйлайсың.
Макетті - ойыншық ретінде пайдалануға, сыйкәделік бұйым ретінде сыйға тартуға, бастауыш сынып оқушыларына <<Жел электр стансасы>> тақырыбында сабақ өткенде, көрнекілік құрал ретінде пайдалануға болады.
Алға қойған мақсатым - орта мектепті бітіргеннен кейін, техника саласындағы жоғары кәсіптік оқу орындарының бірінде оқуымды жалғастырып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуына белсенді қатынасу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. <<Жел электр стансасы>> ғаламтордан, уикипедиялық материал
2. Ғаламтордан <<Как сделеть макет>> сайты
Жобаны дайындаған: Қартбаев М.
Жоба жетекшісі: Чукаев Б.У

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz