5 В түзете-дамыту сыныбының сабақ жоспары: Мамандық - өмір таңдауы

5 «В» түзете - дамыту сыныбы

Тақырыбы : « Мамандық - өмір таңдауы ».

Мақсаты:

Білімділік - Оқушылардың мамандықтар туралы білімін кеңейту. Өзі таңдайтын мамандықтары туралы ойын бір жүйеге келтіру. Еңбек етудің қажеттілігі, еткен еңбегінің жемісін көретіндігі, болашақта қандай маман болатындығына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық - Сөйлеу тілін және сөздерді байланыстыра білуге, оларды дұрыс, анық айтуға үйрету. Логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қабілеттерін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын қалыптастыру.

Тәрбиелік - Үлкендердің еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушының бойына жақсы қасиеттерді сіңіру және еңбек сүйгіш қасеттерін арттыру.

Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.

Керекті - құралдар : Айна, суджок, қиылған кесінді суреттер, дәптер.

Алдын - ала жұмыс: « Сенде бір кірпіш дүниенің, кетігін тапта бар қалан» (әңгіме)

Сабақ барысы

I . Ұйымдастыру кезеңі : «Мен өзіме сенемін» Психомоторлық жаттығу

Бүгін күн тамаша

Көңіл күй көтеріңкі

Мен өзіме сенемін

Бізде бәрі сәтті болады

II. Логопед: балалар бүгінгі сабағамызға жақсы қатысып, дұрыс жауап беру үшін тілімізге артикуляциялық тіл жаттығуларын жасап алайық, кәнекей ендіше экранға назар аударайық

Музыка ойнап тұрады.

1) «Тәтті тосап» - Суреті көрсетіледі, балалар қайталайды.

«Атша» - суреті көрсетіледі, балалар қайталайды

«Футбол» - суреті көрсетіледі, балалар қайталайды

«Тарақ» - суреті көрсетіледі, балалар қайталайды.

«Бақа мен піл» ерінге арналған жаттығулар

III . Логопед: Тамаша, енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр

1) Өскен шашты жақтырмайтын

қайшысы бар жалақтайтын ( шаштараз)

2) Қалпағы аппақ қарасаң

дәрігер емес бірақ ол ( аспаз)

3) Білімнің дәніні тереді

Балаға тәлім береді ( ұстаз)

4) Адамның жүзін,

Басымен көзін

Айнытпай келбетін

Алатын кім суретін? (суретші)

Логопед: Жарайсыңдар, балалар өздерің айтқандай шаштараз, шахтер, аспазшы, мұғалім, дәрігер, заңгер, биші, әнші барлығын бір сөзбен мамандықтар деп атаймыз. Бүгінгі сабағымыздыңда тақырыбы осы

« мамандығық - өмір таңдауы» деп аталады. Ендіше экранға назар аударайық

Слайд көрсетіледі

Логопед: балалар осы мамандық иелері туралы сендер жалпы білесіндер, көріп жүрсіндер, енді сол білгенімізді оқып беру арқылы көрсетейікші

- оқушылар бір - бірден шығарып оқытып сөйлемді аяқтатамын.

Тамаша, жарайсыңдар, енді балалар осы мамандық иелерінің құралдарын алдарындағы сурет қиындыларынан құрастырып беріңдерші маған.

Логопед: әр оқушының қасына барып құрастырған бейнесі туралы сурап нақтылау. Мысалы: Бұл Тігінші - керекті құралдары ине, жіп, тігін машинасы Т. б

IV. Сергіту сәті: «Миға шабуыл»

Логопед: Кәнікей балалар, дұрыс па, бұрыс па ойынын ойнап корейікші

Ережесі: Дұрыс болса қолымызды көтереміз, қате болса көтермейміз, мұхият мені тыңдар:

Қойшы балаларды оқытып жүр

Жүргізуші машина жүргізеді

Аспазшы үй салып жүр

Дәрігер адамдарды емдейді

Жазушы хат, газеттер тасып жүр

Дәрігер етік тігіп отыр

Мұғалім балаларды емдеп жүр

Ұшқыш әдемі киім тігеді

Өрт сөндіруші өртті сөндіреді

Суретші сахнада ән айтып тур,

Шахтер дәмді тамақ пісіреді

Логопед: жарайсыңдар, балалар барлығында дұрыс таптыңдар,

Енді ойын ойнап сабағымызды қорытындылайық

КВН

1. Мұғалім

2. Дәрігер

3. Шахтер

4. Заңгер т. б

V. Логопед сабақты қорытындылайды. Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болды? Өскенде кім боласыңдар? Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

VI. Мадақтау: бүгінгі сабағымызда Асел, Руслан, Калдыбек ауызша жақсы жауап берді, Арайлым, Ислам, Гүлназ мамандар құралын дұрыс құрастырып толық жауап беруге тырысты.


Ұқсас жұмыстар
Түзете-дамыту сабағы: Мамандықтың бәрі жақсы - мақсаты, әдіс-тәсілдері және сабақ барысы
3 В сыныбының қазақ тілі сабағы: Оқу құралдары - сабақ жоспары
Дефектологтың 2022-2023 оқу жылына арналған түзете-дамыту және әдістемелік жұмыс жоспары
5-сынып математикасы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту - сабақ жоспары (№105, түзете-дамыта оқыту)
Дубовка жалпы білім беру мектебінің 5 В сыныбының қазақ тілі пәні бойынша Зерде интеллектуалдық сайысының есебі (2014-2015 оқу жылы)
Тілінде кемістігі бар балаларға арналған ритмика: қозғалыс үйлесімділігін дамытуға бағытталған түзете-дамыту сабақ үлгісі
Тіл дамыту сабағы: мамандық таңдауға арналған лексикалық және грамматикалық жаттығулар
Химия - өмір өзегі: тұрмыс, өндіріс және мамандық таңдау мәселелері
Студенттік өмір және мамандық таңдау жөніндегі мектеп пен студенттердің кездесу кеші
Ата-аналар қатысуымен ұйымдастырылған 1 В сыныбының туған күн кеші: сыныптық ынтымақтастық пен тәрбие жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz