Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Денсаулық- зор байлық Денсаулық, тазалық, дәрумен, дұрыс тамақтану, салауатты өмір,спорт туралы

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Донецк орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жаманова Камиля Габдуллаевна

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық- зор байлық
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Мәтінмен жұмыс жасайды, аударады, әңгімелейді, сөйлем құрайды.
Денсаулық, тазалық, дәрумен, дұрыс тамақтану, салауатты өмір,спорт туралы
мәлімет алады. 
Дамытушылық: Оқушыладың сөздік қоры молайады. Ойлау қабілеттері дамиды,
ойын толық жеткізуге үйренеді. 
Тәрбиелік: Денсаулық туралы пайдалы кеңестер алады. 
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар: 
1. интерактивті тақта, компьютер, 
2. тестілеуші құрал 
3. оқушылардың  слайдтары 
Сабақтың түрі: Интерактивті 
Сабақтың әдісі: презентация, түсіндіру, оқу аудару, талдау, топтық, жеке
жұмыстар, суретпен жұмыс, сұрақ жауап, сергіту ойыны, тест. 
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі 
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі. 
Балалар,бүгінгі сабағымызды біз 3 топқа бөлініп, сайыс түрінде өткіземіз.
(Топ басшылары – Таня, Настя, Таня. Бағалау парағына әр кезеңнен кейін
баға қойындар)Сайыс нәтижесі әділ-қазылар қорытындылайды. Ал сабақты біз
жұмбақ шешуден бастаймыз. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар , өмірдегі
басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
да сол жұмбақтың жауабымен аталады. 
Слайд 1
Оны күткен адамдар, 
Ұзақ өмір сүреді. 
Қадірін білген жарандар, 
Байлық осы деседі. (денсаулық) 
Түйінді сөздер- Ключевые слова: Ұзақ өмір сұреді-долго живут, байлық-
богатство
Слайд 2
Сабағымыздың тақырыбы: Денсаулық
Слайд 3
Сабағымыздың мақсаты: Денсаулық кепілі неде, деніміз сау болу үшін не
істеуіміз керек түсіну?
Слайд 4
Бізге осы мақсатқа жетуге бүгінгі сабақ конақтарымыз көмектеседі. Олардың
сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларын орындап, жұмбақ шешіп, ойын ойнап,
денсаулық туралы пайдалы кеңестер аламыз. Бүгінгі көмекші қонақтарымыз
аспаз-диетолог ретінде-Люда, дәрігер ретінде- Александра, санитарлық
дәрігер ретінде- Кристина, спортшы ретінде- Максим, эколог ретінде-
Денис, әлеуметтік педагог ретінде- Бахтияр
Слайд 5
2. Алдымен шаттық шеңбер құрайық.

- Шаттық шеңберін құрайық. 
- Бір – бірімізге жақсы тілек тілейік! 
Таня! СағанТабыс тілеймін! Ваня! Денің сау болсын!
Бақыт тілеймін! Ақылдды болІ Бақытты бол! Жақсылық тілеймін!
Әдепті бол! Ұзақ өмір тілеймін! Тәртіпті бол! Қуаныш
тілеймін! Әдемі бол!
Үй тапсырмасы: Жақсы тілек дайындап келіпсіңдер. Енді Денсаулық туралы
дайындаған мақал, тақпақ, нақыл сөздеріңді тыңдайық.
1-топ
1.Қоршаған  ауамен
     Шығып кең далаға.
     Шынық сен әрдайым.
     Керемет ауада.
2.Өзімді өзім жақтаймын,  Денсаулықты сақтаймын
3.Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат
4. Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
5. Шынықсаң шымыр боларсың
2.-топ
Су-өмір жүрегі
      Денсаулық тірегі.
      Шөлдесең ,қанасың.
      Жуынсаң, тазасың.
2..Салауатты өмір салтын қолдайық! Денсаулықты сақтайық
3. Жаман жолды баспаймыз.
Болашаққа аттаймыз.
4.. Жанға шипа- таза ауа 
3-топ
1.Есірткіні даттаймыз,
Салауатты өмір салтын сақтаймыз
2. Жүректен жылы соншама,  Тілейміз саулық баршаға. 
3. Бабам айтқан даналық, Керек жақсы денсаулық. 
4. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
5.Таза ауа – жанға дауа

-Жақсы, Мен де сендерге, қонақтарымызға сәттілік, саулық тілеймін
1. Бірінші сөзді Аспаз- диетологқа беремін
Менің атым - Людмила
Мен Аспаз-диетологпын
Слайд 1
«Ас –адамның аркауы» деген қазақтың мақалы бар. Ол өте құнды мақал.
Өйткені денсаулықтын жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты.
Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін қажет.
Слайд 2
1. Сондықтан алдымен біз жағдаятты шешейік. 
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне
кейін:
-«Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?»-
деді.
Самат анасына :
-«Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?»- деді. 

Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па ? 
Оқушылар: 
-Саматтың айтқаны дұрыс емес.
Деніміздің сау болуы үшін
ең алдымен қалай тамақтану қажет?
-Тиімді тамақтану қажет. 
Слайд 3
2.Енді берілген сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырып, сәкестіріп
аяқтаңдар.
|1.Тамақты асықпай,майдалап шайнап |3.пайдалану керек |
|2.Күнделікті қант мөлшерін 60, тұз |4.Ішіп-жеу керек |
|мөлшерін 4-6 грамнан | |
|3.Жеміс көкөністерді жаңа үзілген |1.жеу керек |
|күйінде | |
|4.Майсыз сүт өнімдерін(айран, |2.артық пайдаланбау керек |
|ірімшік, сыр, йогурт) | |

Қазір қандай жыл мезгілі?
Кыста ауа райында қандай өзгерітер болады?
Қыста ауырмай, денсаулықты сақтап қалу үшін не істеу керек?

2. Менің атым – Александра.
Мен дәрігермін.
Слайд 1
Адам денсаулығына дәрумендердің пайдасы өте көп.
Дәрумендер - денсаулығымыздың дәнекері дейді.
Дәрумендер барлық тағамдарда, жемістерде, көкөністерде болады

1.Ал сендер витамин-дәрумендерді білесіңдер ме? 
2.Дәрумендер қандай тағамдарда көп болады?
Слайд 2
3.Енді жеміс, көкөністер туралы жұмбақ шешейік.
1. Жер астында қызыл қыз отыр.
Бұл не? Сәбізде қандай дәрумен бар?
Слайд 3
2.Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты.
Бұл не? Алмада қандай дәрумен бар?
Слайд 4
3. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады.
Бұл не? Пиязда қандай дәрумен бар?
Слайд 5
4.Аласа ғана бойы бар, Қабат-қабат тоны бар.
Бұл не? Орамжапырақта қандай дәрумен бар?
3. Менің атым - Кристина
Мен санитарлық дәрігермін. Слайд1
Әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі керек, тазалық пен санитария шараларын
сақтауы керек
Слайд2
1.Біз қазір «Жақсы-жаман» ойынын ойнаймыз.
Мен тақпақтар оқимын.Егер жақсы бала туралы болса,қолмен шапалақтаймыз.Егер
жаман бала туралы болса, аяқпен топылдаймыз.
Слайд3
1- топ
    1.Ерте ұйқыдан тұрасың.
        Беті-қолын жуасың.
Айнаға қарайсың.

Шашыңды тарайсың. Слайд
Слайд4
2-топ
 2. Анау бала,бетін қара.
        Жуынбапты масқара.!
        Тырнағы өскен,шашы көптен
         Алынбапты масқара! Слайд
Слайд5
3-топ
    3.  Сен кішкентай баласың.
         Айтқан тілді аласың.
         Көмектесіп анаңа,
         Үйді жинап қоясың.
Слайд6
2.Енді сұрақтарға жауап береміз
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
4. Менің атым - Максим.Мен спортшымын.
Слайд1
Спорт денсаулықты жақсартады. Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы
да денсаулыққа пайдалы.
Сондықтан менің сендерге сұрақтарым бар.
Слайд2
1. Саған спорт ұнай ма?
2.Спорттың қай түрімен шұғылданасың?
3.Мектепте қандай жарыстар өтеді?
4.Қандай қысқы спорт түрлерін білесің?
-«Көңіл жақсы болғаны- Өмір жақсы болғаны» деп демалып сергіту сәтін
өткізейік.
Сергіту сәті
Таза ауаның адам ағзасына тигізер пайдасы көп. Сондықтан сөзді экологқа
бермін
5.Менің атым - Денис. Мен –экологпын.
Слайд1
Қазақстанның әдемі жерлерінің бірі – Бурабай жері. Бұл- табиғаты әдемі,
ауасы таза, суы мөлдір өлке. «Таза ауада ұзақ жүргенің, ұзақ өмір сүргенің»
деген қазақтың мақалы бар. Это значит «На свежем воздухе долго быть-долгую
жизнь прожить»
ВИДЕО
2.Қазір Бурабай табиғаты туралы бейнетаспа көрейік.
Слайд2
3.Енді жаңа сөздерді пайдалана отырып мәтінді оқып аударыңдар.
Таза ауа–чистый воздух 
Тұщы-пресный
Мөлдір-прозрачный
Ерекше – особенный
Демалыс орындары- места отдыха
Үнемі-постоянно 
Ойлайсыңдар-думаете 
Неғұрлым-насколько 
Соғұрлым-настолько 
Дені сау- здоровый

Бурабай –Көкшетаудағы әдемі көл. Оның суы тұщы, мөлдір. Көлдің айналасы –
қарағайлы, қайыңды орман. Ауасы өте таза. Табиғаты ерекше. Сол себепті
көлдің қасында көптеген демалыс орындар бар.
Слайд3
3.Енді сұрақтарға жауап беріңдер. 
Бурабайдың ауасы қандай? 
Қалай ойлайсыңдар, онда неге ауа таза? 
Адамға үнемі қандай ауа керек? 
Бурабайда адамдар не істейді? 
Адам неғұрлым таза ауамен көп дем алса,соғұрлым қандай болады?

6. Менің атым – Бахтияр. Мен әлеуметтік педагогпын.
Слайд1
Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм,
халықаралық туризм, табиғатта серуен, таза ауада жүру жатады
Слайд2
Сондықтан мына суреттерге дұрыстап қарап, берілген сөздерді кестеге толтыр.
Көтеріңкі көңіл, арақ ішу, темекі тарту, спортпен шұғылдану, дұрыс
тамақтану, дұрыс киіну, есірткі пайдалану, уақытымен ұйықтау.
 
|Пайдалы нәрселер |Зиянды нәрселер |
| | |
|  |  |
|  |  |
|  |  |
|  |  |

Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде. 
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің 
Бар қызық, рахатын, жарығын да.

Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.

Қорытынды 
Кластер алған кеңестер арқылы денсаулық кепілі неде екен жазып
белгілеңдер? Стикер жабыстырыңдар.
Бағдаршам арқылы кейбір оқушыларды бағалау.
Кластермен таныстыру
Денсаулық кепілі неде екен білдік, енді «Денсаулық -зор байлық» деп
сабақты аяқтайық (ХОРМЕН)

Үйге тапсырма: жаңа сөздерді пайдалана отыра, денсаулық туралы диалог
құрастыру. 
Қорытынды 

[pic]

Ұқсас жұмыстар
Денсаулық тазалық сақтау
Шомылған баланы
Денсаулық мол байлық. ашық тәрбие сағаты
Денсаулық - өмір негізі
С. оспанов сегізінші наурыз күні
Денің сау болса, жарлымын деме. тәрбие сағаты
Басты байлық-денсаулық. 5 сынып
Денені шынықтыру
Дене шынықтыру
Денсаулық - зор байлық. 3 сынып
Пәндер