Blender бағдарламасының интерфейсі мен нысандары: 3D модельдеуге кіріспе сабақ жоспары

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: Кубизм, ЖИГСО, Семантикалық карта, Консептуалды кесте, Сәйкестендіру, Фишбоун, Венн диаграммасы, Миға шабуыл, Түртіп алу, Ойлан, жұптас, талқыла.
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
Білу
3 мин
6 мин.
Психологиялық ахуал Оқушылармен амандасу:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Көңіл -күйлерің қалай?
Фигуралар арқылы екі топқа бөлу
І топ II-топ
Цилиндр - Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
Куб - Лидер, ақпаратқа байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары және таныстары шағын, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам.
Үй жұмысын тексеру : «Кубизм» әдісі, Венн диаграммасы арқылы тексереді
Дұрыс жауап талданады
- СуреттеңізВиртуальдық дегенді қалай түсінуге болады?
- Салыстырыңыз
Виртуальды өмір мен нақты өмірдің айырмашылығы қандай?
- Зерттеңіз
Терезеден көрініп тұрған секірген адамның неліктен жүгіріп кете алмайтынын қалай түсінуге болады?
- Қолданыңыз
Мониторда бейнеленген фигураның жан-жағын өзің қарастыр
- Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?
Нысандарды математикалық модельдегенде қандай үдеріске ұшырайтындығын елестетіп көр
- Қолдаңыз я қарсы шығыңыз
3D анимациясы - қазіргі уақыттағы анимация бағыты
- Сәлеметсіз бе!
Топқа бөлінеді.
1-топ: кубизмнің бетінен 1-6 сандарын таңдап, сұрақтарға жауап береді
2-топ: Карапайым 3D модельдеу мен күрделі 3D модельдеуді салыстырып, постерде орындайды
Цилиндр, куб геометриялық фигуралары
интербелсенді тақта
постер, маркер
Түсіну
7 мин
10 мин.
- Джиксо әдісі арқылы оқушыларға кітаптан оқып - түсінуді тапсырады
- «Миға шабуыл» әдісі
Мұғалім Куб, Циллиндр геометриялық фигураларының жан-жағын қалай көруге болатынын сұрайды
Бүгінгі сабақта : Мониторда бейнеленген фигураның жан-жақты кырларын қарастыратындығын айтады.
- Blendеr бағдарламасының интерфейсі, нысандар тақырыбын түсіндіреді, «Түртіп алу» стратегиясын пайдаланып, терминдердің мағынасын айтады.
Екі топ өз беттерінше оқып - түсінеді.
Балалар ең алдымен жекелей оқып, жұппен, топпен талқылайды, ортаға салып орындайды.
Фигураның алдынан, төбесінен т, б қырларынан қарап көреді.
кітап
геометриялық фигуралар
Қолдану
7 мин
Талдау
5мин
Жинақтау
5 мин
Мұғалім әр топқа монитордағы текшені ауыстырып, бояуға көлемін өзгертіп көрсетуге тапсырма береді.
Сергіту сәті
Топтарға тапсырмалар беріледі
Компьютерде жұмысты орындау керек.
Оқушылар мониторда текшені бояйды, орнын ауыстырады, көлемін өзгертеді
1-топ: Семантикалық карта
2-топ: Консептуалды кесте
1-топ: Фишбоун әдісі
2-топ: Сәйкестендіру
компьютер
интербелсенді тақта, постер, маркер
Бағалау
2 мин
Әр топ «екі жұлдыз бір тілек» арқылы бірін - бірі бағалайды
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қояды?
- Blender программасы өзің үшін керек, құндылығын анықтай алдың ба?
Мұғалімге кері байланыс
Топтар ойланып, жұптасып, талқылайды. Өз пікірлерін айтады.
Стикерге жазып, қалдырады.