Ондық бөлшектерді қосу бойынша 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақтың күні: 16. 02. 2016 жыл

Сыныбы: 5 «и»

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.

Сабақтың мақсаты :

  1. Білімділігі: Ондық бөлшектерді қосу ұғымымен таныстыру, ондық бөлшектерді

қосуды үйрету.

  1. Дамытушылық:Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз

бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар, слайд, оқулық.

Оқытудың әдісі : Түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу,

ә) оқушыларды түгендеу,

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару,

в) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: дәптерлерін жинап алып тексеру.

Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында сұрақтар қою:

10(жоғарыдағы) - Жай бөлшектің түрлері нешеу және ата? (2 - еу, дұрыс және бұрыс бөлшектер)

10(ортадағы) - Дұрыс және бұрыс бөлшектер дегеніміз не? (алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек. Алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең бөлшек бұрыс бөлшек. )

10(төмендегі) - Өзара кері сан дегеніміз не? (көбейтіндісі 1 - ге тең болатын екі сан)

20(жоғарыдағы) - Санның бөлігін қалай табамыз? (санды осы бөлшекке көбейту керек)

20(ортадағы) - Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қалай тұжырымдалады?(бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек)

20(төмендегі) - Бөлігі бойынша санды қалай табамыз?(бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек)

30(жоғарыдағы) - Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрларын қалай атаймыз?(ондық таңбалар)

30(ортадағы) - ондық бөлшек дегеніміз не? (бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған санды айтамыз)

30(төмендегі) - ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме? (өзгермейді)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ойла, ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

(Есепті шығара білмесең)

Орын жоқ саған өмірден.

Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылатын сандар болғандықтан, оларды қосу натурал сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.

1 - мысал: 4, 21 + 5, 47= 4 5 = 9 = 9, 68

4, 2 1

5, 4 7

9, 6 8

Ондық бөлшектерді қосу үшін:

  1. Нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек;
  2. Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астында үтір тура келетіндей етіп) етіп жазу керек;
  3. Разрядтар бойынша қосып, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек.

2 - мысал:

3 4, 6 8 3

8, 5 6 4

4 3, 2 4 7

Түсіндіру. Мыңнан 3 плюс мыңнан 4 мыңнан 7 - ге тең. 7 - ні жазамыз. Жүзден 8 плюс жүзден 6 жүзден 14 - ке тең немесе оннан 1 - ге және жүзден 4 -ке тең. Жүзден 4 - ті жазып, оннан 1 - ді есте ұстаймыз немесе ондық үлестің үстіне жазып қоямыз. Оннан 1 плюс оннан 6, плюс оннан 5 оннан 12 - ге немесе 1 бірлік пен 2 ондық үлеске тең. 2 ондық үлесті жазып, 1 бірлікті есте ұстаймыз немесе бірліктің үстіне жазып қоямыз.

3 - мысал:

5, 2 4 3

7 6, 4 0 0

8 1, 6 4 3

Ескерту: Ондық бөлшектерді қосуды меңгергенде, жетіспейтін нөлдерді жазып жатпай - ақ, ойша қосып жазған дұрыс.

Ондық бөлшектерді қосқанда, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сақталады:

a+b=b+a - қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

14, 25 + 7, 341 = 7, 341 + 14, 25

(a+b) +c=a+(b+c) - қосудың терімділік қасиеті.

(15, 224 + 8, 1) + 1, 9 = 15, 224 + (8, 1 + 1, 9) = 25, 224

Есептер шығару:

А тобы:

№ 952

  1. 0, 07 + 13, 23 = 13, 3 2) 85, 07 + 3, 03 = 88, 1 3) 6, 3 + 2, 5 + 0, 7 = 9, 5

9, 02 + 4, 28 = 13, 3 25, 6 + 0, 41 = 26, 1 9, 2 + 3, 3 + 1, 6 = 14, 1

18, 36 + 7, 14 = 25, 5 56 + 0, 37 = 56, 37 0, 1 + 9, 9 + 1, 5 = 11, 5

В тобы:

№ 968

  1. 1, 245 + (0, 755 + 3, 02) = (1, 245 + 0, 755) + 3, 02 = 2 + 3, 02 = 5, 02
  2. (2, 716 + 12, 3) + 4, 284 = (2, 716 + 4, 284) + 12, 3 = 7 + 12, 3 = 19, 3
  3. 91, 125 + (0, 83 + 8, 875) = (91, 125 + 8, 875) + 0, 83 = 100 + 0, 83 = 100, 83
  4. (134, 06 + 16, 03) + 5, 94 = (134, 06 + 5, 94) + 16, 03 = 140 + 5, 94 = 145, 94

C тобы:

№ 979

  1. 2, 3 + 4, 5 + 0, 6 + 0, 5 + 1, 7 + 0, 4 = (2, 3 + 0, 7) + (4, 5 + 0, 5) + (0, 6 + 0, 4) = 3 + 5 + 1 = 9
  2. 8, 01 + 9, 08 + 5, 13 + 1, 99 + 0, 87+4, 92 = (8, 01+1, 99) + (9, 08 + 4, 92) + (5, 13 + 0, 87) =10 + 14+ 6=30
  3. 6, 091+7, 083+3, 127+0, 373+2, 117+0, 209=(6, 091+0, 209) +(7, 083+2, 117) +(3, 127+0, 373) =6, 3+9, 2+3, 5= 19

«Сергіту сәті» Оқушыларға сұрақ оқылады, дұрыс жауапта оқушылар қолдарын тік бағытта, дұрыс емес жағдайда көлденең созады.

  1. Бөлшектер үшке бөлінеді? (дұрыс емес)
  2. 5 натурал сан? (дұрыс)
  3. Алымы бөлімінен кіші болса - бұрыс бөлшек болады? (дұрыс емес)
  4. Ондық бөлшектің үлкені координаталық сәуледе оң жақта орналасады? (дұрыс)
  5. Ондық бөлшектің жазылуында үтір қойылмайды?(дұрыс емес)
  6. Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болады?(дұрыс)

«Бірге ойланайық» Кесте берілген. Есептер мен жауаптарды сәйкестендіру арқылыЕуропа

елдеріне ондық бөлшекпен есептеуді насихаттаған нидерландиялық инженер және

математиктің кім екенін білетін боламыз. (Стевин)

0, 5 + 0, 5
1, 9 + 5, 1
34, 2 + 2
7, 6 + 4, 3
6, 2 + 3, 7
64, 5 + 1, 5
№: 1
0, 5 + 0, 5: С
1, 9 + 5, 1: А
34, 2 + 2: К
7, 6 + 4, 3: И
6, 2 + 3, 7: В
64, 5 + 1, 5: Е
№: 7
0, 5 + 0, 5: А
1, 9 + 5, 1: Т
34, 2 + 2: О
7, 6 + 4, 3: Ұ
6, 2 + 3, 7: А
64, 5 + 1, 5: Л
№: 36, 2
0, 5 + 0, 5: Г
1, 9 + 5, 1: Ф
34, 2 + 2: Е
7, 6 + 4, 3: Ғ
6, 2 + 3, 7: Р
64, 5 + 1, 5: С
№: 11, 9
0, 5 + 0, 5: Е
1, 9 + 5, 1: Ж
34, 2 + 2: Р
7, 6 + 4, 3: В
6, 2 + 3, 7: Ы
64, 5 + 1, 5: Д
№: 9, 9
0, 5 + 0, 5: У
1, 9 + 5, 1: Э
34, 2 + 2: Ш
7, 6 + 4, 3: Ң
6, 2 + 3, 7: И
64, 5 + 1, 5: І
№: 66
0, 5 + 0, 5: Я
1, 9 + 5, 1: О
34, 2 + 2: П
7, 6 + 4, 3: Р
6, 2 + 3, 7: З
64, 5 + 1, 5: Н

Тест тапсырмасы:

  1. ¼ - і 80 - ге тең.

А) 320 В) 20 С) 160

  1. Мына сан қандай сандар? 3/5 және 5/3

А) натурал сан В) өзара кері сан С) жай сандар

  1. 16 метрдің ½ - жартысы неге тең?

А) 32 В) 6 С) 8

  1. 8, 65 + 2, 35 = ?

А) 10 В) 11 С) 10, 35

  1. 15, 39 бен 15, 4 ортасына қандай теңсіздік белгісін қоямыз?

А) < В) > С) =

Нөмері
1
2
3
4
5
Нөмері: Жауабы
1: А
2: В
3: С
4: В
5: А

І - топшама

0, 7 + 0, 3 = 1

0, 4 + 0, 1 = 0, 5

0, 26 + 0, 14 =0, 4

ІI - топшама

1, 2 + 0, 8 = 2

1, 3 + 0, 2 = 1, 5

0, 75 + 0, 25 = 1

ІII- топшама

3, 5 + 0, 5 = 4

1, 1 + 1, 4 = 2, 5

0, 91 + 0, 09 = 1

ІV- топшама

1, 2+3, 2 = 4, 4

6, 7 + 1, 3 = 9

1, 83 + 2, 17 = 4

V - топшама

4 спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан өткен жарыста алдыңғы үш орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ; «Кім нешінші орын алды?» - деген сұраққа 3 жанкүйер былай деп жауап берді:

а) Әлия - ІІ, Динара - ІІІ


Ұқсас жұмыстар
5-сынып математика сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу
5-сыныпқа арналған ондық бөлшектерді қосу және азайту бойынша қайталау-бекіту сабағы
Ондық бөлшектерді қосу және азайту бойынша сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару: 5-сыныпқа арналған ашық сабақ (Бауырсақ ертегісі желісі бойынша)
Ондық бөлшектерді қосу бойынша есептер шығару сабағы
5-сыныпқа арналған ондық бөлшектерді қайталау: саяхат сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді қосу тақырыбы бойынша сабақ жоспары - №23 мектеп, Жаңа Қаратон
Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыру: 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді қосу және азайту: сабақ жоспары мен тапсырмалар
Оңдық бөлшектерді қосу және азайтуға арналған оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz