Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұлттың ұлы жыршысы
ШҚО. Үржар ауданы Мақаншы ауылы «Сейфуллин атындағы орта
мектеп-бақша» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Омаргазина Роза Мұхтарқызы
Тақырыбы: «Ұлттың ұлы жыршысы»
Мақсаты: Заманнан оза туған, қырғи тілді, қыран ойлы, от ауызды ақынның
шығармашылығына терең үңілу, жырларымен сусындау.
Тәрбиелік мақсаты: Дулат ақынның жырлары арқылы оқушыларды Отансүйгіштікке,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға баулу.
Көрнекілік: Ақын суреті, буклет,таблица, электронды оқулық.
Әдісі: Топтастыру стратегиясы, зерттеу, ой-толғау,жобалау.
Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа материалды бекіту.
Аягөз деген-аядай бұлақ деседі,
Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді.
Аягөз болып ғасырлар алға көшеді,
Аягөз, ол-арулар елі кешегі.
Мұқағали ақын тамсанған, Тарбағатай сілемдері мен Ару өзен-Аягөзді
жастанған кешегі Ақтамбердідей, Байғара мен Ақтайлақ билердей алыптардың,
Қосы мен Баяндай ғашықтардың бүгінгі сабағымыздың арқауы болып отырған
Д.Бабатайұлының мекені Аягөз туралы зерттеуден сабағымызды бастаймыз.
Схема[pic]
Оқушылар алты бағыт бойынша жұмыс істеді.
1 бағыт Толғауларының шығу тарихы. /электронды оқулық /
2 бағыт Дулат кім? /Презентация технологиясы арқылы /
3 бағыт Өлеңдерінің құрылым жүйесі / MS WORT редакторына/
4 бағыт Толғауларының негізгі тақырыбы /MS EXSEL кестелік ред
5 бағыт Қоғамдық мәні, маңызы.
6 бағыт Ақын туралы зерттеулер тәрбиелеу
«Абай»атты романның алғашқы кітабының 1942 жылы тұңғыш рет жарық көрген
басылымының «Қайтқанда» деп аталатын бөлігінде жайлаудағы Зере отырған
ауылға қонақ болып келетін екі ақынның бірі Дулат болатын. Қодар мен Қамқа
өлімі сияқты адам қаталдығын,әділетсіздікті көтере алмай ауырып қалған 13
жасар Абайдың дертіне дауа болып, жан ауруын өлең сөзімен емдеген ақын
образы үшін Дулатты тегін алмаған. .Дулат балғын Абайға керемет сөз
кестесінің нақышымен ғана емес, алдымен ойшыл, парасатты жан дүниесімен
жақын келген. Жас Абай Дулатпен біржолата дос, жақын болып алады. Абайдың
ұғымтал, зеректігіне қатты риза болып,шын сүйінген Дулат бір оңашада жай
ғана тақпақтай:
Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең сірә не етерсің.
Алысқа шырқап кетерсің,
Шыңдасаң шыңға жетерсің,-деп Абайға домбыра береді де «Міне, балам, осы
менің батам болсын, тіпті шын пейілмен айтып отырмын» -деген екен. Абай
Дулаттың батасына ықылас қойып, басқа ақындардан ерекше бағалап, өзіне
ұстаз тұтып, сый беріп, ат мінгізіп қайтарған екен
[pic]
Сұрақ: Құрметті дулаттанушылар, сіздердің пікірлеріңізше Дулат «зар заман»
ақыны ма, әлде жаңа заман ақыны ма?
- Дулаттың аңсаған арманы- халқының рухын өзіндік салт-дәстүрін елдік,
ерлік, адамгершілік туралы түсініктерін сақтап қалу.
Би мен бектің сәні жоқ,
Елін қорғай алмаса.
Тура жолға салмаса,
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса,-деген жолдар дәлел бола алады.
-Дулат ақын
Қой зор болып түйеден,
Құлын зор боп биеден
Сөз оралмай жүйеден
Бұзақы би боп түзелді.
Лашын өрлеп ұша алмай,
Ер майданға түсе алмай
Елдегі жақсы бұзылды,- деп жақсы мен жаман, құндылық пен құнсыздықты
айтқан. Байлар саудагерлік жолына түсіп алып,соның арқасында жамандардың
бағасы көтеріліп, қырандар асыл адамдар ескерусіз- елеусіз қалып қойғанын
айтты.
[pic]
Қорытынды:
1. Дулат Бабатайұлы шығармашылығынан не алдық?
2. Дулат,егемен Қазақстан және мен...
3. Болмасаң да ұқсап бақ.
Тест. Диаграмма арқылы бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz