Кері әрекеттер: түсінігі және практикалық тапсырмалар

Сабақтың тақырыбы: Керi әрекеттер.
Нургалиева Гаухар Армияновна
«Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебі» ММ
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға керi әрекеттер түсiнiгiн беру.
- Оқушыларға берiлген тапсырмаларға керi әрекет жасауды үйрету.
- Заңдылықтарды анықтау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн қалыптастыру.
Тапсырма.
1. Керi әрекеттердi жаз.
Отыру - тұру
Ашу - жабу
Бөлмеден шығу - бөлмеге кіру
Тақтаға жазу - өшiру
Ақпаратты енгiзу - ақпаратты шығару
Ақпаратты сақтау - ақпаратты өшiру
Сурет салу - суреттi өшiру
2. Мақалдарды жалғастыр.
Шапқан . . . , жатқан қалар.
Көп жасаған білмейді, көпті көрген . . .
Мал сақтама, ар . . .
Көрдім деген көп сөз, . . . деген бір сөз.
Тіліңмен жүгірме, біліммен . . .
3. а) ШАНА сөзiнен ТАНА сөзiн қалай алуға болады? Осыған кері әрекет жаз.
“Ш” орнына “Т”-ны жаз
ә) Алма сөзiн Алша сөзiне қалай ауыстыруға болады? «М» орнына «Ш» әрпiн қой.
Орындалатын әрекеттердi жазып шық.
4. Керi әрекет пен оның нәтижесiн жаз.
- ТАС
“І”-нi “А”-ға ауыстыр
- МАЙ
“Т”-ны “М”-ға ауыстыр
- БЕЛ
“А”-ны “Е”-ге ауыстыр
- ДАРА
“Л”-ны “Р”-ға ауыстыр
- БАЛҒА
“Т”-ны “Ғ”-ға ауыстыр
Жауабы: ТIЛ-ТАС; ТАЙ-МАЙ; БАЛ-БЕЛ; ДАЛА-ДАРА; БАЛТА-БАЛҒА