7-сынып әдебиеті: Мағжан Жұмабаевтың Сүйемін өлеңін талдау және патриоттық адамгершілік тәрбиесі

7-сынып
Әдебиет
: Сабақтың тақырыбы
7-сынып: Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі
: Сілтеме
7-сынып: Әдебиет 7-сынып Алматы «Атамұра» 2012
: Жалпы мақсаты
7-сынып:

1. Мағжанның ақындық ерекшелігіне, өміріне тоқтала отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашып көрсету

2. Елін, халқын, анасын құрметтеу, отанын сүюге тәрбиелеу.

3. Оқушылардың көркем оқу шеберлігін, ой-өрістерін дамыту, поэзиялық шығармаларды талдау дағдыларын жетілдіру.

: Міндеттер:
7-сынып:

1. Мазмұнға байланысты міндет: өлең мазмұнымен таныса отырып, лирикалық кейіпкерді анықтайды, өлең мазмұнын өмірмен байланыстырады;

2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды;

3. Топтық міндет : оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, достық сезімдері, бір-біріне сыйластық сезімдері артады.

: Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
7-сынып:

1. Осы сабақтан кейін балалар бұрынғы білгендері мен жаңа білімді байланыстыра алып, соның нәтижесінде өмірге қажетін алады.

2. Топтық жұмыстың маңыздылығын қажеттілігін түсінеді. .

3. Әр оқушы өзінің топта қажеттілігін сезінеді.

4. Сыныпта достық қарым-қатынас орнайды.

: Сабақта туындаған негізгі идеялар
7-сынып: Ана. Жар. Туған ел. Отан. Махаббат.
:

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу (психологиялық дайындық)
  • Сыныпты топтарға бөліп отырғызу. Топ басшыларын тағайындау.
  • Бағалау парақшаларын тарату5 мин
:

2. Үй тапсырмасы.

Жамбыл Жабаев жайлы білгендерін тексеру.

3. Зымыран сұрақтар

1 Жамбыл қай ғасырда өмір сүрді?

2. Әкесінің аты?

3. Отбасының жағдайы?

4. Неше жасынан ақындық өнер жолына түсті?

5. Жамбыл: «Менің пірім - . . . , » деп неге айтқан?

6. Артығы қайсы ? Шашубай, Құлмамбет, Балғынбек, Айкүміс, Досмағанбет.

7. «Жаңа адамзаттың жаршысы» деп Жамбылды кім атады? фр. Ромен Роллан

8. «Аттандыру» өлеңі мазмұн жағынан ауыз әдебиетінің қандай түріне ұқсас?

9. Кейіпкері кім? 3 мин

:

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

7-сынып:

1. Оқушы ойын еркін айтуға төселеді.

2. Достың қадірін білуді, қажет жағдайда оған қол ұшын беруді түсінеді.

3. Адам бойындағы «сүю», «қадірлеу» секілді асыл қасиеттерді бойларына сіңіреді.

:

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкін діктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкін діктер жасалады?

7-сынып:

I. Қызығушылықты ояту.

( Терминдер арқылы болжау)

Сұрақ: Не болуы мүмкін?(оқулық жабық жатады)

Ана. Жар. Туған ел. Отан. Махаббат.

(Слайдтан суреті көрсетіледі. Әр оқушы осы термин сөздерді пайдаланып, әр түрлі әңгімелер жазады. Ықтимал жауаптар тыңдалады) 5 мин

:

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

7-сынып:

II. Мағынаны тану.

1. Бүгінгі сабақтың тақырыбы айтылып, мақсаты түсіндіріледі.

Т:М. Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі.

2. Тақырып бойынша атқарылатын жұмыстар:

а) Мағжан өміріне байланысты 94-беттегі мәліметті 4 бөлімге бөлемін. Әр бөлімге тақырып қойып, 4 топқа таратамын.

М: «Тума талант», «Сегіз қырлы, бір сырлы Мағжан», «Мағжан-оптимист», «Мағжан-сезімтал, нәзік ақын»

(Топтағы балалар тақырыптың қай бөлімге қатысты екенін табады да, сол бөлімді мазмұндайды) 5мин

б) «Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқу.

  • Сөздік жұмысы

Тасбиық -діни адамдардың сыйыну үшін қолданатын моншақ тізбегі.

Алаш -ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы «қазақ» деуден бұрынғы атауы.

Кебін -өмірден өткен адамдарды орайтын ақ матадан тігілген киім.

Қабақ- адам бетінің жоғарғы жағы, қастың тұсы. 2 мин

  • Топтық жұмыс

3 топқа өлеңдегі төрт тақырыпты беремін.

І топ «Ана»

ІІ топ «Жар» қандай?

ІІІ топ «Ел, халық»

Топта әр оқушы осы аталған ұғымдарды Мағжан қалай сипаттағандығы жайлы ойларын ортаға салып, қорғайды.

5 мин

Сұрақ:

1. Балалар, Мағжан анасын, жарын, елін, жерін қалай сипаттаған?Қандай сөздерді қолданған?

2. Ал, ұнамсыз, құлаққа жағымсыз сөздермен сипаттай тұра, «неге екенін білмеймін- сол анамды, жарымды, елімді, жерімді сүйемін!»-деп не себептен айтты деп ойлайсыңдар? Неге екенін сендер білесіңдер ме?

  • Сергіту сәті

Мақал -мәтелдер жарысы.

Ана, жар, отан, халық туралы қай топ көп мақал айтса сол топ жеңіске жетеді. 3 мин

  • Мәтінмен жұмыс
  • Өлең құрылысына талдау.

(төрт топтан төрт оқушы шығып, тақтада орындайды)

Өлеңде 4 шумақ, әр шумағы 9 тармақтан, әр тармағы 2, 3бунақтан тұрады. Ұйқасы (а а б в в б а г г) аралас ұйқас.

  • Сементикалық кесте толтыру.

(Тақтадағы балалар жұмыс істеп жатқанда топтағы балалар кесте толтырады) 5 мин

III. Ой толғау

1. Дарынды балалар «Ана, Туған жер » тақырыбына эссе жазады.

2. Қалған оқушылар:

1, 3 -топ

Сұрау есімдіктерін пайдаланып . . . (тақырып бойынша 6 сұрақ дайындау)

Кім? Не? Қашан? Қайда? Неге? Қалай?

2, 4 -топ

«Мағжан» деген сөзге 5 жолды өлең. 5 мин

:

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған Мағжан Жұмабаевтың Сүйемін өлеңін талдау сабағы
7-сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті сабағы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен Сүйемін өлеңін талдау
Мағжан Жұмабаевтың Сүйемін өлеңін талдау бойынша дидактикалық сабақ жоспары
7-сыныпта Мағжан Жұмабаевтың Сүйемін өлеңін талдауға арналған ашық сабақ
Мағжан Жұмабаевтың Сүйемін өлеңіне арналған 7-сынып сабағының жоспары
Сабақ жоспары: Мағжан Жұмабаевтың Қарағым өлеңін оқыту және талдау
Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңін талдау бойынша оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңін оқыту: сабақ мақсаты, әдісі және әдеби-тілдік талдау
Мағжан Жұмабаевтың Туған жер өлеңін талдауға арналған сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың Сен сұлу өлеңін әдеби теориялық талдауға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz