Метатаным: мәні, маңызы және сабақта дамыту стратегиялары бойынша тренинг

: метатаным деген не екендігін біледі
Қатысушылардың көпшілігі: өз сабақтарында метатанымның кей тәсілдерін жүзеге асыра алады
Кейбіреулері: метатанымды дамыту үшін өз беттерімен стратегиялар жасай алады
1. Барлық топ шеңбер бойымен отырады.
2. Модератор берілген тақырып бойынша сұрақтар қойып, допты жауап бергісі келетін қатысушыға лақтырады
Сұрақтар:
1. оқушы үшін не және қаншалықты білетіндігін білу аса маңызды ма?
2. сабақты жоспарлау барысында оқушының нені білетіндігін білу сіз үшін қаншалықты маңызды?
3. метатаным туралы не білесіз? Мүмкін естігендеріңіз бар шығар?
Модератор қойылған сұрақтар бойынша қорытынды шығарып, қатысушылардың зейінін бейне лекцияға аударады.
Тәжірибеліек тапсырма
Треннгтің тәжірибелік бөлігінде мұғалімдерге метатанымның кей стратегияларын қолданудыңы маңыздылығын көрсететін стратегиялар қарастырылады.
1 тапсырма. 15 мин.
- Барлық қатысушылар шеңбер бойымен отырады
- Модератор А4 парағында мәтін таратып, осы мәтінді оқып шығуды ұсынады. 3 мин.
- Барлық қатысушылар мәтінді оқып шыққан соң, модератор қатысушылардың мәтінді қаншалықты түсінгендерін сұрайды. Ір қатысушы шынайы жауап беруі тиіс. Егер қатысушы мәтінді түсіндім деп айтса, онда модератор осы мәтінді түсіну үшін қандай нақты иәсіл не стратгеия түсінуге көмектесткендігін сұрауы керек. 5 мин
- Модератор қатысушылардан мәтінді қайта оқып шығуды сұрайды, бірақ бұл жолы мәтінді түсініп оқуға көмектесетін бір стратегияны қолдана отырып оқуды ұсынады. (мысалы, маңызды тұстарды сызып отыру, жұпта талдап шығу т. б. ) 5 мин.
- Модератор қорытынды шығарады да, әр мұғалім оқушылардың не білетіндігін және қалай оқу ол үшін ыңғайлы екендігін қаншалықты ескеретіндігі туралы пікірге жетелейді.
2 тапсырма. 30 мин. Қатысушылар 3-4 адамнан тұратын шағын топтарға бірігеді.
1 . топтық жұмыс . Сабақ үстінде сіздің оқушылар жасайтын әрекеттерді атаңыз да, әрәрекетке стратегиялар жазып шығыңыз. Кестені толтырыңыз. 10 мин
2. Талқылау. сіздің оқушыңыз орындайтын бір әрекетті талдаңыз: а) әрекет өз бетімен орындалады ма, әлде мұғалімнің көмегімен орындалады ма? ә) осы әрекетті орындау үшін оқушылар қандай страгеияларды біледі (мысалы тиімді оқу үшін, мәтіннің астын сызып отыру, т. б. ) ? б) өздеріңіз атаған стратегиялардың қайсысын оқушларыңыз көбірек қолданады? в) аталған стратегияларды оқушылар қаншалықты түсініп қолданылады?
10 мин
3. кестені толтыру. (әр қатысушы жеке толтырады) 10 мин.
Сіз және сіздің оқушыларыңыз стратегиялардың маңыздылығын түсінеді ме? Кестені толтырып, жұпта талдаңыз: