Арқалық политехникалық колледжінің Өнерлі өрендер кеші: концерттік бағдарлама (2015)

Қостанай облысы

Арқалық қаласы

Арқалық политехникалық колледжі

Тәрбиеші Нурпазилова Биби Калиевна

Тақырыбы: « Өнерлі өрендер кеші»

(Қазақ биі)

(Фанфармен)

1-жүргізуші. Кеш жарық ортаға жиналған қауым! Сіздердің көңілдеріңізге «Өнерлі өрендер кеші» концерттік бағдарламасын ұсынамыз.

2-жүргізуші. Бүгін бізде өте ерекше күн. Себебі, бүгін, тура осы кеште бізден жасырынып жүрген таланттарымызды табамыз.

1-жүргізуші.

Жете бер аңсап күткен тілегіңе

Қылаудай дақ түспесін жүрегіне

Отанның ел жұртының мақтаны бол.

Талантты болып жүр өміріңе.

2-жүргізуші. Біз әр адам өзінің талантын көрсетіп биік шыңдарға жете берсін деп айтқымыз келеді. Әр адам өз ішінен талантты. Мысалы біздің жатаханымызда биші күйші, әнші деген таланттарымыз бар.

1-жүргізуші. Бірақ біз осы таланттарымыздың 3-4 есе көп болғанын қалаймыз. Осы кешті біз « Өнерлі- өрге жүзер» деп « Өнерлі өрендер» кешін бастаймыз. ( бірге айтылады)

2-жүргізуші.

Үлкенге әрдайымда сөзді берген,

Жақсының насихатын азық еткен.

«Өнерлі өрендер» -кешін бастау,

Силының сөздеріне кезек берген- дей келе бүгінгі кеште асыл сөздің маржаның теріп айтатын, төрде отырған қонақтарымызға береміз.

Зерделі сөздің кезегін Арқалық Политехникалық колледжінің директоры

Оспанов Асқар Сәбитбекұлына беріледі.

1-жүргізуші. Асқар Сәбитбекұлы, Гүлзада Байдрахманқызы,

Салтанат Мырзалиевна сіздерден әділқазылар алқасының орнына жайғасуларыңызды сұраймыз.

2-жүргізуші.

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсен менші сүй деп Абай атамыз айтқандай әсем әнмен ортаға Нұрдаулеттің орындауында « Қазақ жастары » әні.

1-жүргізуші.

Мың бұралып билеген,

Аруды кім сүймеген

Күміс көмей аруларға,

Кімдер басын имеген.

Ортаға Жүнісова Венера « Үнді» биі.

2-жүргізуші.

Екі шектің бірін қатты,

Бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра.

Маканова Ұлжанның орындауында « Би күйі»

1-жүргізуші.

Көтеріп көңіл күйді

Ән мен биде

Көтереді көңілді әзіл сөзде,

Әдемі әзіл астарлы сатирамыз.

Квн басталады біздің төрде. Көңілді көрінестерін бастайтын 5-қабат қыздарын шақырамыз.

2-жүргізуші.

Өнерлінің өнерін

Қане байқап көрейік.

Жүйрік аттай желейік,

Ән мен жырға кезек берейік.

Мұратбекқызы Жұлдызайдың « Мерекем» әні.

1-жүргізуші.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле,

Аққудай қалықтаған теңіздегі.

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

Жұптық би Венский « Вальс»

2-жүргізуші.

­Өнерлі жігіттеріміз Абзал мен Фархаттың дуэті. « Сені ойлай»

1-жүргізуші.

Кімдер жүйрік өнерпаз біздер көрдік,

Өнеріне сүйсініп баға бердік

Өнерлінің өнері шарықтасын,

Сәттәлік бақ-жұлдызын жарқырасын дей келе

Флешмоб топтық би.

2-жүргізуші.

Махаббатсыз адам мәңгі тұра алмас,

Сезім деген махаббатпен құрамдас

Жұрттар тапса бірге болу амалын.

Махаббатта амал барма алынбас.

Дей келе Толғанай мен Абзалдың орындауында « Бол жанымда» әні.

1-жүргізуші.

Мында назар салайық,

Әсем биді тамашалайық.

Биші қыздарымыздың « Шығыс» биін тамашалайық.

2-жүргізуші.

Әуелетіп ән айтар,

Әнші жігіт Ғасыржан « Жас қанат ұраным»

1-жүргізуші.

Көркемдеп тізбектеген сөз маржанын,

Айтады асыл ойдың жан сырларын.

Көркемдеп, мәдениетті сөйлеу шебер,

Әрбір жан өз тілінің жауһарларын.

Ортаға көркем сөз шеберлері. Әлібек Балнұр, Сембек Толғанай.

2-жүргізуші.

Әнші өнерлі жігітіміздің бірі Абзалдың орындауында « Мен сені күтемін»

1-жүргізуші.

Сымбаты сән киімі жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрған таланты мен талабы шарықтасын.

Биші аруымыз Дүйсенбай Айсұлу « Үнді» биімен.

2-жүргізіші.

Езуге күлкі жинаған,

Жігіттер бар сахнаға сән силаған.

4-қабат өнерпаздары КВН қойылымы.

1-жүргізуші.

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ортада биші қыздар би билейді

Халайық қол соғады мархабатты.

Испан биі.

2-жүргізуші.

Ортаға әнші қызымыз Исламова Аягөздің орындауында « Көңілді күн» әнін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші.

Өмір қатал мәңгі ғұмыр бермейді,

Жастық шақ қайта айналып келмейді.

Шарықтатып жалындатқан жастықты.

Шығыс биін Сырлыбаева Назгүл билейді.

2-жүргізуші.

Әсем ән -тамаша рух сыилайтын

Әдемі дуэт Назерке мен Азаматтың « Тек алға әні»

1-жүргізуші.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Келесі кездескенше сау болайық,

Осымен концертіміз аяқталды.

Арқалық Политехникалық колледжі

Өткізген: Жаңбырбай Назерке.

Тексерген: Бибі Калиевна.

Арқалық-2015


Ұқсас жұмыстар
Арқалық политехникалық колледжінің Наурыз мерекесіне арналған мерекелік-концерттік бағдарлама: сценарий және тәрбиелік-дамыту мақсаттары
Арқалық политехникалық колледжінің 2015 жылғы Жүзден жүйрік зеректік сайысының бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Арқалық политехникалық колледжінің Ақ Ару - Ер Сұлтан студенттік байқауының сценарийі
Арқалық политехникалық колледжінің 5-ші қабат қыздарының тәрбиеші Нурпазилова Биби Калиевнаға арналған Бибінің бикештері мәдени-өнерлік кеші
Арқалық политехникалық колледжінің Ер есімі - ел есінде атты Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған патриоттық кеші
Адамгершілік тәрбие және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру: Арқалық политехникалық колледжінің тәжірибесі
Арқалық политехникалық колледжінің студенттерінің дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтына көзқарастары, кедергілері және ұсыныстары (2014-2015 оқу жылы)
Тәуелсіз елдің тірегі - білімді жастар жүрегі: Арқалық политехникалық колледжінің танымдық сайысы (2014)
Арқалық политехникалық колледжіндегі студенттердің таланттарын іріктеу концерті: Біз таланттыларды іздейміз
Арқалық политехникалық колледжінде өткізілген Достық тақырыбындағы тәрбие кешінің сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz