Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақ : № 1

Күні:

Пән атауы : Информатика

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру, үнемі көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс әрекет ережелері жасауға дағдыландыру.

Табыс критерийлері :

1. Қауіпсіздік ережесін жатақа айта алады.

2. Көз жаттығуларын өз еркімен жасай алады.

3. Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсете аладыы сонымен қатар дер кезінде қандай әрекет ету керектігін біледі.

Қолданылған модульдер : «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер : "Шаттық шеңбері" ойыны. Жаңа сабақты байланыстырып топқа бөлу. "Миға шабуыл" әдісі, "қарлы қағаз" ойыны, "Ой қозғау" тәсілі, "Есте сақтайық"жаттығуы, "Критериалды бағалау" әдісі. Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ресурстар
Уақыт өлшемі:

Кіріспе

5 мин.

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңберін» құрғызу.

Орындарынан тұрғызып жазғы демалыс кезіндегі қызықты оқиғаларын айту арқылы жаңа сабаққа қызықтыра отырып жаңа оқу жылында информатика сабағына белсене қатысып информатиканың шыңына үлкен білім ұшағына мініп жетуіміз қажет екенін айтыу.

«Қарлы қағазы» ойыны

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

Оқушы іс-әрекеті:

Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар бір- қағаздан алып жаңа оқу жылына бір-біріне тілек жазады да шеңбер болып тұрып аспанға лақтырады. Қағып алған оқушы сол тілектерді өз жадында сақтайды.

Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Ресурстар: Қағаздар
Уақыт өлшемі:

Тұсаукесер

5 мин.

Мұғалім іс-әрекеті:

Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.

1. Информатика.

2. Компьютер.

«Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?

Жалпы қандай қауіпсіздік ережелерін информатика кабинетіне қосуға болады?

Оқушы іс-әрекеті:

Атауларға байланысты шағын топқа бөлінеді.

Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.

Ресурстар: АКТ
Уақыт өлшемі:

Негізгі бөлім

8 мин

15 мин

7мин

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру».

« Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру » тақырыбында конспекті жазу.

«Есте сақтайық» ойыны жазған конспектіге көз жүгіртіп дәптерді жабу арқылы есте сақтау қабілеттерін байқау.

Жалпы қауіпсіздік таларптар:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, разеткаларға тиісуге тыйым салынады.
  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
  3. Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
  4. Үстелге дербес компьютердің жанына сөмке, портфель, артық заттар қоюға болмайды.
  5. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жату керек.
  6. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
  7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай?

Ол үшін мына талаптарды орындау керек.

  1. Мониторға дейіінгі арақашықтықты 55-65 см -ден кем болмауы керек (созылған қолдың ұзындығы)
  2. Компьютер алдында жұмыс 25 минуттан аспауы керек.
  3. Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.
  4. Экранның ортасына қарау керек.
  5. Компьютермен жұмыс істегенде әрбір 10-15 минут сайын көзге арналған жаттығуларды орындай отыру керек.

Көзге жасалатын жаттығуларды түсіндіре отырып жасап көрсету.

Оқушы іс-әрекеті:

Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын ортаға салады.

Оқушылар 5 минут жұптасып ақылдасады, бір біріне бағыт бағдар береді.

Мәтінді жазу, өз ойларын салыстыра отырып қорғау.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін айтып шығады.

Ресурстар:

АКТ

Дәптер

Дәптер

Сағат

Уақыт өлшемі:

Қорытынды

5 мин

Мұғалім іс-әрекеті:

Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Кері байланыс.

Сабақ түсінікті болды. Сабақ түсініксіз болды.

Үйге тапсырма беру. Қауіпсіздік ережесін жаттау.

Оқушы іс-әрекеті:

Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.

Ресурстар: Смайликтер.

Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақ : № 2

Күні:

Пән атауы : Информатика

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық көрінісі

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсініктерін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерін білуге дағдыландыру.

Табыс критерийлері :

  1. Ақпарат түсінігін ұғына аламын. (1-4бал) 3деген баға
  2. Адам өмірінде ақпараттық рөлі қандай екенін білемін. (5-8) 4деген баға
  3. Ақпарат үдерісі дегеніміз не екенін білемін. (9-10) 5деген баға

Қолданылған модульдер : «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу».

Стратегиялық іс-әрекеттер : "Шаттық шеңбері", "Сұрақ-жауап", "Миға шабуыл", "Түртіп алу", "Диалогты оқыту", "Критериалды бағалау"

Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ресурстар
Уақыт өлшемі:

Кіріспе

5 мин.

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.

Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

Техника қауіпсіздік ережесі тақырыбындағы үй жұмысын сұрақ -жауап арқылы сұрайды.

  1. Компьютер сыныбында қандай ережелерді орындап жүру қажет.
  2. Көзге жасалатын жаттығулардың түрлерін атаңдар?

Бірден компьютерден сұрақтардың жауабының нәтижесі көрсетіледі.

Информатика кабинетінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі жайлы үйге тапсырма берілген.

Оқушы іс-әрекеті:

Оқушылар алдымен өздеріне жылы лебізін білдіріп содан соң бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Сұрақтарға жауа береді.

Компьютер кабинетінде қауіпсіздік ережесі жайлы түсінік береді.

Ресурстар: Слайдтар
Уақыт өлшемі:

Тұсаукесер

5 мин.

Мұғалім іс-әрекеті:

Топқа бөлу.
Сыныпты 3 топқа бөлу. Бүгінгі сабаққа қатыстырып топқа бөлу:

  1. Ақпаратты сақтау.
  2. Ақпаратты есту.
  3. Ақпаратты көру.

«Миға шабуыл» Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінеміз?

Оқушы іс-әрекеті:

Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.

Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.

Ресурстар:
Уақыт өлшемі:

Негізгі бөлім

15мин

15 мин

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Әлемнің ақпараттық көрінісі »

Оқулықтағы §2 Әлемнің ақпараттық көрінісі тақырыбын топтарға оқыту. Сол тақырып бойынша оқушылар өздеріне қажетті сөйлемді дәптерлеріне түртіп алу керектігін, содан сон оқушылар топтың ішінде бір-біріне түсіндіру керектігі айтылады. Постер қорғалады.

«Түртіп алу» стратегиясы.

«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді ұғымды білдіреді information сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат, күделікті тұрмысқа ғылымның әр түрлі саласына кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл -қозғалыс түрінде бере аламыз. «Ақпарат сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Адам ақпаратты үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда, сезім мүшелері, ақылмен ойлау, сөзбен жеткізу.

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.

-Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақытқа дейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақыт мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін қағаз, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.

Оқушы іс-әрекеті:

Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздеріне қажетті жерді түртіп алады да мағлұматтарын дәптерлеріне түсіреді, өз тобында талқылайды, постерге түсіріп 3 топ бір-біріне түсіндіреді.

Тақырыпты ортаға салады.

Өз пікірлерін постер арқылы қорғайды.

Оқушылар берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды.

Оқушылар компьютерде жасаған мәліметтерін қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.

Ресурстар:

АКТ

Оқулық

Постер

Маркер

АКТ

Компьютерлер.

Уақыт өлшемі:

Қорытынды

5 мин

Мұғалім іс-әрекеті:

Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Білдім. Білгім келеді.

Үйге тапсырма беру. §2

Оқушы іс-әрекеті:

Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.

Ресурстар: Смайликтер.

Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақ : № 3

Күні:

Пән атауы : Информатика

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері

Сабақтың мақсаты : Ақпарат ұғымын қайталай отырып, ақпарат саны мен ақпаратты өлшеу жолдары туралы мағлұмат береу, оқушыларға өз беттерінше әр бір ақпаратты өлшету, өлшем бірліктері туралы мәліметті қалыптастыру. Ақпараттың қасиеттерімен олардың арасындағы айырмашылығы жайлы түсінік беру.

Табыс критерийлері :

  1. Ақпараттың қасиеттерін білемін. (1-4бал) 3деген баға
  2. Ақпараттың дәлдігіне анықтама береіп мысал келтіре аламын. (5-8) 4деген баға
  3. Ақпараттың қандай жағдайда құнды екенін білемін. (9-10) 5деген баға

Қолданылған модульдер : «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу».

Стратегиялық іс-әрекеттер : "Шаттық шеңбері", "Сұрақ-жауап", "Миға шабуыл", "Диалогты оқыту", "Критериалды бағалау"

Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ресурстар
Уақыт өлшемі:

Кіріспе

5 мин.

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.

Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

Ақпарат және ақпараттық үдеріс тақырыбындағы үй жұмысын сұрақ -жауап арқылы сұрайды.

  1. Ақпарат дегеніміз не?
  2. Ақпараттық процесс дегеніміз не?
  3. Ақпарат пен мәліметтердің айырмашылығы?
  4. Ақпараттық процестер?
  5. Адамның ақпаратты қабылдау тәсілдері неше топқа бөлінеді?
  6. Бейнелеу тәсілі бойынша неше топқа бөлінеді?

Бірден компьютерден сұрақтардың жауабының нәтижесі көрсетіледі.

Оқушы іс-әрекеті:

Оқушылар алдымен өздеріне жылы лебізін білдіріп содан соң бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Сұрақтарға жауа береді.

Ресурстар: Слайдтар
Уақыт өлшемі:

Тұсаукесер

5 мин.

Мұғалім іс-әрекеті:

Топқа бөлу.
Сыныпты 2 топқа бөлу. Бүгінгі сабаққа қатыстырып топқа бөлу:

  1. Ақпаратты өлшеу.
  2. Ақпараттың қасиеттері.

«Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар адам ақпаратты өлшей алады ма? Ақпараттың қасиеті дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушы іс-әрекеті:

Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.

Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.

Ресурстар:
Уақыт өлшемі:

Негізгі бөлім

15мин

15 мин

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Ақпараттың қасиеттері »

Оқулықтағы §3 Ақпараттың қасиеттері тақырыбын топтарға оқыту.

ЖИГСО әдісі бойынша екі топқа тақырыпты оқуды беру

Ақпараттың қасиеттері - шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық.

Кез келген нысан сияқты ақпараттың да қасиеттері бар. Термометдің көмегімен температураны өлшеу арқылы сендер құралдардың нақтылығына дәлдігі тәуелді ақиқат ақпарат аласыңдар. Ақиқат ақпаратты тек қана дұрыс өлшеу құралдары арқылы алуға болады. Мысалдан көргендей, адамның түйсігіндегі ақпарат өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Тапсырмалар:

1. Ақпараттың қасиеттерін түсіндіретін мысалдар келтіріңдер: шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық.

2. Сөйлемдерді аяқтаңдар:

Егер ақпарат біреуге қажет болса және оны пайдалану мүмкін болса, онда . . . . Ақпарат . . . шындықты бейнелейді.

Барлығына түсінікті тілімен берілген ақпаратты . . . деп атайды. Егер ақпарат шешім қабылдауға жеткілікті болса, . . . . Дәл уақытында алынған ақпарат . . . болады.

3. Қандай жағдайларда қысқаша ақпарат қажет?

Оқушы іс-әрекеті:

Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздеріне қажетті жерді оқып шығып, миларына сақтап алады да постерге түсіріп 2 топ бір-біріне түсіндіреді.

Тақырыпты ортаға салады.

Өз пікірлерін постер арқылы қорғайды.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар тапсырмаларды орындап дұрыс жауаптарын өз дәптерлеріне жазып, қорғап шығады.

Ресурстар:

АКТ

Оқулық

Постер

Маркер

АКТ

Дәптер,

Оқулық.

Уақыт өлшемі:

Қорытынды

5 мин

Мұғалім іс-әрекеті:

Бағалау критериясы

:
:
:
:
:
:
:
:
:

Кері байланыс.

Үйге тапсырма беру. §3

Оқушы іс-әрекеті:
Ресурстар: Аты-жөні
сыныбы
5
4
3
2
1
Ақпараттың қасиеттерін білемін
2
Ақпараттың дәлдігіне анықтама береіп мысал келтіре аламын
3
Ақпараттың қандай жағдайда құнды екенін білем

Бағалау критериясы кестесін толтырады.

Смайликтерді жабыстырады

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.

Бағалау парағы

Смайликтер.

Күнделік.

Уақыт өлшемі:
Мұғалім іс-әрекеті:
Оқушы іс-әрекеті:
Уақыт өлшемі:
Мұғалім іс-әрекеті:
Оқушы іс-әрекеті:
Ресурстар:
Уақыт өлшемі:
Мұғалім іс-әрекеті:
Оқушы іс-әрекеті:
Ресурстар:
Уақыт өлшемі:
Мұғалім іс-әрекеті:
Оқушы іс-әрекеті:
Ресурстар:
Уақыт өлшемі:
Мұғалім іс-әрекеті:
Оқушы іс-әрекеті:
Ресурстар:

Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақ : № 4

Күні:

Пән атауы : Информатика

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды ақпаратты қорғауға, зақым әкелетін нысандарды анықтауға және вирус жұққан файлдарды емдеуге сондай-ақ файлдардың немесе операциялық жүйенің тұтастай зақымдануының алдын алуға үйрете отырып вирусқа қарсы программалдарды қолдану тәсілдерін қалыптастыру.

Табыс критерийлері :

  1. Вирус деген не екенін білемін.
  2. Компьютерде вирустар қалай тарайтынын білемін.
  3. Вирусқа қарсы программалармен жұмыс жасай аламын.
  4. Вирусқа қарсы программалардың түрлерін білемін.

Қолданылған модульдер : «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер : "Шаттық шеңбері", "Миға шабуыл", "Мені түсін", "Шеңбер бойымен әңгіме", "Мені түсін", " Критериалды бағалау "

Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ресурстар
Уақыт өлшемі:

Кіріспе

3 мин.

7 мин

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.

Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

Осы шеңберді бұзбай біз «Ақпараттың қасиеттері» тақырыбында не білетіндерін білу мақсатында үй жұмысын сұрайды.

«Шеңбер бойымен әңгімелесу» ойыны.

Ойын шартымен таныстыру. Ортада тұрған мұғалім кез-келген оқушыға нұсқау береді, мәтінді ойдан жаңғырту ойыншы бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстаймыз. Ең белсенді оқушыны анықтаймыз.

Оқушы іс-әрекеті:

Оқушылар бір-бірлеріне есімдерінің бас аріпі бойынша жаныдағы достарына жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Оқушылар өткен тақырып бойынша сабаққа дайындығын көрсетеді.

Ресурстар:
Уақыт өлшемі:

Тұсаукесер

5 мин.

Мұғалім іс-әрекеті:

Топқа бөлу.
Сыныпты 2 топқа бөлу. Жаңа сабаққа байланыстырып топқа бөлу:

  1. Вирус.
  2. Антивирус.

«Миға шабуыл» Вирус дегенді қалай түсінесіңдер?. Вирусты биз коре аламыз ба?

Оқушы іс-әрекеті:

Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.

Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.

Ресурстар: АКТ
Уақыт өлшемі:

Негізгі бөлім

15мин

10 мин

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар»

«Мені түсін» ойыны

Шарты: Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын талап етеді.

Қарсылас топтардын түйін сөздерімен салыстырып бір-бірін оқытады. Кімнің осы түп нұмқамен сәйкес келген сөздері көп болса сол оқушыға қошемет корсетеді.

Содан соң жеке дербес компьютерге отырады.

Компьютерде тапсырмалар орындау:

Оқушыларға оқулықтағы 25 беттегі Адеңгейлі, В деңгейлі, С деңгейлі тәжірибелік жұмысты компьютерде орындаттыру.

Оқушы іс-әрекеті:

Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын парақшаларға түсіреді қарсылас топтардын түсінігімен

салыстырмай тұрып топтың мүшелері топ ішінде талкыға салып өздерінің арасында әнгіме жүргізеді. Топтармен салыстырады.

Оқушылар берілген тәжірибелік жұмыстарды компьютерде орындайды.

Оқушылар компьютерде жасаған мәліметтерін қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.

Ресурстар:

АКТ

Оқулық

Дәптер

АКТ

Оқулық

парақша

АКТ

Компьютерлер.

Уақыт өлшемі:

Қорытынды

5 мин

Мұғалім іс-әрекеті:

Өзіңді тексер!

  1. Вирус - ол . . .

А) дискілерді тексеру құралы.

В) файлдарды көшіруге арналған программа.

С) операциялық жүйедегі қателердің салдары.

Д) көбебге қабілетті зақымдаушы программа.

2. Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?

А) модем

В) электрондық пошта

С) қатты диск

Д) ажыратып алынатын тасығыштар.

3. Антивирус - ол . . .

А) Файлдарды сығуға арналған программа.

В) файлдарды көшіруге арналған программа.

С) компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа

Д) вирустарды құруға арналған программа.

Критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Кері байланыс. Түсті үлдер арқылы. Қысыл түс өте жақсы түсіндім, сары түс жақсы түсіндім, көк түс түсініксіз болды.

Үйге тапсырма беру. §4

Оқушы іс-әрекеті:

Тест сұрақтарына жауап береді.

Әр топ ішінен топ басшысына бағалау парағы берілген. Бағалау парағы арқылы бағалау.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.

Ресурстар:

Интербелсенді тақта

Смайликтер.

Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақ : № 5

Күні:

Пән атауы : Информатика

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программасы.

Сабақтың мақсаты Оқушыларға ақпаратты сығу, олардың түрлері, ақпараттың қызыметтері туралы түсініктерін қалыптастыру. Мұрағаттау программаның маңызы жайында түсінікті қалыптастыра отырып, Win RAR. exe, Rar. exe маңызын түсіндіру. 7-zip программасы архивтеуші программаға байланысты екендігі жөнінде хаабардар бола отырып, екі мұрағаттаушы программаның айырмашылықтарын қалыптастыру.

Табыс критерийлері :

  1. Мұрағаттаушы программаға анықтама бере аламын.
  2. Мұрағаттау программасының түрлері мен атқаратын қызметін білемін.
  3. Компьютерде файлдарды мұрағаттай аламын және оны қайтадан мұрағаттаудан босата аламын.

Қолданылған модульдер : «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Қалай оқу керектігін үйрету», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер : "Шеңбер ішіндегі әңгіме", "Миға шабуыл", "Мазайка", "Критериалды бағалау"


Ұқсас жұмыстар
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Ақпаратты өңдеу тәсілдер
Ақпаратты сығу
Ақпараттың қасиеттері
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 5-сынып, информатика
Жиектерді v- тәрізді пластиндерді түйістіріп, тік бағытта пісіру
Пернелер тобы
Информатика пәнінен оқу бағдарламасы
Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері
Вирусқа қарсы программалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz