Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

С дыбысы мен әріпі

Тақырыбы: <<С>> дыбысы мен әріпі.
Мақсаты: <<С>> дыбысын меңгертіп, тапсырмалардың көмегімен оқушының сөздік қорын, ойлауын, есте сақтауын, ұсақ моторикасын дамыту.
Түзеу мақсаты: Артикуляция мүшелерінің дұрыс қалпын бекіту, дыбысты
анық айту дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілігі: мысықтың суреті (ойыншық), шөлмек, <<с>> дыбысының профилі,
карточкалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Салеметсіңдер ме, көңіл-күйлерін қалай? Сабаққа дайынбыз ба?
- Бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені біздің сабаққа қонақ келеді. Ал, сол қонақты кім екенін білу үшін сіздер мына қима суретті құрастыруларыңыз керек.
- Қарашы, ненің суреті екен?
- Мысықтың (мысықтың суреті ілінеді)
- Ия, бұл мысық екен. Ендеше бізге қонаққа мысық келеді. Ал сенің үйіңде мысық бар ма? Олай болса біз қазір осы мысықпен бірге тапсырмалар орындап, <<С>> дыбысымен танысамыз.
ІІ Жаңа сабақ:
Бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы <<С>> дыбысы мен әріпі.
І <<Суретті ата>> ойыны
- Енді <<Суретті ата>> тапсырмасы. Мен қазір суреттер көрсетемін, ал сендер сол суреттерді атайсыздар, оның құрамындағы бірдей дыбысты табасындар (сөздің басынан, ортасынан және аяғынан).
- Сағат, сақина, сәбіз, мысық, қасық.асық,ананас,автобус,жолбарыс.
-Бұл сөздерде <<С>> дыбысы сөздің басында кездеседі,ал мысық,қасық сөздерінде <<С>> дыбысы ортасында , ананас,автобус,жолбарыс сөздерінде соңында жазылып тұр.
ІІ <<С>> дыбысының көру бейнесін қалыптастыру.(профиль бойынша)
- Енді мына профиль бойынша жұмыстанамыз. Қарашы, (С) дыбысын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей керіліп, тістер көрінеді. Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді, тіл ортасы сәл дөңестеніп, екі жағы астыңғы тістерге жанасады. Деміміз тіл ортасынан шығады (өзіне айтқызып салыстыру).
-Бұл <<С>> дыбысы.
- Дыбысты біздер естиміз, ал әріпті біз жазамыз екен.
- Мынау қандай дыбыс?
- <<С>> дыбысы, жарайсыңдар!
ІІІ Дұрыс артикуляциясын қалыптастыру. - Ендеше біздер бірінші артикуляциялық жаттығулар орындаймыз. <<Мысық есінейді>> қалай есінейді? ауызды кең ашып жабу. (Астыңғы жақ сүйектің қозғалысын дамытуға арналған жаттығулар)
- <<Мысық сүт ішеді>> жалпақ тілді ауыздан шығарып, қайта ауыз ішіне тығу. Тіл ұшы астыңғы тістер артына қойғанды қадағалау қажет.
ІV Дыбысты есту бейнесін қалыптастыру.
- Мысық келе жатса алдынан жылан шығады. Жылан қандай дыбыс шығарады? Ыс-ыс-ыс. Дұрыс - ақ, олай болса қайталайық ыс-ыс-ыс-ыс.
V Релаксация жаттығуы:
- Мысық күнге жылынып, керіліп - созылады, қане, біз де соны бейнелейік. (мысық тәрізді керілу, созылу). Содан кейін қайтадан күншуаққа барып жатады. (Өз - өзіне келу).
VІ Өз - өзіне (массаж):
<<Мысық жуынады>>. Мысық маңдайын, бетін, аузын, жуады. (Балалар маңдайын, бетін, иегінің бұлшықеттерін сипап, сылайды).

VІІ Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту:
- Мысық далаға серуенге шықса, жел соғып тұр екен. Соны бейнелейік (тілді төменгі ерінге қойып, оның ұшына үрлеу. Ауызға алақанды жақындатып, <<салқын желді>> сезу). Бір кезде дауыл соғып кетті (аузы жіңішке шөлмекті алып, үрлеп

тұрып уууууууууу дыбысын ұзақ айту). арқылы тыныс алу жаттығуын орындаймыз.(2 рет)
VІІ Ұсақ моториканы дамыту:
- Кім біледі мысықтың ізі қандай?
-Кәне, саусақтарымызбен көрсетейік.
- Дұрыс, енді қағаз бетіне ізін салып көрейік.
-Жарайсындар.
-Жарайсындар балалар сендер мысықтын барлық тапсырмаларын жақсы орындағандарын үшін сіздерге сыйлық береді. Ендеше мысыққа рахмет айтып сау болыңыз айтайық.
ІІІ Қорытынды.
-Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?
- Қандай дыбыс туралы айттық?
- Сіздерге қандай тапсырмалар ұнады?

Ұқсас жұмыстар
Дыбысына байланысты сөз ойла
Г дыбысы мен әріпі
Балық сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс
Ә ә дыбысы және әрпі
Аквариум суретін көрсету
Неліктен дауысты дыбыс
"әә дыбысы мен әрпі". 1-сынып. сауат ашу
Гдыбысы мен әрпі
Г дыбысы, әріпі
Бастап тұрған қай әріп
Пәндер