Есіңе мені алғайсың

«Келісемін» «Бекітемін»

ДЖТІО Мектеп директоры:

З. Петралиева Ж. Ахмедов

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Жамбыл Қаппаров атындағы дарынды балаларға арналған №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты» КММ

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Есіңе мені алғайсың»

Орындағандар: Э. Кенжеева

А. Абдуллаева

Атбұлақ- 2017ж

Сабақтың тақырыбы: Есіңе мені алғайсың
Мақсаты:
әдеби-музыкалық кештің мақсаты ақын өмірімен, шығармашылығынан мәлімет бере отырып, қазақтың қара өлеңінің құдіреті болғанын таныстыру. Оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, өлеңді бағалауға, қадірлеуге және музыканың әсем құдіретілігімен тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған видеоролик, ақынға арналан кітап көрмесі, ақынға арналған папка, портреті

«Есіңе мені алғайсың» сөзін жазған М. Мақатаев орындайтын Қуаныш
І-Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың»атты әдеби-музыкалық кешіне қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші:
Жайлап жатыр ақырын,
Зал толы жырдың достары
Тыңдамақ абзал ақыны,
Ардақты оның ел-жұрты
Ақын ше? Ақын келмеді.
Бос күтті төрде бір орын
Күмбірлеп залды кернеді
Сөз алып сонда жыры оның
І-Жүргізуші:

Алматының жерінде атам жатыр

Жалғыз бейіт құлазып жапанда тұр

Қайтсем сені қоршаймын қыш дуалмен

Аруағыңнан айналдым, атам батыр!

Батыр атам сен менің жүрегімде

Асыр салып аруағың жүр өмірде

Аруағыңды жырыммен бір нақыштау

Арманым да, ойым да, тілегім де

2-жүргізуші:

Не сыйлайды, не береді келер күн

Неде болса тірі тұрсам көрермін

Желідегі құлынымын мен елдің

Көгендегі қозысымын мен елдің
Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді. Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды. Енді кезекті соларға берейік.
1-оқушы. Динара
Қара өлең
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
. . . Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
. . . Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын . . .

2-оқушы: Қанат
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедің?
Алауратқан таулардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан.
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасынан да,
Сен де дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да,
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

3-оқушы: Бекболат
Мен таулықпын
Тау дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ержеткенмін,
Қуат алып қыранның қанатынан.

Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам.
Күн алғашқы сәулесін маған шашып,
Маған келіп түнейді қара тұман.
Мен-таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Тау деген Ана туған дара тұлғам.
. . . Тауға барып,
Көкке ұшып кетсем бе екен,
Ұстап алып қыранның қанатынан.
4-оқушы: Ұлжан
Арыз жазып кетейін
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қоғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін» демей.
. . . Тойланбаса тойланбасын,
Не етейін,
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін . . .
5-оқушы: Айдынбек
Сергей Есенинге
Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей
Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей.
Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем,
Жаны ашып ақыл берген елге сенбей.
Мен-дағы сол жақтанмын,
Ауылданмын,
Ауылдың ауруымен ауырғанмын.
Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса,
Алматы мені солай қабылдаса,
Алматы мені солай қабылдады.
Атқа міндім, алысып, теппедім доп.
Мен-дағы малды сүйдім, итті сүйдім,
Інімнің маңдайынан шерткенім жоқ.
Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Бір ауылдан екенбіз мен де, сен де.
Басым сынып барады, басым сынып,
Жөндесем деболмайды, емдесем де
І-Жүргізуші:

Тірісінде қолдау таппай қоғамнан

Мың өліп, мың тірілді ғой ақ арман

Мұқағали өзі өлсе де, сөзі өлмей

Қазағына мәңгілікке оралған
2-Жүргізуші:
Алып сыршыл біздің ақын атамыз

Өлең-өзен, соның дәмін татамыз

Түрлендірген қара өлеңін қазақтың

Ақындардың ақыны ол, аты аңыз-дей отырып ендігі кезегімізді сөзін жазған Мұқағали Мақатаев «Көнеміз ғой»әніне берсек орындайтын Қуаныш, Алихан, Ернұр
І-Жүргізуші:
Табиғат!
Жанымды алсаң, алшы менің
Бір үзік жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса не істер дейсің,
Артымда қалсын елім, қалсын жерім.
Осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық, қанша ұлылық жатыр десеңші. Сірә, ақын «Елім, маған не берді деп емес, мен еліме не бердім» деп өмір сүрген сияқты.
2-Жүргізуші:
Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық болып өссе керек. Алдарыңызда ақынның жеріне деген өлеңдерінен үзінді.

1-оқушы: Айтолқын

2-оқушы: Елдос

3-оқушы: Перизат

4-оқушы: Шамилге хат. Динара
ІІ- Жүргізуші:
Бір иығына - құдай, бір иығына өзі өмір сүрген ХХ ғасырдың салмағы бар қуаныш-қайғысымен, кесір - кесапатымен қонған ақынның кезінде өзіне қаншама тірлік кешу қиындықтарын тудырғанымен, ондаған ғасырлық бай мұрасы бар ұлттық поэзиямызға орасан олжа болып қосылғанын да ақын өмірден өткен соң аңғарып, мойындай бастадық. Келесі кезегімізді мың бұралған биші қыздарымызға береміз


Ұқсас жұмыстар
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Күнделіктерінің беттерінен шолу
М.мақатаев «аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали ақын
Сүйемін, өскен Отаным
Мұқағали мақатаев «фантазия» өлеңі
М.мақатаев "есіңе мені алғайсың" әдеби кеші
Аққулар ұйықтағанда. 8 сынып
"бүгін менің туған күнім!" әдеби кеш
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz