Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Бағандар

Мұстафаева Құралай Қанаділләқызы
Шымкент қаласы
Абай ауданы
№33 жалпы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы : Бағандар
Сабақтың мақсаты :
* MS Word әртүрлі әртүрлі құралдарын қолдана отырып, мәтінді бірнеше бағанға рәсімдеуге үйрету;
* оқушылардың шығармашылық қиялдарын дамыту.
Сабақтың типі : практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті
Көрнекілігі : үлесті
Білім мен біліктілік дағдыларына қойылатын талаптар :
оқушы білуі тиіс :
# мәтінді баған түрінде орналастыруды,
# процессордың баған жасаудағы мүмкіндігін,
# дайын мәтінді баған,
# баған бойынша орналастыру тәсілі мен мәтінді бағанға теруді
оқушы меңгеруі тиіс :
# дайын мәтінді берілген бағандарға орналастыруды,
# бағанның еннін өзгертуді,
# мәтін пішімдеу өлшемдерін бағанға келтіруді,
# баған бойынша жасалған құжат белгісіне мәтін теруді.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Сабақтың мақсатымен міндеттерін қою
III. Ұй тапсырмасын тексеру
IV. Алдын ала дайындық
Бірнеше бағанға бөлінген және бөлінген мәтінді басып шығару. Бағандар өлшемі әртүрлі болуы керек. Бірнеше бағанға бөлініп берілген газет, журнал материалдарын дайындау.
V. Оқушылардың білімін тексеру(10 мин.)
Теориялық материалды ойын түрінде тексеруге болады.
Ойын ережесі
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Мұғалім әр топтың бірінші ойыншысына парақ суырып алуды ұсынады. Барлығы екі парақ болады. Оның бірінде <<таңбаланған тізім>>, екіншісінде <<нөмірленген тізім>> деген жазулар болады. Парақтарда сұрақтар тізімі де беріледі. Сұрақтар саны әр топтың ойыншыларына тең болады, 3-4 сұрақтан көп болмауы қажет.
Сұрақтар:
1. Мәтіндік редактордың мәтіндік процессордан айырмашылығы неде?
2. Жанама мәзір деген не?
3. Қалып күй жолы не үшін керек?.
4. Мәтінді қалай түрлі түсті етуге болады?
5. Пішімдеу сызығы не үшін керек?
6. Мәтіндік процессордың терезесіндегі пішімдеу сызығышын қалай қосып/өшіруге болады?
7. Пішімдеу деген не?
8. Жолдар арасындағы қашықтықты қалай өзгертеміз?
9. Тізім деп нені түсінесіңдер?
10. Тізімнің түрлерін атаңдар.
11. Маркерленген тізімдегі маркедің түрін қалай өзгертеміз?
12. Нөмірленген тізімді баптауға бола ма?
Әрбір ойыншы бір сұраққа жауап береді де, жауап беру құқығын келесі ойыншыға аударады. Алдымен бірінші топ ойыншылары тыңдалады, содан кейін-екінші. Әрбір дұрыс жауап топқа бір үпай әкеледі, нақты емес жауап 0,5 ұпайға саналады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Әр оқушыға жеке-жеке баға қойылады. Ойын нәтижесінде қысқа уақыт ішінде топ оқушыларының барлығының білімі тексеріледі. Оқушылар тез ірі дұрыс жауап беруге тырысады. Ойын өткізуге 10 минут уақыт бөлінеді. Дайындыққа уақыт берілмейді. Оқушылар арасынан төрешілерді де сайлауға болады немесе мұғалім өзі де төреші бола алады.
I. Білімді өзектендіру
Мұғалім мысалдары негізінде көпбағанды мәтін жасаудағы процессор мүмкіндігін көрсетеді.Сабақтың тақырыбын, мақсаты жарияланады.
II. Жаңа тақырыпты оқып-ұйрену
Мұғалім оқушылар ынтасын тақырыптың күрделілігіне аударады. Көпбағанды мәтін жасау 6-сыныпта оқылатын тақырыптардың ішіндегі ең бір күрделісі болып табылады. Бұл тақырыпты өткенде мұғалімнен барлық сұрақтарды асықпай түсіндіру талап етіледі.
Бұл параграфта біз мәтінді бағандарға орналастыруды үйренеміз. Көпбағанды мәтіндерді сирек болса да кітаптар мен баспа құжаттапрывнан кездестіруге болады. Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайда көпбағанды қолданған дұрыс. Мысалы, заттардың тізімнен немесе өлең мәтәнінен тұратын жолдарды еске алайық. Мұндай құжаттың оң жағы толтырылмай қалады да артық шығын болады
* Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу(разметка страницы) - Бағандар батырмасын пайдаланады.
* Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтіннің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады.
* Бағандардың мөлшерін бір-бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу(разметка страницы)-Бағандар-Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар.
* Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін Бетті белгілеу(разметка страницы)-бұйрығында бір бағанды таңдау керек.

Балалар, газет беттерінен мынандай жазу үлгілерін көрдіңдер ме?
Мәтінді парақ беттеріне бұлай орналастыру түрі бағандап жазу деп аталады.

III. Бекіту.
Деңгейлер бойынша тапсырмалар орындау.
Сонымен, баған жасауды үйрендік.
Сонда: 1. Көпбағанды мәтінді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?2.Бағандар бұйрығы мәзірдің қай пунктінде орналасқан?3. Бағанның қандай түрлері бар?4.Бағанды өзгертудің қандай тәсілдері бар?
Ал енді балалар, баған орнатып үйренеміз.
Ол үшін әркім өз Жұмыс үстелінен информатика - 6 кл папкасын ашып,
практика - 2 құжатын ашыңдар.

Тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1.Өлеңді теріңдер.
2.Өлеңді көшіріңдер.
3.Өлеңнің түп нұсқасын екі бағанға орналастырыңдар.
4. Өлеңнің көшірмесін бөлгіңші бар үш бағанға орналастырыңдар.
5. Осы жағдайда көп бағанды мәтін пайдаланудың қажеттілігі жайлы тұжырым жасаңдар.

Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға,
Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға.
Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,
О да талас қылады шыбын жанға.

В деңгейі
1. Өлеңді теріңдер.
2. Бұл мәтінді қанша бағанға бөлген тиімді екенін ойланыңдар.
3. Бағандарды қалыптастырғанда келесі бағанның қай жолдан басталатынын анықтаңдар. Келесі бағанды нақты осы жолдан бастаңдар.
4. Мәтінді төрт бағандарға бөліңдер.
5. Өлеңді әрлеңдер

Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

I. Қорытындылау
II. Үйге тапсырма Тақырып 20 түсініп оқу, бақылау, тест сұрақтарына жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын-ала қарау
Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар
Деректерді кестелік түрде ұсыну. 8 сынып
Кесте құрудың алгоритмі
Кесте. кесте құру әдісі. 8 сынып
Кесте түріндегі мәтінді безендіру
Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары
Ашық сабақ. Сабақтың типі
Кесте құру. word –тың графикалық мүмкіндіктері
Апталық шығын кестесі
Пәндер