Төртбұрыштар: анықтама, элементтері, түрлері және ішкі бұрыштарының қосындысының дәлелі

Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштар туралы түсінік. Төртбұрыштардың

ішкі бұрыштарының қосындысы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Төртбұрыш анықтамасы, оның элементтерін білу,

дөңес және дөңес емес төртбұрышты білу, төртбұрыштың ішкі

бұрыштарының қосындысын тұжырымдайтын теоремасын

білу, дәлелдей білу.

  1. Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
  2. Тәрбиелік:Оқушыларды адалдыққа, шапшаңдыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Оқыту әдістері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап алу, есептер шығару.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Қайталау

3) Жаңа сабақты меңгерту

4) Жаңа сабақты бекіту

5) Сабақты қорытындылау

6) Үйге тапсырма

II. Қайталау.

  1. Жазықтықтың негізгі геометриялық фигураларын атаңдар.
  2. Нүктелер мен түзулер қалай белгіленеді?
  3. Үшбұрыш анықтамасы.
  4. Үшбұрыштың периметрі
  5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.

III. Жаңа сабақ.

Анықтама. Әрбір үшеуі бір түзуде жатпайтын төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын қиылыспайтын төрт кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны төртбұрыш деп атайды.

Берілген нүктелер төртбұрыштың төбелері, ал оларды қосатын кесінділер төртбұрыштың қабырғалары деп аталады.

Интерактивті тақтадан көрсетемін.

1-слайд

Мына фигуралардың әрқайсысы төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын төрт кесіндіден тұрады. Осы фигуралардың қайсысы төртбұрыш болып табылады?

123

Төртбұрыштың элементтеріне интерактивті тақтадан мына кестені көрсете отырып анықтама беремін.

2-слайд

Төртбұрыш және оның элементтері.
: 124
Төртбұрыш және оның элементтері.:

АВ мен ВС, ВС мен СД, СД мен АД, АД мен АВ кесінділері бір түзудің бойында жатпайды;

АВ мен СД, ВС мен АД кесінділері бір-бірімен қиылыспайды;

А, В, С, Д нүктелері төртбұрыштың төбелері;

А мен В, В мен С, С мен Д, Д мен А - көршілес төбелері;

В мен Д, С мен А қарсы төбелері;

АВ, ВС, СД, ДА кесінділері - төртбұрыштың қабырғалары;

АВ мен ВС, ВС мен СД, СД мен ДА, ДА мен АВ кесінділері - көршілес қабырғалары;

АВ мен СД, ВС мен АД - қарама-қарсы қабырғалары;

АС мен ВД кесінділері - диагональдар;

АВС, ВСД, СДА, ДАВ - төртбұрыштың бұрыштары;

Р=АВ + ВС + СД + ДА периметрі;

АВСД, ВСДА, СДАВ, ДАВС - төртбұрыштың белгіленуі

Төртбұрыштар дөңес және дөңес емес болып бөлінеді

Слайдтан көрсетіліп, анықтамасы айтылады.

3 слайд.

Төртбұрыштың түрлері
Төртбұрыштың түрлері: Дөңес төртбұрыш
Дөңес емес төртбұрыштар
Төртбұрыштың түрлері:

125

  1. Қабырғасын қамтитын әр түзумен шектелген жарты жазықтықтың тек біреуінде ғана жатса, дөңес төртбұрыш болады.
  2. Егер төртбұрыштың диогональдары қиылысса, төртбұрыш дөңес болады.

126

  1. Төртбұрыш қабырғасын қамтитын кемінде бір түзумен шектелген жарты жазықтықтардың екеуінде де жатса, дөңес емес төртбұрыш болады.
  2. Егер төртбұрыштың диогональдары қиылыспаса, төртбұрыш дөңес емес болады.

Теорема. Төртбұрыштардың ішкі бұрыштардың қосындысы 360 º -қа тең.

127

Берілгені: АВСД төртбұрыш.

Дәлелдеу керек : А+ В+ С+ Д =360º

Дәлелде: . АС диагоналын жүргіземіз. сонда АВС және АДС шығады.

ВАС+ В+ ВСА=180º (1)

САД+ Д+ АСД=180º (2)

(1) мен (2) мүшелеп қоссақ,

ВАС+ В+ ВСА+ САД+ Д+ АСД = 360º

ВАС+ САД = ВАД

ВСА+ АСД = ВСД

ВАД+ В+ ВСД+ Д = 360º

Теорема дәлелденді.

Төртбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы да 360º-қа тең. Өздерің дәлелдеңдер.

IV. Есеп шығару.

Сыныпта №1 (ауызша), №2 (ауызша), №3, №6, №7 (ауызша), №10.

№3

128 Берілгені: АВСД төртбұрыш, ВД - диогоналі

, ,

Табу керек : ВД

Шешуі: ,

екеуін қоссақ

Жауабы: 14 м

№6

129

Берілгені: АВСД төртбұрыш

Табу керек: АВ, ВС, СД, АД

Шешуі: АС диогоналін жүргіземіз. Үшбұрыш теңсіздігі бойынша

1) АВС-да

(1)

2) АСД-да

(2)

Жүйенің шешімі бос жиын, бұдан қабырғаларың қатынасы қатынасындай төртбұрыш болмайды.

№10

1210

Берілгені: MNKF төртбұрыш.

,

Табу керек:

Шешуі:

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үйге: №4, №5, №8


Ұқсас жұмыстар
7-сынып геометрия: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы және оның дәлелі
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы және теореманы дәлелдеу
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы
Параллелограмм: анықтама, элементтері және негізгі қасиеттері
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы: есеп шығару мен практикалық жаттығу сабағы
Төртбұрыштар: түрлері, қасиеттері және аудандарын есептеу
Терезелер: элементтері, түрлері және басқару тәсілдері
Windows терезелері: элементтері, түрлері және басқару тәсілдері
8-сынып геометрия курсында алтын қима элементтері: анықтама, тұрғызу және есептер
Хабарландыру, жарнама және анықтама: түрлері мен құрылымдық-тілдік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz