Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: алгоритмдері, қасиеттері және есеп шығару дағдылары

Сабақтың тақырыбы: «Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу »

Сабақтың мақсаты:

а) Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу алгоритмін қолдана білуге, қасиеттерді білуге үйрету.

ә) Есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ережелерді тиімді қолдана білуді меңгерту, есеп шығаруда ойлау, ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.

б) Жауапкершілікке, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, кітап, дәптер.

Әдіс-тәсілдер: есептер шығару, тест.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Оқулықпен жұмыс
  4. Ойла да тап
  5. Сергіту сәті
  6. МАБ-қа дайындық
  7. Үйге тапсырма
  8. Қорытындылау
  9. Бағалау

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныппен амандасып, кезекшінің көмегімен оқушыларды түгендеу.

Слайд-2: бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру: оқулықпен жұмыс,

МАБ есептері(тест), Ойлан да тап, Қорытынды.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Слайд-3: Алдын-ала даярлық тапсырмасы. Оқушыларды орнынан тұрғызып оқытып тексеру.

№270 (5, 6, 7, 8) ; №271 (1, 2)

5) 6) 7) 8)

1) 2)

1) Рационал бөлшектерді көбейту ережесі қалай тұжырымдалады?

2) Рационал бөлшектерді бөлу үшін қандай алгоритмді қолданамыз?

3) Ойланайық (ауызша есептер)

1) 2) 3) 4) 5)

  1. Оқулықпен жұмыс:

Слайд-5: Кітаптің 101 бетіндегі №273 (6, 7, 8) жаттығуды шығарамыз.

Келесі, осы беттегі №275 (3, 7) жаттығуды шығарамыз.

  1. Ойлан да тап:

Слайд-6:

1) 2) 3) 4)

5. Сергіту сәті: Логикалық есептер арқылы оқушыларды сергіту.

Слайд-7:

  1. Стол басында 2 әке, 2 бала отыр. Олар үш адамға тамақ алды. Бұл қалай?
  2. Ыдыста 8 бауырсақ бар еді. Сегіз балаға бір-бірден бергенде ыдыста 1 бауырсақ қалды. Бұл қалай?
  3. 2 мен 3 арасына қандай таңбаны қойғанда, 2-ден артық 3-тен кем сан шығады?

6. МАБ-қа дайындық (тест) :

Слайд-8:

1) 2) 3)

Слайд-9: Тесттің жауабын тексерейік.

1) е 2) в 3) с

  1. Үйге тапсырма:

Слайд-9: №273 (4, 5), №275 (1, 5)

8. Қорытындылау:

Слайд-10:

Рационал бөлшектерді көбейту алгоритмі:

Рационал бөлшектерді көбейту үшін, олардың алымдарының көбейтіндісін алымына, ал бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазу керек. Мүмкін болған жағдайда қысқартуды орындаймыз.

Рационал бөлшектерді бөлу алгоритмі:

Рационал бөлшектерді бөлу үшін екінші бөлшекті кері бөлшекке айналдырып бірінші бөлшекке көбейті керек.

9. Бағалау.

Сабақ аяқталды. Көңіл бөлгендеріңізге рахмет. Сау болыңдар!


Ұқсас жұмыстар
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: есеп шығаруға арналған білімді бекіту сабағы
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: қайталау және практикалық бекіту
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: ереже, есептер және бекіту
Рационал (алгебралық) бөлшектерді көбейту және бөлу: теория мен практикалық қолдану
7-сынып: Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу - қайталау сабағы
7-сынып Алгебра: Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу - сабақ жоспары
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: бекіту сабағының жоспары мен деңгейлік тапсырмалары
7-сыныптағы рационал бөлшектерді көбейту және бөлу тақырыбы бойынша қайталау сабағы
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: ашық сабақ (Бестерек орта мектебі, Ақжар ауданы)
Рационал бөлшектерді көбейту мен бөлу және өзара кері өрнектер: 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz