Қ. Мырза әлі Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру

Тақырып ; Қ. Мырза әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қ. Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оқушылардың таным-дүниесін кеңейту, сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін жан- жақты жетілдіру, « қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңін түсініп оқуға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: оқушының тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау, ауызекі сөйлеу қабілеттерін сын тұрғысынан оқу және жазу технологиясы арқылы дамыту;
3. Тәрбиелік: жас ұрпақты өз халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпын сыйлауға, аға өсиетіне адал, білімді болуға тәрбиелеу. қазақ халқының қонақжайлығын көрсете отырып, азаматтық борышын өтеуге, әдептілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың типі: оқушылардың білімдерін бақылау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ «Қыз қуу» ойыны ретінде.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс, АКТ, жұмыс дәптері,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, ән-күй.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, психологиялық тренинг, топқа отырғызу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Мұғалмнің кіріспе сөзі.
Балалар, бүгінгі сабақ ерекше өтетін болады. Бұл сабақта Қ. Мырза Әлінің « Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңімен танысамыз. Сабақты «Қыз қуу» ойыны түрінде өткізейік. Сынып 2 топқа бөлінеді:
- қыздар тобы, ұлдар тобы.
Ойынның шарты:
Егер ұлдар жеңсе, қыздарға біраз зеректік не тапқырлық жетпеді деп санаймыз.
Егер қыздар жеңсе, ұлдар қыздарды «Қыз қуу» ойында қуып жете алмады деп санаймыз.
Сабағымыздың ұраны : «Бір ауыз сөз болса да дауыстап айт, ең бастысы үнсіз қалма»
I тапсырма:
Әр топтан 1 оқушы шығып Қ. Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп береді. Қайталанбау керек. Кластер құрастыру
II тапсырма.
Мақал-мәтел сайысы.
Бірінші топ мақалдың басын бастаса, екінші топ аяқтайды.
Мысалы: ұлдар тобы - Оқусыз білім жоқ,
қыздар тобы - Білімсіз күнің жоқ.
Қыздар тобы - Құтты қонақ келсе,
Ұлдар тобы - Қой егіз туады. Ұлдар тобы - Келгенше қонақ ұялады,
Қыздар тобы - Келгесін үй иесі ұялады. ( Тағыда 2-3 мақал қосуға болады. )
-Бұл мақалдарда не туралы айтылады?
- Қонақ күту, қонақты қарсы алу адамдардың қандай қасиетіне жатады?
-Қонақжайлылық қазақ халқына тән қасиет пе?
- Сөздеріңді дәлелдеңдер
Мұғалімнің сөзі; Олай болса бүгінгі сабақта біз Қадыр атамыздың қазақ халқының тамаша өсиеттері туралы жазған өлеңімен танысамыз.
Өлеңді оқу:
I-топқа;
1-Өлеңде қазақ халқының қандай ұлттық ойындары аталады? Сол ойындар туралы не білесіңдер?
2- 1, 2, 3, 4 шумақтарында қазақтарға тән қандай қасиеттер туралы жазылған?
3- Қазақ халқының басқа халықтарды жатсынбайтыны туралы ой қозғаңдар.
II- топқа;
- 5, 6, 7, 8, 9 шумақтарында қазақтарға тән қандай қасиеттер туралы жазылған?
- Қазақтың тойларыңда болып көрдіңдер ме? Сол туралы айтып беріңдер
- Қонақ күту дәстүрі туралы көрініс дайындаңдар.
VI. бес жол өлең жазады.
1зат есім (Қазақ)
2 сын есім ( қонақжай, өнерпаз, ақкөңіл )
3 етістік той жасайды, өкпелеп қалады
4 сөйлем-
5 зат есім- (1-ші сөзге сәйкес) халық (25 минут)
Сабақ қорытындысы. Мұғалім:
- Осымен ойын-сайыс сабағымыз аяқталады. Ұлдарда да, қыздар да сабаққа белсенді қатысты.
VII. Рефлексия. « Табыс баспалдағы»
VIII . Оқушылардың ой- пікірін білу
Табыс баспалдағы стратегиясын өткізу
* Бағалау. Бағалау парақ арқылы (5 минут)
*Үйге тапсырма: * Келесі сабақ «Олжас Сүлейменов» тақырыбына байланысты алдын ала тапсырмалар:
1. Олжас Сүлейменотың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасау.
2. О. Сүлейменовтың қоғамдық қызметі туралы, яғни «Невада -Семей» халықаралық қозғалысының
төрағасы ретінде атқарып кележатқан жұмысы туралы баяндама.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz